Майтөбе

Майтөбе – ежелгі бекініс орны. Бабата ауылының батыс жағында 7 км жерде. М-ні 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бекіністің айналасы дуалмен қоршалған. Қазір дуалдың құлаған орны төбе болып жатыр. Төбе үстінен теріп алынған құты, сапты аяқ, керсен, көзенің сынықтарына қарағанда Майтөбе тұрғындары 11–15 ғасырларда өмір сүрген.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *