Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі

Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі
Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.
1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ. (Ж. Молдағалиев).

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Мысалы: Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін (С. Мыңжасарова). Жалғыз сенен айырылып, Артына қарап аһ ұрдым (А).
3. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, аныктауыш болады. Мысалы: Ешбір дарынды ақын, ешбір дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті аркылы дүние жүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек. (Ғ. М.). Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол (А). Бұл сұрауға жауап бермей, аз отырып барып сөйледі. (С. М.). Бірнеше жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ. Қайырбеков).
4. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарыңда үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев). Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. (С. Дөнентаев).
5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады. Мысалы: Менің іздегенім — сенсің. Әнеугі келген бала — осы. Сен нешіншісің?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *