Жер сыртының қабаттары

Жер сыртының қабаттары. Жер Күн жүйесіне қарайтын басқа планеталардын. ішінде, тоқтаусыз даму үстіндегі планета ретінде, орталық симметрияға бағынатын әр түрлі геосфералардан тұрады.

Олардың әрқайсысы өзіндік физикалық-химиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Жер қабаттары (геосфералар) сыртқы және ішкі қабаттарға ажыра-тылады.

Жердің сыртқы қабаттары — атмосфера, гидросфера және биосфера біздің планетамыздың басқа планеталармен салыстыр-ғандағы, өзіндік ерекшеліктері болып саналады. Сондықтан да олар жер қыртысының құралу және даму барысында маңызды роль атқарады.

Жердің сыртқы қабаттарына ортақ қасиет — олардың тез өзгергіштігі. Жердің геосфералары бір-бірнен өте тығыз байла-нысты. Егер олардық біреуінің құрамы сәл өзгерсе,қалғандары да соған сәйкес тез арада өзгеріске ұшырап отырады. Басқаша айтқанда, олардың арасындағы материя және энергия алмасу әрекеттері ешуақытта да тоқталмайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *