Жер қыртысы

Жер қыртысы жердің сыріқы қатты бөлігін кұрайды. Оның шекарасын ең алғаш аныктаған югославия ғалымы, сейсмолог Андрей Мохоровичич (1909) болды.

Сондықтан, бұл шекара ғалымның құрметіне “Мохоровичич шекарасы”, қысқаша “Мохо (м) деңгейі” деп аталады.

Жер қыртысының қалыңдығы 5—8 км-ден 70—75 км-ге дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Оның құрылысы мен құрамы континент-тер мен мұхиттар түбінде бірдей емес (III. 7-сурет).

Континенттерде жер қыртысыньщ орташа қалыңдығы 35—40 км (жазық алқаптарда), кейде таулы аймақтарда 50—75 км-ге дейін жетеді.

Жер қыртысының континенттік тегі үш қабаттан (жоғарыдан төмен қарай): 1) шөгінді (5—20 км); 2) гранитті-гнейс (10—30 км); 3) габбро-базальт (5—40 км) секілді тау жыныстарынан құралады. Ал мұхиттық тегі—шөгінді (1,5—2 км), кейде вулканогенді-шөгінді және базальтты (4—8 км) қабаттардан тұрады (III. 8-сурет). Мұхит түбінде гранитті қабат болмайды.

Австрия ғалымы В. Конрад (1925) гранитті-гнейс және базальт қабаттарының аралығында (10—30 км-дей тереңдікте), тек материктерде ғана кездесетін сейсмикалық шекараның болатындығын анықтайды. Бұл шекара “Конрад жазықтығы” немесе қысқаша “К” деңгейі деп аталады.

Читайте также:

1 комментарий

  1. гулсулу:

    жаксы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *