Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Етістіктің сөйлемдегі қызметі
1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Кел, балалар, оқылық (Ы. А.). Жартаска бардым, күнде айғай салдым (А).

Тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларсыз-ақ та сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қонақтар көрмені көруде. Класс міндеттемесінің негізгі бір мәселесі — сабақ үлгірімін жақсарту.
2. Етістік көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын, әр түрлі қасиетін (себебін, мақсатын т. б.) білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ақырындап атты алтын таң (Қ. А.). Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре-түра тексермедім (А).
Түйық етістік септеліп (барыс, шығыс, жатыс, көмектес), кейбір шылаулармен тіркесіп келіп сөйлемде пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған (Ы. А.). Оқу ушін осында келді.
3. Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында атау септікте келіп заттанып, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көрмес— түйені де көрмес (мақал). Жақсы оқу — әр оқушының міндеті. Іздеген жетер мұратқа.
4. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп, анықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді (мақал). Білудің шегі жоқ. Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен (мақал).
5. Етістік есімше не түйық етістік тұлғаларында септеліп келіп, атау мен іліктен басқа септіктерде толықтауыш қызметін де аткарады. Мысалы: Ұстаздық қылган жалықпас үйретуден балаға (А). Білгенге маржан, білмеске арзан (А).— Сіз қандай жауды құлатқаныңызды білесіз бе? (Ә. Н.) Енді оған сөйлеуді қойдым.
Етістікті морфологиялық жағынан талдаудың тәртібі.
1. Етістіктің түбір тұлғасы (негізгі я туынды түбір) мен құрамы (дара я күрделі етістік) және әрқайсысының ерекшеліктері мен белгілері (туыңды түбір болса, қандай сөз табынан және қалай жасалған: күрделі етістік болса, негізгі етістігі мен көмекші етістігін көрсету).
2. Білдіріп тұрған мағынасы (қимылды, әс-әрекетті білдіру немесе қимылдың амалын, себебін, мақсатын білдіру) және сұраққа жауап беруі арқылы сөйлемде атқарып тұрған қызметі (қандай сөйлем мүшесі болып тұрғаны).
3. Етістіктің грамматикалық тұлғалары немесе морфологиялық құрамы: 1) етіс тұлғалары; 2) болымсыз етістік тұлғасы, 3) рай немесе есімше я көсамше түлғалары және шак көрсеткіші; 4) жақ (жіктік) жалғауы я септік, көптік, тәуелдік жалғаулары.
Үлгі: Туғанда дуние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең (А).
туғанда 1) дара етістік, 2) ашу қимылының мезгілін білдіріп, қашан (ашады?) деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш кызметін атқарып тұр, 3) түбірі -ту, -ған,— өткен шақ есімше жұрнағы, -да — жатыс септік жалғауы, ашады — 1) дара етістік; 2) ашу қимылын білдіріп, (өлең) не істейді? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып тұр. 3) түбірі -аш, -а көсемше жұрнағы, ауыспалы осы (келер) шақ мағынасын біддіріп тұр, -ды,— III жақ жіктік жалғау; кірер — 1) дара етістік; 2) кіру қимылын білдіріп, (денең) не істер? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып тұр: 3) түбірі -кір, -ер — есімше жұрнағы, болжалды келер шақ мағынасын білдіреді, ІІІ жақта қолданылған (формасыз тұлға я нольдік форма).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *