Күйіс қайтаратындар

Күйіс қайтаратындар. Бұл отряд тармағына қарынының құрылысы күрделі жануарлар жатады.

Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда қайтадан дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп тұяқтылардың басым көпшілігі жатады.
Бұлардың шошак, тістері мен II және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.
Көн табандылар (Туlороdіа) тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бұлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған. II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып, қозғалады. Бұларда қарыны басқа күйіс қайыратын-дармен салыстырғанда күрделі емөс.
Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті (Саmеlиs Ъасігіаnus) түйе сақталған. Бір өркешті түйенің — нардың (С. dгоmеdагius) тек қана қолға үй-ретілген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе — Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Өйткені, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйе-лер шөлге шыдамды келеді.
Американың көн табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерді мекендейді, мысалы, гуанако (Lаmа һиапасһиs) және викунья (L. vісиgпа). Бұлардың қолға үйретілген екі түрі белгілі: лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты көлік есебінде және жүні, еті үшін ұстайды.
Бұғы тұқымдасына (Сегуісіае) дене құрылысы сұлу, тұяқты, терінің кутис бөлімінен өсетін, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар жатады.
Солтүстік бұғыларынан (Rапgifег tагапсlus) басқаларында мүйіз тек қана еркектерінде болады. Тіс формуласы:
Тропиктік Африка мен Австралиядан басқа құрлықтың бар-лығына дерлік тараған. Бізде бұлардың 7 түрі кездеседі: Сол-түстік бұғысыньщ (Rапgіfег tагапdиs) еркегінде және ұрғашы-сында да мүйіз болады. Жас бұғылар теңбіл болмайды. Евра-зияның және Солтүстік Американың орманды далаларының көпшілігіне және тундраның барлық жеріне тараған. Бұғылар-ды қолда үйрету негізінен тундрада іске асырылған. Ақ марал немесе марал (Сегvиs еlарһиs) Батыс Европада, Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда, Оңтүстік Сибирьдің тауларына тара-ған Олар орманды жерлерді мекендейді.
Теңбіл марал (Сегvиs һогtulогиm) өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіндегі ормандар-да мекендейді. Бүл соңғы екі маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жа-салады. Бұғылардың ең ірі түрі — булан немесе суын (Аlсеs аlсеs) Европаның, Сибирьдің және Оңтүстік Американың ор-манды бөліктеріне тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашы-лығы бұлар табын құрамайды. Қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда. Елік (Саргеоllиs саргеоlиs) — мүйізі азғана бұтақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұлар Ев-ропаның және Оңтүстік Сибирьдің орманды және орманды-да-лалы зоналарында, Қырымда, Кавказда, Орта Азияның тауларында кездеседі. Бұлардың бұғылардан ерекше бір түрі—құдыр (Мозсһиs тоsсһіfегиs) болып есептеледі. Оның мүйізі жоқ, ал еркектерінің жоғарғы жағындағы шошақ тістері жақсы жетілген, кейде сойдиып ауызынан шығып тұрады. Олар Шуғыс Сибирьдің таулы ормандарын мекендейді.
Бұғылардың барлығының да өнеркәсіптік маңызы зор. Олардың еті және терісі пайдаланылады. Парфюмерия өндірісінде лайдаланылатын жануар мускусының негізгі көзі — құдыр мус-кус безі болып саналады. Солтүстік бұғылары қолға үйретіліп, көлік есебінде пайдаланылады. Олардың терісі замшы (жеділ өндірісте) жасауға қажет материал және шикі зат болып саналады. Медицинада маралдардың пантасын пайдаланады.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Саvісогпіа). Бұлардың маңдай сүйегі өсіндісінің сыртын қаптап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің малыгагий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек қана Американың айыр мүйізді бөкенінің (Апtilсарга) мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды.
Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралия-дан басқа барлық жерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері мыналар.
Бөкендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде кездесетін қарақұйрық (Gаzеllа sиЬgиttигоsа)—Закав-казьенің шығысында, Орта Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ бөкён (Sаіgа tatгіеа)—Қазақстанның далалы жерлерінде тараған Кавказ бен Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар орман бөкені — серна (Кирісарга гирісарга) тіршілік етеді.
Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның және Оңтүстік Сибирьдің тауларына таралған. Мысалы, ешкілерден — Кавказдың турлары (Сарга саиеаsіса, С. суіішігісогшз), Сибирьдің ешкімүйізі (Сарга sіЬігіса). Жа-байы ешкілер жартасты биік тауларды мекендейді және олар 20—30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады. Муфлон (Оvіs орһіоп) Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы жылдары олар Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азиянын, тауларында жабайы қой — архар деген ірі түрі кездеседі. Жабайы қойлардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі — таудың жартассыз, барынша тегіс жеріне жа-йылады. Қыста бірнешеуі (100 аса) бірігіп, топтанып жүреді. Архардан үй қойларыньщ әр түрлі жаңа тұқымдары шығарыл-ған.
Жабайы өгіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялык, (ВиЬаІиs ЬиЪаІus) және Африкалық (В. саffег) буйволдар, Үндістанда — бантенг (ВіЬоs Ъапtеng), гаял (В. frontаlіs) және гаур (В. gаигиs) жатады. Бұлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (қодас) (Роерһаgиs gгunпіепs), Солтүстік Америкада — бизон (Віsоп Ьіsоп), ал бізде зубр (Віsоп Ьопаsиs) деген бір ғана түрі кездеседі. Бұларды бұрын зубрлар мекендеген Солтүстік Кавказдық ормандарында, Москваның түбінде (Серпухов ауданында) табиғат жағдайында көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.
Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі — тур (Воs ргіmigепlus) тіршілік еткен. Оны XVII ғасырда құртып жіберген.
Жоғарыда көрсетілген түрлерден — бантенг, гаял, буйвол, қодас ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур — осы замандағы көптеген мүйізді ірі қараның арғы ата-тегі бо-лып саналады.
Жирафтар тұқымдасы (Gігаffidае) тек қана Африкаға тән жануар. Олардың алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі болады. Екі түрі бел-гілі. Бірінші — окапи (Оkрtа jоһпstопі) — Орталық Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қысқарақ жануар. Екінші — жираф (Sігаffа саmеlеораг-(dаlіз) — Шығыс және Орталык Африканың саванналарында кездеседі. Мойны мен алдыңғы аяғы өте ұзын болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен қоректенеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *