Кобаламин /В,2 витамині, антианемиялық/

Кобаламин /В,2 витамині, антианемиялық/
XIX ғ. ортасында асқазанның сілемей қабаттарының дертке шалдығатындығы мен қанда шамадан тыс мөлшері жағынан едәуір жетілмеген қызыл қан түйіршіктері кездесетіндігі туралы анықталып, бұл ауруды пернициозды анемия деп атады. Мұны жұқпалы аурулар қатарына жатқызып көп уақытқа дейін емдеу тәсіл табылмады.

1926 жылы осы қатерлі қан азаюына қарсы адамдарға шикі бауырды бергенде, оның қан құрамын жақсартуға пайдасы тигендігі байқалды. 1948 жылы бауырдан структурасы жағынан қан геминіне ұқсас, құрамында кобальт бар, жаңа витамин кристалдық түрде бөлініп алынады. Бұл құрамы жағынан өте күрделі қосылыс В12 витамині немесе цианкобаламин болатын. Ол дені сау адамның асқазан сөлінде кездесетін, құрамында 11—12 % гексамині бар, мукопротеин — белогі екен.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *