Есімше

Есімше
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрскетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Ардақ бағана кетіп қалған (Ғ. Мұст). Сен менің айтқанымды ұгып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің (Ы. А.). Егер үлгіре алсам, Ақтөбеге де барып қайтпақпын (Ы. А.). Абай қажымай, жалықпай ылги ғана ынтыга тыңдайтын (М. Ә.).

Берілген сөйлемдерде кетіп қалған, өсерсің, тыңдайтын деген етістіктер есімше тұлғаларында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған — 3-жақ, өс-ер-сің — 2- жақ, тыңда-йтын — 3-жақ қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда: Ардақтың кетіп қалуы (Ардақ кетіп қалган)— өткен шақты білдіріп тұр; сенің өсуің (сен өсерсің)— келер шақты білдіріп тұр. Сөйтіп, бұл сөйлемдердегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты (еткен шақ немесе келер шақ) білдіріп, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп тұр. Бұл — есімшенің етістікке тән касиеті. Кейде есімше тұлғалы етістік бүтіндей басқа мәнде, басқаша қызметте қолданылады: етістікке тән болып келетін белгілі бір заттың қимылын емес, керісінше заттың сындық қасиетін, қатыстық белгісін білдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады. Ондайда есімше тұлғалы етістік бір зат атауын анықтап тұрады немесе септеліп, кептеліп, я тәуелденіп жұмсалады. Мысалы: Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен (Ы. А.). Баладан қорыққанына Жұмабай ұялды да, ыза болды (М. Ә.). …Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің (Ы. А.). Наразы боларын да, құптарын да білмеді (М. Ә). Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді (мақал).
Берілген сөйлемдегі әкел-гені, қорық-қан-ына, ал-ған, түс-кен-ін, (наразы) бол-ар-ын, құп-тар-ын, өс-ер деген есімшелер етістік мәнінде емес есім сөз таптары мәнінде қолданылған және сөйлемдегі қызметі де өзгеше. Бірінші сөйлемдегі әкелгені сөзі не? (не қуыршақ екен?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудын 3-жағында (-і) атау септік тұлғасында тұрып заттанып, сөйлемнің бастауыш кызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде қорыққанына сөзі неге? (неге ұялды?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында (-ы), барыс септік тұлғасында (-на) тұрып заттанып, сөйлемнін толықтауыш қызметін атқарып тұр. Үшінші сөйлемде алған деген есімше қандай? (қандай немесе қай шие?) деген сұраққа жауап беріп, шие сөзін анықтап тұр және түскенін сөзі нені? (нені аламын деп?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында (-і), табыс септік тұлғасында (-н) тұрып заттанып, тура толықтауыш қызметін атқарып тұр. Төртінші сөйлемде (наразы) боларын, құптарын сөздері нені (нені білмеді?) деген сұракқа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында і (-ы), табыс септік тұлғасында (-Н) тұрып заттанып. тұра толықтауыш қызметін атқарып тұр. Соңғы сөйлемде өсер сөзі қандай? (қандай елдің?) деген сұракка жауап беріп, елдің деген сөзді анықтап тұр. Есімше тұлғалы сөздердің бұндай қолданысында етістікке тән қасиет жок, керісінше сын есім мен заттанып барып зат есімнің орнына жұмсалған. Сондықтан да есімше етістіктің ерекше түрі деп аталады.
Қосымша мағлұмат:
1. Есімшенің жасалуы мен түрлері
2. Есімшенің тәуелденуі
3. Есімшенің септелуі
4. Есімшенің жіктелуі
5. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *