Матов Ғабдұлман

Матов Ғабдұлман (1914, бұрынғы Орал облысы Жәнібек ауданы — 1942, Харьков қ. маңы) — дирижер, домбырашы, сазгер. Қазақтың халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі.

Ол жасынан Құрманғазы, Мәмен, Түркеш, Мүсірәлі, Сейтек, Соқыр Есжан, т.б. өнерпаздардың күйлерін домбырада шебер орындаған. ‘1934 ж.Алматыда өткен халық өнерінің Бүкілқазақстандық 1-слетіне қатысып, күйшілік өнерімен көзге түсті. Матов халық аспаптар оркестріне домбырашы болып қабылданып, кейінірек көмекші-ассистент дирижері, домбырашылар тобының концертмейстрі болды. 1935 ж. Балқаш қалсында, ал 1939 ж. Қарағанды қаласында халық аспаптар оркестрлерін ұйымдастырды. Ол “Қарабас”, “Жастық шақ” атты күйлер мен “Отан үшін”, “Біз жеңеміз”, “Туған жер”, т.б. әндерді шығарған. Ә. Телғозиев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *