Батыс Қазақстан облысының тарихы
Батыс Қазақстан облысының тарихы
Мазмұны
1 Тарихы
2 Көне грек авторлары еңбектерінде
3 Батыс Қазақстанның тайпалары
3.1 Ғұндар
3.2 Оғыздар
3.3 Мекендеген жері
3.4 Оғыз мемлекетінің құрамы
3.5 Әдет-ғұрпы
4 Қыпшақтар мен қимақтар
4.1 Басты кәсібі
4.2 Половецтер
5 Батыс Қазақстан жерінде Жошы ұлысы
5.1 XV-XVI ғасырлардағы басты кәсібі
6 XVII ғасырдың бас кезі
7 Көшіп-қонуға тыйым салу
8 Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
9 Патша үкіметі саясаты
9.1 Қазақтардың толқуы
9.2 11 наурыздағы Жарлығы
9.3 Сырым батыр көтерілісінің ұйытқысы
10 Патша үкіметі мақсаттары
11 XIX ғасыр
11.1 XIX ғасырдың 2-жартысы
12 Әлеуметтік құрылым
12.1 Халықтың этникалық құрамы
12.2 Экономикалық өмірі
12.3 Бөкей Ордасында Жәңгір хан билігі
12.4 Орал социал-демократиялық ұйымы
12.5 1-орыс революциясы
13 Патша өкіметінің аграрлық саясаты
14 Көтеріліс
14.1 Қала жұртшылығының демонстрациясы
15 Облыс қазақтарының съезі
15.1 Съезд өкілдері
15.2 Облыстық Кеңестер съезі
16 Азамат соғысы
17 Халық шаруашылығын қалпына келтіру
18 II-дүние жүзілік соғыс жылдарында
18.1 «Коминтерн» ұжымшары
18.2 Соғыс жылдарында
18.3 Соғыстан кейінгі жылдарда
19 Тәуелсіздік жылдары
20 Пайдаланған әдебиттер
Тарихы
Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басында-ақ Еділ-Жайық өңірінде кешенді мал, егін шаруашылығы қалыптасты («Қазақ ССР тарихы», 1-том. А., 1980, 105-бет). Табиғи-климаттық жағдайдың өзгеруі б.з.б.1-мыңжылдықтың басында далалардың құрғауына әкелді, осы кезден бастап көшпелі жене жартылай көшпелі сипаттағы мал шаруашылығы жедел дамыды, ол әуелі шаруашылық жүргізудің негізі, содан соң басым түріне айналды.
Көне грек авторлары еңбектерінде
Көне грек авторлары, әсіресе Геродот өзінің еңбектерінде антика дәуірінде Еуразияның оңтүстік даласын мекендеген тайпалардың жалпы аты ретінде «скиф» терминін, олармен көршілес массагет, савромат (кейіннен — сармат), аргиппей, асси, пасиан, сакараул (сакараук) жөне басқа атауларды қолданған. Геродоттың айтуынша, Батыс Қазақстан өңірінде савроматтар тірлік кешкен. Савромат этнонимі кебіне екі мағынада — тайпалардың өз атауы ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданылған. Б.з.б. 2 ғасырда грек-рим жиһанкездеріне (Страбон, т.б.) савроматтардың «аорс» атты бір тайпасы белгілі болды, олар оңтүстік Орал өңірінен шықса керек. Геродоттың жазуы бойынша, савроматтардың сырт жағын будиндер, ал олардан солтүстікке таман фиссагеттер мен иирктер мекендейді. Одан ері «биік таулардың етегінде», сірә, оңтүстік-шығыс Орал өңірінде өмір сүрген аргиппейлер тайпасы аталады. Олар рулық, тайпалық бөлімшелер ретінде тілі бір, тегі ортақ скиф және сармат тайпаларының этномәдени бірлігіне кірген Б.з.б. 7-4 ғ-ларда савромат тайпалары Қара теңіз өңірінің скифтерімен, оңтүстікте үлкен Хорезм мен Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас жасады. Сарматтардың антропологиялық пішімі мен дене түрпаты Жерорта теңізі төңір егіне тән нәсілдік типпен теркіндес келеді.
Батыс Қазақстанның тайпалары
Батыс Қазақстанның кейбір тайпаларының тұрмыс-тіршілігінің негізі үздіксіз көшпелі мал шаруашылығы болды (б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысы). Мұндай көшпелі тұрмыс-салты табиғи климаттық жағдайға байланысты өзгермей сақталды, тіпті 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басындағы авторлар жазбаларында облыс қазақтарының көпшілігі осындай көшпелі тірлік кешетіні керсетілгенерал Сонымен бірге Батыс Қазақстан өңіріндегі тайпалар арасында (Қараоба, б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысы) көшпеліліктің тұйық циклі байқалады, бұлар жер өндеу кәсібін меңгермеген, шөп шабу мардымсыз мөлшерде ғана болды.
Ғұндар
Б.з.б. соңғы ғасырлар мен жаңа заманның бастау кездерінде Қазақстан аумағында, оның ішінде Батыс өңірінде ғұн атты азиялық тайпалар (тарихи әдебиеттерде — хунну немесе сюнну) мекен етті. Ғұндардың әскери жорықтары «халықтардың ұлы миграциясына» жол ашты. Олардың шаруашылық жүйесі экстенсивті мал шаруашылығы еді, қолөнер кәсібінің де дамуы байқалды. Малға отбасылық меншік және жеке адамның меншігі болғаны туралы мәліметтер бар. Дерек көздерінен оларда құралдардың болғанын, алым-салық алынғанын кереміз. Елбасы — шаньюй шексіз, дара жене мұрагерлік билік құрған. Он мың қолдық ескерді басқаратын ақсүйек шонжарлар «түменбасылар» деп аталды, олар онбасыларды тағайындайтын еді. Жанама дерек кездері бойынша, ғұндардың негізгі басым белігін бағзы түркі тайпалары құраған. Олар оңтүстік-шығыс Еуропа даласында 4 ғ-дың 70- жылдарында пайда болды. Осылайша ғұндар Батыс Қазақстанда 5-6 ғ-ларға дейін өмір сүріп, Қазақстан аумағында қалыптасқан ежелгі бірлестіктер құрамына енді. Ғұндар дәуіріне қатысты, «Шипов» қорымы мен езге ескерткіштерден кездейсоқ табылғандардан басқа, толық сақталған жәдігерліктер кездескен емес. Шаруашылығы, әлеуметтік дамуы мен медениеті жағынан андронов мәдениетінің далалық қауымдастығы мен қима мәдениеті бір-біріне өте жақын екенін атап кеткен жөн.
Оғыздар
Аймақтағы кешпенділердің орта ғасырлық кезеңі печенег-оғыз ескерткіштерінен көрінеді. Печенеггер ертеректе Сырдарияның орта шенінде қоныстанған «қаңғар» деген атпен белгілі көшпелі малшы тайпалар. Құлаған түрік қағанаты мұрагерлерінің 8 ғ-дың ортасында осы өңір үшін таласы кезінде қарлұқ, оғыз және қимақтардың біріккен күштері қаңғарларды солтүстік Арал өңіріне ығыстырды. Қаңғар-печенеггердің Еділ мен Жайық аралығында 8 ғасырда басталған көші-қонының алғашқы толқыны осы уақиғаларға байланысты болатын. Жабғу билеген оғыз мемлекеті күшейіп, 9 ғ-дың соңында Бұл аймаққа қаңғар миграңиясының екінші толқынын айдап келді, мұны кезінде парсы географы әл-Масуди жазып кеткен. Қаңғарлар Еділ-Жайық аралығында кейбір жергілікті тайпалардың басын біріктіріп, печенег тайпалық одағын құрды. Оғыздардың тықсыра шабуылдауы және хазарлармен болған сәтсіз соғыс печенегтердің басым бөлігін 10 ғасырда оңтүстік Русь жеріне қоныс аударуға мәжбүр етті, сөйтіп олар орыстардың сыртқы жауына айналды. Осы кезеңде печенегтердің бір бөлігі Жигули тауларына ауа көшті, кейін олар чуваш халқының қалыптасуына негіз болды. Бірсыпырасы Хазарияға бағынды, ал қоныс аудармай өз жерінде қалғандары оғыздарға бағынды. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (2-5 ғ-лар) Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаның этникалық-саяси картасына айтарлықтай өзгерістер енгізді. 5 ғасырда түркі тілдес тайпалардың «тирек» (теле) деген жалпы аты бар одағының көптеген топтары солтүстікте.
Мекендеген жері
Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі ұлан-ғайыр далалық аймақты тұтас мекендеді, оңтүстікте олар Әмударияның атырауына дейін көшіп-қонып жүрді. Деректемелер олардың ішінде: бұғу, байырқу, толангет, беклі, қыбыр, сығыр, бұлақ, қарлұқ, эдиз, тариназ, забендер, тарғай, баргүр және т.б. тайпаларды атайды. 6 ғ-дың ортасында (558 жыл) түріктер Сасан әулеті билеген Иранмен соғыс одағын құрып, батыс эфталиттерді талқандады, жерін басып алды. 567 жылы Византия императоры II Юстиннің елшісі Земарх Кавказдан асып, Еділ, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетті. Ол өзінің жүріп өткен жолындағы Батыс Қазақстан аумағында ұшырасқан түрік қоныстарын хатқа түсіріп отырды. Түрік қағаны Истеми 571 жылы солтүстік Кавказды жаулап алып, Боспорға (Керчьке) шығады, алаңдар мен утигурларды бағындырады. Оның ұлдарының бірі Түріксанаф Киммерия Боспорына басып кіріп, қырымға жойқын жорық жасады. Міне, осы жорық тардың бәрі Батыс Қазақстан жері арқылы өтеді. Түрік бірлестігінің шаруашылық негізі көшпелі мал шаруашылығы болатын. Барша билік қағанның қолында еді. 9-10 ғ-ларда Арал теңізінің атырауында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында орта ғасырлық оғыз тайпаларының мемлекеті құрылды. Бүл оғыз конфедерациясы оңтүстік және Батыс Қазақстан ның байырғы тұрғындарына кірме элементтердің араласуы нәтижесінде пайда болды. Оның құрамына қаңғар-печенегтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының, Каспийдің солтүстік төңірегінің далалық тайпалары енді. қырық рудан құралған бұлардың арғы тегі үнді-еуропалық және фин-угорлық болғанымен, бара-бара түркіленген тайпалар еді. Олардың бірсыпырасы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жағалауына дейінгі далаңы мекендеген алаңдар, астар болды. Аралдың батыс өңірінде 9-10 ғ-ларда бажғар, нукарда, банжа тайпалары қоныстанды, кейін олар да оғыз мемлекетінің құрамына кірді.
Оғыз мемлекетінің құрамы
Оғыз мемлекетінің басты бөлігін қарлұқ, халаж және басқа түрік тайпалары құрады. Оғыздардың қалыптасуында имақ-қимақ тайпалары, сондай-ақ баяндұрлар, имурлар және қайлар маңызды рөл атқарды. Тарихи деректерде, мәселен, «Диуани лүғат ат-түрікте» оғыз тайпаларының мынадай тізбесі келтіріледі: қынық, баюндар, ива, салүр, афшар,бектілі, бакдүз, баят, язғыр, имур, қарабұлақ, алабұлақ, иғдыр, урегир, тұтырқа, улаонулуг, түгер, жебни, бежене, жуылдар, жаруклуғ (1-том, 56-57-беттер). Оғыздар «ұрүғтар» мен «аймақтарға» бөлінді, өз кезегінде олар «ел» деп аталған ірірек тайпалар одағының құрамына енді. Олар көршілес халықтармен үнемі тоғысып отырды, парсы тілдес еуропалықтармен араласқан мұндай этникалық топтар «түркімендер» деп аталды. Оғыздардың көші-қон қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жақ жағалауында болды. Мүғалжардың солтүстік-шығыс беткейлері мен оңтүстікОрал сілемдері арасында оғыздардың Даранда (Дендера) және Дарку деген шағын қамалдары табылды, соңғысы, сірә, оғыз билеушісінің жазғы ордасы болуы керек. Оғыз тайпалары башқұрттармен, бұртұстар мен шекаралас болды. 9 ғ-дың соңында оғыздар хазарлармен одақтасып, печенегтерді ойсырата женді де, Жайық пен Еділ аралығын өзіне қаратып алды. Олар түркі тілдес тайпалар -қарлұқтармен, қимақтармен, қыпшақтармен тығыз байланыста болды.
Әдет-ғұрпы
Мәселен, Андараз Хифчак аймағындағы қимақтар мен оғыздардың әдет-ғұрпында айырмашылық жоқ еді. Оғыздардың да, қыпшақтардың да тілінде сөз басында «ж» дыбысының басым айтылуы олардың туыстығын дәлелдейді. Бұл байланыстарды ежелгі қазақ аңыздарынан да байқауға болады. Ілкі ортағасырлық оғыздар бірлестігі құрған мемлекеттің басшысы «жабғу» (ябғу) деген атағы бар жоғарғы билеуші болды, оның кеңесшілері «күлеркін» делінді. Сарай маңындағы күнделікті өмірде ақсүйектер кеңесі — «қаңғаш», әскербасы — «сюбашы», жабғудың әйелі — «қатын» маңызды рөл атқарды. Жабғудың мұрагері «инал», ал оның тәрбиешісі «атабек» деп аталды. Билеушіні сайлау әдет-ғұрып құқықтарының жазылмаған жиынтығы — «төре» бойынша өткізілді. 10 ғасырда оларда салық салу жүйесі болды. Оғыздар Хазариямен ұзаққа созылған күрес жүргізді, 965 жылы оларды талқандады. 985 жылы князь Владимир оғыздармен бірге бұлғарға жорық жасады. Бірақ кейін оғыз мемлекетінің өзі қыпшақ тайпаларының соққыларынан құлады, осылайша оғыздардың қалдықтары 11 ғ-дың ортасында Дешті қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.
Қыпшақтар мен қимақтар
8-9 ғ-ларда қыпшақтар мен қимақтардың ортағасырлық бірлестігі құрылды. Алғашқыда қимақ федерациясына эймур, йемақ, татар, байандүр, қыпшақ, ланиказ және ажлад тайпалары кірді. қыпшақ тайпалары 9 ғ-дың ортасында оңтүстік Оралдың оңтүстік-шығыс жағынан Арал маңы далаларына дейін көшіп-қонып жүрді. 9 ғасырда печенег тайпалары оғыздардың, қимақ тардың және қарлұқтардың одағынан жеңілді, соның нәтижесінде қимақ тардың біразы Жайық бойына, Арал мен Каспий маңы далаларына орналасты. Осы жерде Қазақстан ның басқа да аудандарында қимақтардың мемлекеті (9 ғ. соңы -10 ғ. басы) қалыптасты, оның жоғарғы билеушісінің «хақан» аталуы («жабғу» атағынан екі саты жоғары) қимақтардың көне түрік элементтерімен даусыз байланысын көрсетеді. Саяси күрестер нәтижесінде қыпшақ тайпалары Сырдария өзенінің бойына, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстігіне иелік етті, ал оғыздар амалсыздан оңтүстік орыс және қара теңіз далаларына ауа көшуге мәжбүр болды. Осылайша қыпшақтар қимақ мемлекетінде басымдылықта жетіп.
Басты кәсібі
Қимақтар мен қыпшақтардың басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Күнкөріс үшін аң аулаудың да орны ерекше еді. Сонымен бірге жартылай отырықшы және отырықшы халық шоғырлана қоныстанған топтар болды, қолөнер кәсіпшілігі дамыды. Түркі тілдес тайпалардың ежелгі діні мен наным-сенімінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге («Иер-Суб» — Жер-Су) сыйыну болды. Өзінің мәні жөнінен бұлардан кейін тұрған әйел тәңірісі — Ұмай отбасы мен балашағаны қорғап-жебеуші саналды. Сондай-ақ қасиетті тауларға («Ыдұқ баш»)және жер асты дүниесінің әміршісіне («Ерікліг») сену де үлкен орын алды. Отты пір түтты, отпен аластады және басқа да көптеген шаман ғұрыптарын тұтынды. Өз наным-сенімдерімен бірге басқа да өркениеттер тудырған дін жүйелері — буддизм, манихейлік, христиандық тарала бастады. 1-мыңжылдықтың орта шені мен 2-жартысы Ұлы Далаңың, оның ішінде Каспий-Арал маңы аймағы халықтарының түркілену дәуірі деп қарауға болады. Олар алғашында соғды жазуын («ұйғыр алфавиті») қолданса, 7 ғ-дың басынан бастап 38 таңбадан тұратын төл түрік жазу үлгісін («көне түркі руникалық ескерткіштері») пайдаланды.
Половецтер
11 ғ-дың соңында Қазақстан далаларының ұлан-байтақ территориясын батыста Еділге дейін қыпшақ бірлестігінің тайпалары жайлады. Осы ғасыр ортасында оңтүстік орыс далаларына жеткен қыпшақтарды «половецтер» деп атады. Олардың шығыстағы жерлері «Дешті Қыпшақ» делінді, бұл атау 13-14 ғ-ларда оңтүстік орыс далаларында да қолданылды. Қыпшақтардың құрамына енген этникалық бөліктердің бірі қимақтар (йемақтар) болды. Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан Сақсын қаласы қыпшақтар мен йемақтардың шабуылына ұшырады деген жазба дерек бар. Орыс жылнамаларында да Кама өзені ауданындағы йемақ-половецтер керсетілген Қыпшақтардың құрамына байандұрлар, байаттар енді, сондай-ақ тегінде, қаңлылар ежелгі башқұрт тайпаларының бір бөлігі және т.б. түркі тілдес тайпалар болса керек. Қыпшақтардың елбөрі тайпасы Батыс Қазақстанда көшіп- қонып жүрген Бірігу процесімен қатар тайпалардың бөлшектенуі де қатар жүрді. Осылайша сол кезеңце қьпппақ бірлестігіне тоқсоба, йета (сета), бұрхоғлы, бөрілі (елбөрі), қанғолы (қаңғароғлы), қанарлы, анджоғлы, дурут, қарабоғлы (қарабалы), жузан (жерсан), қарабөріклі, котен (кутун) тайпалары енді. 11-13 ғасырлардағы Дешті Қыпшақтағы саяси уақиғалар этникалық интеграцияның барысына тікблей ықпал етті. Батыс қыпшақ тайпалары оңтүстік орыс далаларының, Еділ бойының және Жайық өңірінің түркі тілдес тайпаларымең (печенегтердің, оғыздардың, т.б. қалдықтары) өзара байланыста болды. Қыпшақ конфедерациясының негізі қандас туыстық емес, қайта территориялық-шаруашылық байланыстар еді. Қыпшақтар көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс кешті. Қоғамдық-саяси құрылымы «ел» деп аталған ірі тайпалық бірлестіктерге негізделді, оларды хандар мен бектер басқарды, құлдар ұсталды. 12 ғасырда Батыс Қазақстан қьшшақтарының арасында толқулар болғаны туралы деректер ұшырасады. 10-12 ғ-лардағы қьшшақтар алуан түрлі нанымдар мен сенімдерді ұстанды. Түркілік шамандық рәсіммен қатар біртіндеп ислам діні ене бастады. 12 ғ- дың 2-жартысында жаңа дінге қыпшақ ақсүйектерінің жаппай мойьшсұна бастағанын сол дәуірден қалған археол. ескерткіштерінен керуге болады.
Батыс Қазақстан жерінде Жошы ұлысы
Монғол шапқыншылығы тұсында Батыс Қазақстан жерінде Жошы ұлысы құрылды, ал Алтын Орданың қалыптасу кезеңіндегі (13 ғ-дың 1-жартысы) саяси өмір орталығы Еділдің төменгі ағысына қарай ойысты. Алтын Орда ұлыстарға бөлінген көшпелі мемлекет болды, онда әкімшілік басқару аппараты маңызды рөл атқарды. Алтын Орда дәуірінде Жайық жағасындағы Сарайшық Үргеніш-Отырар-Бұхара жене Үргеніш- Алмалық керуен жолдарының бойына орналасқан үлкен қала болды. 13 ғасырда орта ғасырлық Алтын Орда мемлекеті (1240-жылдар — 15 ғасыр) кейін жекелеген саяси бірлестіктерге бөлшектенді. Ал оның бөлшектеніп, ыдырау үрдісі «қазақ» деген этнониммен ерекшеленген этникалық құрылымның қалыптасуымен қатар жүрді. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы аумағы Жошы ханның ұлы Шайбанның билігінде болды. 14—15 ғ-дың соңында белең алған саяси және әлеуметтік қақтығыстар ортағасырлық мемлекеттік бірлестік — Ақ Орда хандығын дүниеге әкелді, ол кейіннен өз кезеңінде Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығына ажырады. Ноғай Ордасының құрамына қыпшақ, маңғыт, найман, алшын, алаша, тама жене басқа тайпалаенді. Ал Әбілхайыр хандығы Дешті Қыпшақтың ыдыраған феодадцық иеліктерінің басын қосып, маңғыт, қарлұқ, найман, қоңырат, үйшін (үйсін) және т.б. тайпаларды біріктірді, конгломерат «Өзбектердің көшпелі мемлекеті» деген атау алды. Ноғай Ордасы мен «Өзбектердің көшпелі мемлекеті» мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі мемлекеттік бірлестік еді, Батыс Қазақстан өңіріне мал ш-ғының жартылай көшпелі түрі тән болды. Жартылай көшпелі тайпалар мал өсірумен қатар ішінара тәлімі егіншілікпен, мал азығын дайындаумен де айналысты; олардың қыстауға арналған тұрақты орындары болды. 15 ғасырда Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының құрамына енген, 1450-60 жылдары қазақ хандығын құрған тайпалар табиғи-геогр. белгілері мен саяси-шаруашылықтың ерекшеліктері бойынша әркелкі құрылымдарға топтасты. Халықтың шежіре тарату дәстүрінде бұл құрылымдар жүздер (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) түрінде көрініс тауып, дәстүрлі ділдік-тарихи сипат иеленді (мыс., «Ұлы жүзді қауға бер де малға қой, Орта жүзді қамшы бер де дауға қой, Кіші жүзді найза бер де жауға қой»). Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тұрғындар орта ғасырларда Еділ бойы хандықтарында қалыптасқан Кіші жүзге жатты (қосымша).
XV-XVI ғасырлардағы басты кәсібі
Кіші жүз тайпалары мен руларының 15- 16 ғ-лардағы басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Өзен алқаптары мен көл жағасына егін екті. Натуралды шаруашылыққа қажетті өнімдермен қамтамасыз ететін кәсіпшілік түрлері дамыды. Сауда-саттық негізінен айырбас түрінде дамыды. Айырбас сауда Еділ бойы аудандарымен де, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан қалалары арқылы Орта Азия хандықтарымен де жүргізілді. 16 ғасырда барынша аридтік зона мен оған іргелес аймақтарда, оның ішінде Ноғай Ордасы мен қазақ хандығы қалыптасқан Батыс Қазақстанда да этникалық процестер жеделдеді. Ноғай Ордасының бөлшектенуі, оның қазақ хандығымен жақын туыстық байланысы қазақтың және Жайық өңірі мен Еділ бойындағы басқа да түркі халықтарының этникалық туындыларында жырланады. Сырдария өңіріндегі қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес-тартыстар 16 ғасырда қазақ хандығының жағдайын күрделендіре түсті. Бүл соғыстардың нәтижесінде қазақ хандығының шекарасы кеңіді, Қасым ханның бас ордасы Сарайшықта болды, ол 1518-23-жылдардың бірінде осында жерленді (бас хан Мұрындық та Сарайшықта қыстайтын). Қасым ханның ішкі саяси бағытын Хақназархан (1538-1580) жалғастырды, ол ноғай мырзаларын өз жағына тартып, Жайықтың сол жағындағы жерлерді иелігіне қосып алды.
XVII ғасырдың бас кезі
17 ғ-дың бас кезінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына Ресейдің қол астына өткен қалмақтар енеді. 16-ғ-дың ортасында Жайық бойында казак-орыстар пайда бола бастайды. Еділдің төменгі ағысындағы казак-орыс отрядтары туралы алғашқы мәлімет 1559 жылғы «статьялық тізімдерде» еске алынады. Олар 20 жыл бойы Каспий теңізіндегі орыс-ағылшын сауда-саттығының жолын кесті, ал 1580-81 жылдары құныққандары соншама қабірлерді қопарып, мүрделерге дейін тіміскеледі. Жайықпен жоғары өрлеп, Сарайшықты тонады. Қала іргесіндегі Жайыққа алғаш келген казак-орыстар қатар ында Дон казактары, Кубань татарлары, Еділ бойы қалаларының қашқын қаңғыбастары мен ерікті адамдар бар болатын. Сол кездегі казачество қатар ында түркілік элементтің айтарлықтай екендігі казактардың атынан Михаил Федорович патшаға жіберілген елшілердің бірі орыс, бірі татар ұлтынан болғандығынан да айқын көрінеді. Олардың ел тонауы, қарақшылығы Мәскеу мемлекетіне тиімсіз болды, сондықтан 1586 жылдан бастап орыс патшасы біртіндеп казак-орыстарды өз жағына тартып, 17 ғ-дың бас кезінде оларға сый грамотасын табыстады. Түпнұсқасы сақталмаған бүл грамотада Жайық өзені казактардың иелігіне беріледі делінгенмен, қос өзен аралығында қазақ хандығы, Ноғай Ордасы және қалмақ мемлекеті қалыптасып қойған еді. Сол себепті негізгі кәсібі ел тонау мен қарақшылық болған казак- орыс әскери вольницасы 17 ғ-дың соңғы ширегіне дейін сақталды, ал одан кейін олар түгелдей қазан приказына бағынып, Мәскеу самодержавиесіне қызмет етті. 1723 ж. I Петр Жайық казачествосына қатысты реформасын жүзеге асырды: әскери қызмет атқарып жүрген 3196 казак-орыс полктар мен жүздіктерге бөлінді, әскерге өз атамандарын өздері сайлау құқынан айырылды.
Көшіп-қонуға тыйым салу
Пугачев көтерілісі басып-жаншылған соң 1775 жылғы 15 қаңтардағы патша жарлығы бойынша Жайық атауы өзгертіліп, «Орал казачествосы», «Орал қалашығы» деп жаңаша аталды. Орал казак-орыс әскерінің басты міндеті әскери қызмет атқару, патша сарайын қызыл балықпен, уылдырықпен қамтамасыз ету болды. Бірте-бірте Орал казак-орыс әскерінің қуатты кавалериясын ұстау қажеттігі кеміген соң 19 ғасырда ол Еділ бойы мен Қазақстан дағы ұлт-азаттық кө терілістерді басып-жаншуға пайдаланылды, 33 Ресей империясының Орта Азияға жасаған әскери жорық тарына қатысты. Енді Жайық өңірін отарлаушылардың озбырлығы күшейе түсті. Патша өкіметі жоспарлы түрде казак-орыстарға ең құнарлы жер учаскелерінен меже бөліп берді. 20 ғ-дың басында әскерлер қарауында 6.465.402 десятина жер болды. Жер бөліп беру мәселесі 1734 жылы, яғни Орынбор генерал-губернаторы И.Кирилловтың шешімімен қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшіп-қонуға тыйым салынған кезде басталды. 19 ғасырда әрбір қарапайым казактың 30 десятинаға дейін жері болды, ал казачествоның ауқатты өкілдері әрқайсысы 500 десятинаға дейін жер иемденді. Казак-орыс әскері өзінің этникалық құрамы жағынан алақұла еді. Олардың әлеум. негізін Ресей империясы тіршілігінің барлық саласына тән сословиелік жіктеліс құрады. Казак-орыстардың басты әлеум. ұйымы — қауым (община) өте-мөте шектелген қауымдастық болды, одан шығып кетуге заң жүзінде тыйылқалынды. Орал казачествосының ескі дәстүрді (старообрядчествоны) тұтынғанына қарамастан, православяндық ортодоксальдық шіркеу 19 ғ-дың аяғында олардың ресми мәртебесін мойындады. Орыстар 16 ғасырда Жайық бойы даласын жақсы білетінді. Еділ бойын «Дикое поле», «Дикая степь» деп, ал Жайық өзенін «Запольной рекой», яки «Арналы өзеннің арғы беті» деп атады. Жайықтың Самар ауданымен шектескен оң жағалауын «Самар жағы», ал Орта Азияға қараған сол жағалауын «Бұхара жағы» деді. 1614 ж. Жайық өзені және одан әрі қазақ даласы арқылы Иранға М.Тихонов пен А.Бухаровтың елшілігі жіберілді. Саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты 17 ғ-дың 20-80-жылдары Батыс Қазақстандағы қазақ хандығы мен Орыс мемлекеті арасындағы қарым-қатынас кең өрістеді. қазақ хандығы мен оның батыс Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары жоңғар шапқыншылығының тегеурініне шыдамаған Кіші жүз рулары «Сауран айналып», Хиуа мен Бұхара ға босты. Бірақ олар Орта Азия халықтарының жерінде көп тұрақтап тұра алмады, өйткені жергілікті әкімдер қоныс бермек түгіл, жоңғарларға қос ылып, оларды шабудан тайсалмады. Осының нәтижесінде Кіші жүз рулары Жайық өзенінің оң жағалауына өтіп, қалмақтарға іргелес қоныс тепті. қазақ тардың бүлайша жаппай қоныс аударуы олардың Бұхара және Хиуамен, қалмақ хандығы және түрікмендермен арадағы қарым-қатынастарын шиеленістірді, тіптен қарақалпақтармен жасасқан дәстүрлі өзара қарым-қатынасқа да сызат түсті. Шығыс шекарадағы ауыр жағдай тез арада үш жүздің басын қосып , күш біріктіруді қажет етті. Ордабасы тауында өткен құрылтайда (шамамен 1728 жылдан соң) қазақ жасағының Бас қол басшысы болып Кіші жүз билеушісі Әбілқайыр хан сайланды. Ал Кіші жүздің қолын Тайлақ батыр басқа рды. Кіші жүз сарбаздары қара таудың батыс беткейі арқылы жылжып, жоңғарларға қарсы бас біріктерген негізгі қол ға қос ылды. 1730 ж. Әбілқайырдың қол басшылығымен Қазақстан дағы жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берген Аңырақай шайқасы болып өтті. Бірнеше рет жіберілген елшіліктің арқасында (1715 ж. — Т.Құлтыбаев; 1716 ж. —Б.Екешов пен Б.Бөриев; 1726 ж. — Ә.Көбеков; 1730 ж. — С.Қойдағұлов пен Ә.Қоштаев) 1731 жылдың 19 қаңтарында Ресей патшайымы Анна Иоановна қазақтардың Ресей қол астына қабылдағаны туралы «Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына» арналған грамотаға қол қойды. Аймақтың бұдан кейінгі тарихы Ресеймен өзектес болды. Ал қалмақтармен, башқұрттармен арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті.
Патша үкіметі саясаты
Патша үкіметі 18 ғ-дың орта шенінде Жайық өзені бойындағы әскери бекіністерін нығайтуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Яицкий городок, Сахарное, Калмыково, Кош-Уральская, Кулагино және т.б. елді мекендер түрғызылды. Үкімет жер мәселесінде отаршылдық шараларын жүйелі түрде жүзеге Усырды. 1734 ж. И.Кирилловқа берілген «Нұсқауда» түңғыш рет қазақтардың Жайық өзенінің оң жағалауына өтіп, жаз жайлауына тыйым салынды. 1742 ж. 19 қазандағы Жарлық бойынша қазақтарға Жайық өзені, Жайық (Яицкий) қалашығы және салынып жатқан бекіністер маңында көшіп-қон уға рұқсат берілмеді. Ал кейінірек қолға түскен қазақтарды жер аударуға бұйырған (1744 ж.) және Жайықтың оң жағалауына қазақтар мал жаймау үшін күзде бір мезгіл Жайық өзенінен Каспий теңізіне дейінгі жайылым жерді түгел өртеу туралы (1747 ж.) Жарлықтар шығарылды. Патша әкімшілігінің жерді шектеуі, ру-тайпалар иелігіндегі өрістер мен жайылымдарды басып алуы, ауылдағы мүліктік теңсіздік, қазақтардың көші-қонының тарылуы, сондай-ақ казачествоның қарапайым өкілдерінің құқылары мен еркіндігінің аяққа тапталуы Жайық қалашығындағы төменгі шенді казактардың толқуын туғызды.
Қазақтардың толқуы
1772 жылдың 13 қаңтарында әскерлердің жиыны өтетін жер маңындағы бас көше мен алаңда көтерілісші казак-орыстардың тұрақты армия отрядына қарсы шайқасы өршіді. Ұрысқа бірнеше мың адам қатысып, 200-ден астамы жаралаңды, өлді. Генералдың жорық канцеляриясы талқандалды. Генерал Т.Траунберг, әскери атаман П.Тамбовцев, бірнеше офицер мен казак-орыс старшиналары қаза болды, патша эмиссары гвардия капитаны С.Дурков ауыр жаралаңды. Толқу 1772 ж. 6 маусымда қатал басып-жаншылды, бұл Е.Пугачев бастаған көтерілістің (1773-1775) бастамасы-тұғын. Е.Пугачев бастаған көтеріліс жаншылған соң да Жайық өңірінде өкіметке қарсы шашыранды бас көтерулер болып тұрды.
Осындай толқулардың бірі Кіші жүздегі 1775-76 жылдардағы Көктемірдің («Невидимка») қозғалысы еді. Патша үкіметі хан билігін, сұлтандардың құқы мен артықшылығын шектеді, қазақ жеріне жалпы орыстық тәртіп мен мекемелер жүйесін барынша таратты, әрі ақсүйек шонжарлар, казак-орыстар құнарлы жерлер мен жайылымдарды басып алды. Міне, осының бәрі қазақ халқының жағдайын күрт нашарлатты, 1783-97 ж. Кіші жүзде Сырым Датұлы бастаған көтерілістің түтануына себеп болды. Аздаған үзілістермен он төрт жылға жуық уақытқа созылған бұл көтеріліс — қазақ халқы тарихындағы ерекше маңызды уақиға. Басты қозғаушы күші қарапайым халық болған көтеріліс отаршылдық негізін шайқады. Кейбір әлсіз тұстары мен ішкі қайшылықтарына қарамастан, ұлт-азаттық сипатындағы көтеріліс еді. 18 ғ. аяғы — 19 ғ. басында Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Ресей империясының ішкі аймағына өтіп, Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі бойында Ішкі Орданы (геогр. Орналасуына орай) немесе Бөкей Ордасын (алғашқы ханының есімімен) құрды.
11 наурыздағы Жарлығы
I Павелдың 1801 ж. 11 наурыздағы Жарлығымен бекітілді. Қазақ қоғамындағы елеулі ішкі қайшылықтар, Сырым батыр бастаған халық көтерілісі жеңілгеннен кейінгі ширыққан әлеум.-саяси жағдаяттар, Ресей екіметінің бұл мәселелерді жоғары жақтан шешуге үмтылған әрекеті — Бөкей Ордасының дүниеге келуіне ықпал етті.
Сырым батыр көтерілісінің ұйытқысы
Сырым батыр көтерілісінің ұйытқысы болған байбақты руы Ішкі Ордаға көшушілер қозғалысын басқарды және саны жағынан көп топтың бірін құрды. Бөкей Ордасында сондай-ақ беріш, шеркеш, масқар, адай, жаппас, ысық, есентемір, алаша, тана, қызылқүрт, таз, кердері, кете, табын, ноғай рулары және сұлтан , қожа, төлеңгіттер тірлік кешті. Алғашында 5000 түтін көшсе, кейін тағы 2500 шаңырақ қосылды. 1888 ж. Бөкей Ордасы 7 млн. десятина жерді алып жатты. 1808 жылғы патша жарлығы бойынша Бөкей хандығы екі жақты — Астрахан әскери губернаторына және Кіші жүз қазақтарын басқару үшін арнайы құрылған Орынбор шекаралық комиссиясына бағынышты болды. Хандық билік ресми түрде 1812 жылы жарияланды (қаласы2-қосымиіа).
Патша үкіметі мақсаттары
Патша үкіметі Бөкей Ордасын ұйымдастыра отырып, мынадай мақсаттарды көздеді: 1783-97 жылдардағы халық көтерілісін басып-жаншу кезіндегі шайқалған абырой- беделін қалпына келтіру; Кіші жүздегі хан билігін әлсірете отырып, бірте-бірте жою; жекелеген иеліктердің санын көбейту; қазақ сұлтан , би және старшындарынан өзінің саясатына берілген, аймақтағы қазақ тұрғындары арасында патша әкімшілігінің саясатын жүргізетін топ ұйымдастыру, сол арқылы қазақ қоғамына патша әкімшілігінің ықпалын күшейтіп, тереңдету. Ішкі (Бөкей) Орданың саяси хал-ахуалы туралы мәселе барынша күрделі. 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басында Кіші жүздегі хан тағынан үміткер екеу еді. Нұралы ханның кіші ұлдары — Қаратай мен Бөкей арасындағы саяси тартыстардың нәтижесінде Бөкей «Хан кеңесіне» төраі-а. Солды жонс өзіне көші-қон үшін жер белуді сұрап, өтініш жасады. I Павелдың Жарлығы бойынша оған Жайықгың оң жағалауынан жер бөліп берілді (қаласы3-қосымша). 1812 ж. Бөкей «хан» деп жарияланды. 1815 ж. ол өлгенде артында Жәңгір, Әділ және Мөңкегерей атты үш ұлы қалды. 1824 ж. Жәңгір хан тағына өтырғанша хандықты уақытша Шығай басқарды. 1874 ж. Жәңгір қазаға ұшыраған сөң мұрагерлік Сақыпкерейге ауысты. Бірақ 1849 ж. Сақыпкерей өлген соң хандық таратылып, Ордадағы барлық істі Ішкі Қазақ Ордасын басқару жоніндегі Уақытша кеңес жүргізді. Бөкей хандығының алғашқы құрылу кезеңінде патша үкіметі, әрине, ешқашан көкейінен шығармаған экон. мүдделерін ашық білдірген жоқаласы19 ғ-дың 20-жылдарынан бастап Бөкей хандығы метрополияға едәуір мөлшерде мал мен оның өнімдерін жет- кізіп беруші болды.
Екі жақты езгінің күрт күшеюі, ақсүйектердің ауылдық-қоғамдық жерлерді жаппай озбырлықпен басып алуы шаруашылық тіршіліктің күйреуіне, ауылдық ұйымдардың экон. мүмкіндігінің құлдырауына, кедейлер мен жүтаған қожалықтардың айтарлықтай көбеюіне, халық арасында наразы- лықтың артуына, хан өкіметі беделінің жөғалуына, Мұнда й хал-ахуалды өзгертуге деген ұмтылушыпықты туғызуға әкеліп соқтырды. Ордадағы патриархалдық-рулық түрмыстың үстемдігі белгілі бір дәрежеде старшын, батыр және бүқара халық арасындағы мүліктік айырмашылықты көмескіледі. Әйтсе де сұлтандар мен старшындар арасында рудағы жетекшілік орын үшін қақтығыстар болып тұрды. Бүл қарама-қайшылықтар да Исатай-Махамбет көтерілісінен айқын көрінеді. Ол өзінің ауқымы мен үзақтығы жағынан Қазақстан тарихындағы үлкен көтерілістердің бірегейі болды. 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысы кезінде батыс қазақстандықтар француз басшыларына қарсы соғысты, Ресей жерін қорғап, Еуропаны азат етуге қатысты. Лейпциг түбіндегі ұрыста А.Байбатыров ерлік көрсетіп, күміс медальмен марапатталды.
XIX ғасыр
19 ғ-дың 1-жартысынан бастап Батыс Қазақстан да маусымды жұмыстарды уақытша барып-келіп істеушілер көбейді және қазақтардың кейбірі, ең алдымен, Орал мен Орынбор линиясының қалалары, қоныстары маңындағылар жартылай көшпелілікке не отырықшылыққа көше бастады. Ішкі миграция әкімш. бөліністердің өз ішіндегі қазақ тұрғындарының сан мөлшеріне өсер етіп, жерге орналасу сипатын өзгертті. 19 ғ-дың 2-жартысында Кіші жүз қазақтарына қатысты жер мөселесі тіптен күрделене түсті. қазақ тардың казак-орыс әскери басшылығына төуелділігі ұлғайды, линия тұрғындарының ауқатты бөлігімен арақатынас нашарлады. Аяусыз қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді өбден Қайыр шыландырды. 1869 жылдың көктемінде ауылдағы наразылықтар көтеріліске үласты. Ханкөл, Азнабай, Тайпақ, Өлеңті, қурайлы, Шідерті, Аңқаты елді мекендерінде шоғырланған рулар толқуын Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов басқа рды. Кенеттен түтанып, 10 айға созылған (1868 ж. желтоқсан — 1869 ж. қазан) Орал облысы қазақтарының 1869 жылғы бас көтеруі 19 ғ-дың 2-жартысындағы көтерілістердің маңыздыларының бірі болды. Өзінің мақсаты мен міндеті және қозғаушы күшіне қарай ол негізінен отаршыларға қарсы көтерілісі еді.
XIX ғасырдың 2-жартысы
Батыс Қазақстан аумағында 19 ғ-дың 2-жартысында елеулі шаруашылық және әлеум. өзгерістер болды. қазақ ы көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Әсіресе аса маңызды маусымдық жайылым-өрістер Бөкей Ордасында, Орал уезі аумағында орналасты (көш жолы 5-тен 50 шақырымға дейін созылды). Жайық өзені бойындағы ежелгі жайылымдарынан, ұлттық бостандығынан толық айырылған қазақтар жерді енді казак-орыстардан, босып келген орыс шаруаларынан жалға алатын болды. Темір уезінде жайлау уездің солтүстік-шығысында, ал қыстау оңтүстік бөлігінде болды. Сонымен бірге Орал 37 уезінде басқа уездер мен облыстардың малшылары көшіп-қонып жүрді. Переселен басқа рмасының деректері бойынша, 1888-89 ж. Ілбішін, Гурьев және Темір уездерінің 350 қожалығы (кейбір 400 шақырымнан астам жол жүріп) Орал уезіндегі жайлауға көшті. 20 ғ-дың басынан экстенсивті жартылай мал шаруашылығы таралды, оның сипаты — көшпелілер егін шаруашылығымен де айналысатын. Сондай-ақ малды қорада бағатын шаруашылықтың отырықшылық типтері пайда болды. Тұтас тайалғанда мал саны мынадай пропорцияны құрады: қой 50%, жылқы — 11-12,4%, ешкі — 11,3%, ірі қара — 17,4-24,6%, түйе —1,7-2,7%. 1900 ж. облыста барлығы 2. 508.850 бас қой, 410.000 ірі қара , 434.373 жылқы, 148.405 бас түйе өсірілді. 20 ғ-дың басында бірде-бір жылқысы жоқ шаруашылық — 19%, жалғыз
Батыс Қазақстан аймағында қазақтар ежелден егін шаруашылығымен шұғылданды. 1770 жылдың өзінде Орынбор генерал-губернаторы Рейндорп қазақтардың нан тағамдарын ұнататынын ескертіп жазған еді. Жем алабы жағында Сырым батыр Датұлы егін екті. 20 ғ-дың басында табын руы Елек өзені бойында егін шаруашылығымен айналысты. Жайық, Ор, Құм алы, Үлкен және Кіші Қобда, Тобыл, Жем және т.б. өзендер маңы аудандарында егін шаруашылығы қолға алынды. Солтүстік уездердегі егін суарылмайтын. Орал уезіндегі қазақтар 1899 ж. 44.082 десятина, ал 1906 ж. 71.724 десятина жерге дөн септі. 1906 ж. егін шаруашылығымен 12.931 шаруашылық шұғылданса, оның 10.506-сы егін екті. Басты дақылтары, бидай, сұлы, арпа, ал құрал — соқа болатын. Соқаның 81.5% -ін қазақ ұсталары дайындады. 20 ғ-дың басында казак-орыс балық аулау және оны өткізуді кәсіп етті. Олар 63.800 пұтқа дейін қызыл балық және 2,5-3,0 млн. пұт қара уылдырық өндірді. Тасып өкелетін барша балық бағасы 2-3 млн. сом деп бағалаңатын, одан әскери қазынаға 100-150 мың сом таза пайда түсіп отырды. Казак-орыс 1885 ж. жалпы көлемі 943 десятина, ал 1900 ж. 1469 десятина жерге бау-бақша отырғызды.
Әлеуметтік құрылым
Батыс Қазақстан аймағында 19 ғ-дың 2-жартысында тұрғындардың этникалық құрамы мен әлеум. құрылымында елеулі өзгерістер болды. 1870 жылдан Орал облысына Ресейдің жерсіз шаруаларын қоныстан- дыру басталды. Облыста бұл жолы 7,4 мың шаруа, яки барлық тұрғынның 2,1%-і бол- са, ал 1915 ж. — 82,9 мың, яки 9,7% құрады. Қоныс аударушылар Темір, Январск, Киранов жене Орал бекіністеріне, Ойыл, Қобда өзендері, Шалқар көлі, т.б. жерге орналасты. 1867 жылдан бастап 1879 жылға дейін Орал облысына — 5480, ал 1897 жылдан 1916 жылға дейін 82.000 орыс отбасы көшіп келді. Қоныс аударушыларға жер бәлу 1886 жылдан басталды. Ембі және Ойыл бекіністеріне екі кент тұрғызылды, кейін 1903 жылға дейін жер учаскесін бөліп беру тоқтатылды. 1906-10 ж. Орал және Темір уездерінде қоныс аударушылар учаскелері құрылып, 47.019 адамға 638.461 десятина жер межеленді.
Халықтың этникалық құрамы
Халықтың этникалық құрамына тоқталсақ, Орал облысында қазақтар, орыстар, татарлар және басқа ұлт өкілдері тұрды. 1897 ж. облыстың барлық тұрғыны — 678.100, ал 1910 жылы 804. 245 адам болды. Бұл жылдары қазақтар өз кезегінде — 460.173 және 485. 963, орыстар — 160.894 және 297.711, татарлар — 17.805 және 18.000 адам еді. 20 ғ-дың басында Орал казак-орыс құрамына татар- башқұрттар (6 мыңға жуық) мен қалмақтар (1 мыңға жуық) енді. Осы ғасыр басында облыста барлығы 846 елді мекен болды.1897 ж. Бөкей Ордасында 214.896 адам өмір сүрді, оның 207.299-ы — қазақ (қаласы4-л;қосымша), 1.647-сі — орыс, 5695-і татар еді.
Экономикалық өмірі
Облыстың эконом. өмірінде түз кәсіпшілігі үлкен рөл атқарды. Жыл сайын Иңдер көлінен 400-500 мың пұт, сондай-ақ Ескене, қара басмана, қара бұтақ, Тентексорда 60 мың пұт түз өндірілді. 1900 ж. Орал облысында 580 шағын зауыт пен қолөнер кәсіпорны болды. Басым көпшілігі қолөнер кәсіпшілігі болған бұлардан 1.311 мың сомның өнімі өндірілді. Осы жылдары облыста Ойыл (ақша айналысы 3,5 млн. coм), Калмыков (2,3 млн. сом), Сламихин (600 мың сом) жәрмеңкелері жұмыс істеді. Орал қ-ндағы тұрақты сауда 1 млн. сом, ал бүкіл облыс бойынша алғанда 23 млн. 926 мың сомның ақша айналысын құрады. Облыс территориясы арқылы Гурьев, Бузулук, Орынбор, Темір және Мерген жолдары мен Покровск-Орал, Орынбор-Ташкент темір жолдары өтті.
19 ғ-дың аяғында Батыс Қазақстан да тауарлы егін шаруашылығы аудандары пайда болды. Тауарлы астықты негізінен шаруа және казак-орыс шаруашылықтары өндірді. Облыстағы тауарлы егін ш-ғының өркендеуіне нарықтық фактор — Орынбор-Ташкент темір жол тармағы салынған соң астық сату мүмкіндігінің тууы шешуші рөл атқарды. 1894 ж. тар табанды Орал-Саратов темір жолЛиниясы бойынша поезд жүрісі ашылды. Ресейдің орталық аудандарымен өлкенің экон., сауда байланыстары нығайды. Орал қаласында диірмендер, паровоз депосы, элеватор, қасапхана, кірпіш зауыттары, әкімшілік ғимараттар салынды. Қазақстан дағы алғашқы жәрмеңке 1882ж. Бөкей Ордасывдағы Хан ставкасында ашылды. Оған көктемде (15 сәуір — 15 мамыр) және күзде (15 қыркүйек — 15 қазан) жыл сайын 70-180 мың бас қой сатуға әкелінді.
Бөкей Ордасында Жәңгір хан билігі
Бөкей Ордасында Жәңгір хан билік құрған кезде (1824-1845) қоғам өмірінің көптеген саласында жүргізілген реформалар салыстырмалы түрде алғанда баянды әрі жемісті болды. Ол ру басыларының билігін шектеу мен ханның жергілікті жердегі өкілдерінің рөлін көтеру арқылы өкімет билігін орталықтандырды. Оның маңызды сауда-саттық , іскерлік байланыстары болды, Измайлов, Портновтар сияқты орыс көпестері бірлесіп әрекет етті. Осы кезеңде Қазақстанға, оның ішінде қазіргі Батыс Қазақстан облысы жеріне Ресейдің орталық аудандарынан қоныс аударушылардың тасқыны басталды. Ол алғашқыда «Қоныс аудару туралы уақытша ережемен» (1881), кейінірек «Қоныс аудару туралы заңмен» (1889) реттелді. Мемлекет реттеп отырған қоныс аударумен қатар, өз бетімен ауа көшушілердің де мөлшері айтарлықтай болды. Орыстар жаппай ағылған 1867-97 ж. Орал облысына 5480 отбасы келді. Шаруалардың қоныс аударуы 1880 жылдан 1910 жылға дейін егіс көлемін 2 есе ұлғайтты. 20 ғ-дың басында облыста 682 шөп машина және өзге де 549 ауыл шаруашылығықұрал-саймандары болды.
Қазақ даласына тауарлы-өндірістік қарым-қатынастардың енуі ауылдағы көшпелі жән жартылай көшпелі мал ш-ғының ыдырау процесін жеделдетті, қоғамдық еңбек бөлінісінің сипатын өзгертіп, жұмысшы табы кадрларының шығуына себепші болды. Қаладағы жүзге жуық жұмысшы бар кәсіп орын — темір жол шеберханасы мен депо жұмысшылары 19 ғ-дың соңында стачкалық қарсылықты бастады. 20 ғ-дың басынан экон. ереуілдер тұрақты және жүйелі сипат ала бастады.
Орал социал-демократиялық ұйымы
1905 ж. Орал социал-демократиялық ұйымы облыстың барлық уездерін, оның ішінде қазақ аудандарын қамтыған 1 май демонстрациясын өткізді. Бұл жылдары Орал социал-демократтарының қатары молая түсті. Ұйымға еңбекші қазақтар да, мәселен, Мұхамед-Хафи Мырзағалиев пен Сақыпкерей Арғыншиев, т.б. мүше болып енді. Жаңа татар әдебиетінің негізін салушы Ғабдолла Тоқайдың шығарм. қызметі осы жылдары басталды.
1905-07 ж. рев. қоғамдық қозғалысты алғашқы кәсіподақ ұйымдары жандандырды. Көп үзамай Мұнда өзге де кәсіп одақтар ұйымдасты: кондитерлердің кәсіби қоғамы (1906), сауда-өнеркәсіп қызметімен шұғылданушылардың қоғамы (1906), баспахана жұмысшыларының қоғамы (1906), арбакештер қоғамы (1906), даяшылар мен аспаздар қоғамы (1907). 1907 жылдың соңында темір жол одағының бөлімшесі құрылды.
1-орыс революциясы
1-орыс рев-ның (1905-07) барысында саяси партиялар құрылды. Олардың арасында 1905 ж. қарашада Орал қаласында ұйымдастырылған Конституциялық демократтар партиясының (кадеттер) обл. комитеті елеулі рөл атқарды. «Уральский листок» және «Фикер» (редакторы К.М.Тухватуллин) газеттері кадеттерге іш тартты. 1905 ж. желтоқсан айында Оралда бес облыстың қазақ интеллигенттерінің өкілдері бас қосып, Қазақ кадеттер партиясын құру туралы шешім қабылдады. Оның 9 адамнан тұратын Орталық Комитетінің құрамына Б.Қаратаев, Ғ.Бердиев, М.Бақтыкереев, И.Тоқберлинов, Х.Досмұхамедов, Н.Айтмүхамедов, М.Мүқанов, Т.Рахымбердиев және И.Дүйсембиндер сайланды. 1-Мемл. Думаға Орал облысы қазақтарының атынан кадеттер өкілі ретінде Алпысбай Қалиенов, ал 2-Мемл. Думаға кадеттер партиясынан Ба- қытжан Қаратаев сайланды. 1905 ж. Ресейде кадеттер бағытын ұстанған Мұсылмандар одағы ұйымы құрылды. Қазақ интеллигенциясының бірсыпырасы оларға іш тартатын, Ресейде болып өткен Мұсылмандар съезінің қазақ зиялыларына недәуір ықпалы болды. Мемл. Думаға қазақтардың атынан сайланған депутаттар патша үкіметінің орталық саясатына қарсы түруға тырысты. Революция жылдарында Орал және Торғай облыстары қазақтарының атынан 44 адам қол қойған петиция, депутат Б.Қаратаевтың күрес қимылдары белгілі. Облыста осы кезеңде және одан кейін де солшыл саяси күштер белсенді жұмыс жүргізді. (Мәселен, 1907-08 ж. оқушылар ұйымы, «Орал» газеті мен оның белсенді мүшелері Хұсайын және Хадиша Ямашевтердің іс- қимылдары). Бұларға қарсы осы жылдары «қара жүздіктер» қызметі жандандырылды, үкімет айналасында ұлтшыл ұйымдар қолдау тапты.
1912 ж. Орал қаласында 104 өнеркәсіп ошағы болды, оның 79-ында 129 ғана жұмысшы бар еді. Қала өнеркөсібінің жалпы енім көлемі 5271809 сомды құрады. Бұл соманың дені жалпы өнімнің 91,4%-ін беретін бес бу диірмені (3750 мың сом) мен шарап зауытына (1073 мың сом) тиесілі еді. Яғни қалғаны өзге 98 кәсіп орынга тиесілі, бір мекемеге жылына 4,5 мың сомнан келді. Бұл арға негізгі жұмыс қол күшімен атқарылатын сабын қайнату, ішек өңдеу, қыш құмыра дайындау және т.б. шеберханалар жатты. Сондай-ақ механикалық шеберхана, баспахана, 155 квт қуаты бар шағын электрстансасы (1908) жұмыс істеп тұрды. Бірінші дүниежүзіліксоғыс жылдарында Бұл ардың қатарын соғыс қажетін өтеу үшін ұйымдасты- рылған қасапхана, жүн басу фабрикасы және басқа кәсіпорындар толықтырды.
Патша өкіметінің аграрлық саясаты
20 ғ-дың басында Орал облысына патша өкіметінің аграрлық саясаты қарқынды жүргізілді. Мөселен, 1906-16 ж. қоныс аударушылар үшін қазақтардан көлемі 87929 десятина болатын 136 жер учаскесі тартып алынып, оған 54513 қарашекпен қоныстан- дырылды. Осы жылдары өр түрлі мекемелердің қызмет ауқымы ұлғая түсті. Оралда 1908 жылы өзара несие қоғамы құрылды, ал 1913 жылы казак-орыс серіктестігінің — 40, қоныс аударушылардың 19 шағын несие мекемелері жұмыс істеді. 1912 жылдан бастап қазақтар қоныс аударушылардың — 9, казактардың 2 қаржы мекемесіне қатысты. 1914 ж. әрбір 1000 адамның 14-інің жинақ кассаларында өз салымы болды. 1914 ж. тұтанған бірінші дүниежүзіліксоғыс Жайық әңірі халқын өбден күйзелтті. Мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жаппай реквизициялау, алым-салықтың өсуі, инфляция облыс тұрғындарының наразылығын туғызды. 1914- 15 жылдары казак-орыстар иелігіндегі жерлерде егіс көлемі 14%-ке кеміді, ал қазақтардың бағымындағы мал саны 1913-17 ж. 2206 мыңнан 397 мың басқа дейін құлдырады. Казак-орыстарды майданға мобилизациялау, қазақтарды тыл жұмысына алу елкеде өкіметке қарсы халықтық толқуларды ершітті. Орал облысы бойынша 50 мыңнан астам адам ескер қатарына шақырылуға тиіс еді. Отаршылдық езгі мен әлеуметтік әділетсіздіктің күшеюі, жерді тартып алу, алым-салықтың кебеюі, ұлт араздығын қоздыру, орыстандыру саясаты, империалистік соғыс күйзелткен қалың бүқара жағда- йының күрт нашарлауы — 1916 жылғы ке- терілістің түтануының басты себептері болды. Өзінің сипаты жағынан бұл отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтеріліс еді.
Көтеріліс
Көтеріліс шілденің 4-і күні Ілбішін уезінде 1000-ға жуық сойылмен, мылтықпен қаруланған қазақтар телеграф байланысын үзбекші жене қоныс аударушылардың мекендерін талқандамақшы болған кезден басталды. Темір уезіндегі Преображенский кенті талқандалып, мал мен қүны 3000 сомға жуық дүние-мүлік тәркіленді. Тамыз айында көтеріліс шілер Орал уезі Шілік болысын шапты. Оларды Шомақ Қүсмағамбетов, Ықсан Терекбаев, Құдайберген Байменов бастады. 1916 жылдың жазында наразылық Шыңғырлау болысына жайылды, 5-ауылдың қазақтары өскерге шақырушылардың тізімін беруді талап етті. Толқу Бөкей Ордасын түгел қамтыды.
Көпшіліктің стихиялы бас көтеруі ақсүйектердің кейбір бөлігін алаңдатты. 1916 жылдың 25 шілдесінде Бөкей Ордасынан Петерборға «25 июнь жарлығының» күшін тоқтату жөніндегі өтінішпен құрамында Ғабдолла Мұқашев, Жүмағали Қарашев, Батырқайыр Ниязов, Ишанғали Меңдіханов бар делегаңия аттанды. Қазақ жұрты босқа қанға бөкпес үшін ұлттық интеллигенция көтерілісшілерге бағытталған соққыны барынша тежеуге күш салды. Осындай мақсатпен 1916 ж. 3 қарашадан бастап Орал орталық қайырымдылық комитеті жұмыс істеді, оның болыстық комитеттері, Темірде ерекше бөлімі құрылды. Комитеттің араласуымен 1013 пар іш киім, 445 жылы бешпет, 50 шалбар, 16990 сом қаражат жиналды. Сондай-ақ интеллигенция өкілдері, мәселен, Бөкей Ордасынан Шафқат Бекмұхамедов тыл жұмысына алынған жігіттерге жөрдемдесу үшін майдан шебіне аттанды. Орал облысындағы көтерілістің шектеулі аймақтарға таралғанына қарамастан оны басып-жаншу үшін Орал қосалқы жүздіктерінің 5 взводы мен 2 казак-орыс командасы жіберілді. Патша өкіметі тіптен дін өкілдерін де жазалады. Мәселен, молла Бажиғали Мөулембердиев тұтқынға алынды. Халықтың толқуларын Орал социал-демократтар мүшелері А .Ізбасаров, С. Меңдешев және басқалар басқарды.
Қала жұртшылығының демонстрациясы
1917 ж. көктемде (13 наурызда) Оралда патшаның тақтан тайғанын тойлаған қала жұртшылығының демонстрациясы болды. Осы күндері патша өкіметінің құлауын қүптаған қүттықтаулар Орал қаласына Темірден, Калмыковтан, Доссордан, Жылойдан, Сахарнов, Ілбішін, Сламихин станицаларынан, Жымпиты, Елек, Покровск болыстарынан, Ойыл, Қаратөбе, Қызылқоға және басқа қазақ болыстарынан келіп түсті. Уақытша үкімет ең алдымен 1916 ж. көтерілісшілерге қарсы репрессияны тоқтату (1917 ж. 6 наурыз) және жігіттерді тыл жұмысынан қайтару туралы (1917 ж. 5 мамыр) жарлық шығарды. 1917 жыдцың жазында барлық елдегі сияқты Батыс Қазақстан өлкесінде де қос өкімет орнады. Қазақ және орыс кедейлерінің наразылығы облыстың оңтүстігіне кең жайылды, олар қоныс аударушылар қорының, Орал казак-орыстар мен қазақ байларының жерлерін тартып алды. Уақытша үкімет қызметінің қарама-қай- шылығы Орал облыстық комиссарының телеграммасынан көрінеді, онда ол ел ішіндегі бей-берекет әрекеттерді басу үшін 3-4 казак-орыс жүздігін жіберуді талап етеді.
Облыс қазақтарының съезі
1917 жылдың саяси оқиғаларына ұлттық интеллигенция белсене араласты. 10 наурызда облыс қазақтарының өкілдері өз комитетін (тәрағасы Ғ.Әлібеков) құрып, Орал азаматтық комитетіне Ә.Көсепғалиев, Ғ.Әлібеков пен Б.Қаратаевты делегат етіп жіберді. 19-20 сөуірде 800 адам қатысқан облыс қазақтарының съезі болып өтті. Оны өткі зуге А.Қалменов, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Әлібеков, Х.Ахметшин, И.Арғыншиев белсене араласты. Съезде 20 адамнан тұратын комитет сайланды, қоныс аударушылардың көшіп келуін тоқтату, ауыр алым-салықтарды жою, көші-қон еркіндігі, сауда-саттықты ұлғайту мәселелері шешілді. Сондай-ақ дін ұстану еркіндігі, баспасөз бен сез бостандығы, қазақтар арасында оқу-білім тарату меселелері де қойылды.
Съезд өкілдері
Съезд өкілдері 1917 ж. 21-28 шілдеде Орынбор қаласында болып өткен 1-жалпықазақ съезі жұмысына белсене араласты, оған Халел Досмұхамедов терағалық етті. Қазақстанның автономиясы туралы мөселе кетерілген съезд шешімдері тартып алынған қазақ жерлерін қайтару, қазақ милициясьш құру , басқаруды земствоға өткізіп беру, ескі сот жүйесін жою, діни мекемелерді қайта құру , әйел теңдігі жене т.б. қамтыды. Съезд Құрылтай жиналысына әр өлкеден үсынылған депутаттарды анықтады. Оған Орал облысынан Х.Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Н.Ипмағанбетов, С. Қаратілеуов, Ғ.Әлібеков, Ғ.Бердиев, Г.Есенғүлов жене Бекей Ордасынан Б.Қүлманов, У.Танашев, Б.Ниязов сайланды. Сондай-ақ «Шураи Ислам» ұйымына мүшелікке Орал облысынан Ж.Досмұхамедов, Бөкей Ордасынан У.Танашев жіберілетін болып келісілді. Қазақ интеллигенциясының күшімен «Алаш» партиясы құрылды. 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында 2-жалпықазақ съезі болып өтті. Қазіргі Қазақстанның барлық аумағында «Алашорда» Уақытша Халық Кеңесінің басқаруымен «Алаш» ұлттық автономиясын құру жөнінде шешім қабылдаған бұл съезге де облыстағы қазақ интеллигенциясының өкілдері белсене қатысты. Алашорда мүшелігіне Орал обдысынан X.Досмұхамедов, ал Бөкей Ордасынан У.Танашев енді.
Облыстық Кеңестер съезі
1918ж. 18-24 наурызда Орал қаласында облыстық Кеңестер съезі шұғыл шақырылды. Оған қатысушылар облыс көлемінде кеңес өкіметін мойындап, казак-орыстардың Әскери (войсковой) үкіметі пен Алашорданың Батыс бөлімі үкіметін тарату туралы шешім қабылдады. Облыстық кеңестің атқару комитеті құрамына П.А.Дмитриев (төраға, болыпевик), Д.Колостов (екінші тораға, солшыл эсер), Ә.Әйтиев (төрағаның орынбасары өрі күзет комиссары), Б.Қаратаев (юстиция комиссары), П.Червяков (халық ағарту комиссары), А.Аламзов (егін шаруашылығы комиссары), П.Паромонов (еңбек комиссары), С.Пужалин (азық-түлік комиссары) және т.б. енді. 28 наурызда облыстық Кеңесті Орал казачествосы мен войсковой үкімет талқандады. Кеңес мүшелері мен оған қатысы бар 60- қа жуық адам тұтқындалды, тек Кеңестің 17-18 мүшесі ғана бассауғалап үлгерді. 1919ж. көктемде Орал қаласын ақ гвардияшылар қоршауға алды. Екі айдан аса қиян- кескі қорғаныс 11 шілдеде қала гарнизоны бөліміне В.И.Чапаевтың Дербес тобы қосылғанға дейін созылды. Орал майданы әскері 1919 жылдың қазан-желтоқсан айларында Батыс Қазақстанды ақ гвардияшылардан толықтай тазартты. Ұрыс қимылдарына 1-ші үлгілі қазақ атты әскер полкі (әскери көмиссары Б.Және кешев, саяси қызметкерлері Х.Чурин, Ж.Сәрсеков, Х.Ишанов), 2-ші қазақ, 1-ші үлгілі Кеңестің қазақ полкі және басқа мұсылман құрамалары қатысты.
Азамат соғысы
Азамат соғысы бұл өңірге орасан зор ауыртпалық әкелді. Соғыс пен террордан, аштық пен аурудан көп адам (оның ішінде өйелдер мен балалар да бар) шығын болды. Үйлер өртеліп, елді пункттер (станица, кент, ауыл, қыстақтар, т.б.) қиратылды. Аштықтың салдарынан көптеген отбасы ойрандалып, мыңдаған бала ата-анасыз қалды. Қызылдардың ерекше армиясы 1918 ж. Орал қаласына 3 рет шабуыл жасады. Алайда Шығыс майданындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты олар Оралдан уақытша шегінуге мәжбүр болды. Қызыл Армия бөлімшелері Орал қаласына тек 1919 ж. 24 қаңгарда кірді. Оңтүстік бағытта ұрыс сала алға жылжыған олар ақырында ақ казактар армиясының қоршауында қалды. Қызылдар бөлімшелері Орал қаласына қайта шегініп, 79 күнге созылған қорғанысқа көшті. Олар 1919 ж. 11 шілдеде В.И.Чапаев басқарған ерекше өскер тобымен қосылды. Мұны ң нөтижесінде Колчак пен Деникин өскерлерінің Мәскеуге бірігіп соққы беру жоспары жүзеге аспай қалды. 1919 жылдың 4 қазаны мен 26 қазаны аралығында ақтар Орал қаласын қайтадан алу үшін кескілескен шайқас жүргізді. Фрунзенің басқаруымен Түркістан майданының өскерлері Орал қаласының қоршауын бұзып, ақ казактарды Жайық өзенінен әрі ығыстырды. Сейтіп Ілбішін, Жымпиты, Сламихин және Калмыков кенттерін қызылдар басып алды. 1920 ж. 5 қаңтарда М.В.Фрунзе В.И.Ленинге: «Жайық майданы жойылды», — деп телеграмма салды. Одан өрі қызылдар оңтүстік бағытта шабуыл жасай отырып, Атырауды, Доссорды және Ембіні ақтардан азат етті. Осы соғыста қорғансыз қазақ ауылдары қызылдардан да, ақтардан да қиянат көріп, азап шекті.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру
1923 ж. басталған халық шаруашылығын қалпына келтірудің алғашқы жылдары қирап бүлінуден аман қалған ескі құрал-жабдықтар ғана жөнделіп, іске қосылды. Облыс өнеркөсібін қалпына келтіру мен қайта құру барысында 1926 ж. қарашада губерниядағы ең қуатты бұрынғы Карев байдың диірмені іске қосылды. Сонымен бірге былғары кәсіп орны мен механикалық зауыт жаңа станоктармен, құрал-жабдықтармен қайта жарақтандырылды. 1927 ж. тамызда қалпына келтірілген консерві зауыты Орал қаласындағы барынша механиқалаңдырылған кәсіпорынға айналды. 1928 жылдың тамыз айында құрылысы басталған жаңа электр станциясы келер жылдың соңында ток берді. 1929 ж. қолға алған қасапхананың қайта жарақтандырылуы біткен кезде ол шын мәнінде жаңа кәсіпорынға — Орал ет комбинатына айналды. Бірінші бесжылдықтың соңында оның 11 негізгі, 7 қосалқы цехында 1600-ден аса жұмысшы еңбек етті, күн сайын 800 бас ірі қара өңделіп, 25-30 мың банкі ет консервісі дайындалды. Құны 23 мың сом, үзындығы 264 км Орал-Орынбор темір жолы соғыс қарсаңындағы бесжылдықтың ірі құрылысы болды. 1931 ж. мия өндеу зауыты іске қосылды.
II-дүние жүзілік соғыс жылдарында
2-дүние жүзілік соғыс жылдарында бірінші кезекте облыс тұрғындары мобилизацияланып, майданға аттандырылды. Батыс Қазақстан облысында соғыс қарсаңында 395.631 адам тұратын, 1938-40 ж. әскер қатарына 2552 адам шақырылса, 1941 ж. 22 шілде мен 31 желтоқсан айлары аралығында —22.943, 1942 ж. 28.338, 1943 ж. — 13.373, 1944 ж. — 8.084, 1945 ж. — 1335 адам, яғни барлығы 1938-45 ж. — 76.635 адам алынды. Соғыс 36.548 батыс қазақстандықтардың өмірін қиды, оның 15.695-і ұрыс кезінде опат болды. Әскерге шақырылғандар мен майдан даласынан оралмағандардың ұлттық құрамы мынадай: қазақтар — 206.546 — 22.105; орыстар — 138.709 (1941 жылы шақырылғандар) — 2.425; татарлар — 9.964 (1941) — 602; өзбектер — 501 (1941) — 18; басқа ұлт өкілдері — 10588 (1941) — 453 адам. Облыста 1300 төсектік 3 госпиталь ұйымдастырылды. К.Н.Тимофеев, З.А.Латипова сияқты дәрігерлердің ерен еңбегі айтуға тұрарлықаласыОблыстың экономикасы соғыс жағдайына лайықталып қайта құрылды. Зауыттар мен фабрикалар өскерге қажетті өнімдерді беруге бейімделді. Орал ет комбинаты ет консервісін өндіруді 4 есеге арттырды. Комбинат жұмысшысы Ермұқатованың еңбектегі ерлігі тылдағы жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Облысқа Ленинградтан, Мәскеуден, Киевтен, т.б. қалалардан 47032 адам жөне 14 кәсіп орын көшіп келді. 3—4 айдан кейін олардың барлығы толық іске қос ылды. Ауыл шаруашылығын қайта құру жөнінде де көптеген жұмыс атқарылды. Техниканың әскери мекемеге берілуіне жөне механизаторлардың жаппай майданға аттануына байланысты ауыл шаруашылығыжұмыстарының негізгі бөлігі қолмен атқарылды. Соған қарамастан селодағы жұмыс қарқыны толастаған жоқ .
«Коминтерн» ұжымшары
«Коминтерн» ұжымшарының А.Тұрғалиева басқаратын бригада аптап ыстыққа, еңбектің ауырлығына төзіп, 7 күн бойы егістік алқапта үзіліссіз еңбек етті. Сөйтіп, олар мемлекетке астық тапсыру жоспарын 110%- ке орындап шықты. Тылдағы ауыр еңбекке балалар, қариялар да, қала тұрғындары да тартылды. Жайық бойы Сталинград майданына ең таяу орналасқан аймақтардың бірі болды. Ал неміс фашистері әскерінің Еділге өңмендей үмтылуы Сталинград майданы ты- лындағы жұмыстардың өте мұлтіксіз ұйымдастырылуын талап етті. 1942 ж. 21 қазанда КСРО Хал. Ком. Кеңесінің өкімімен Орал қаласыеліміздегі әуе қорғанысы пунктінің қатарына жатқызылды. Жаудың авиациясы Жәнібек және Орда ауд-ндағы үйлерді, вокзалдарды, өнеркәсіп орындарын, мектептер мен ауруханаларды жиі-жиі бомбалап отырды. Жергілікті жердегі зенитшілер мен 102- авиадивизия ұшқыштары немістердің ондаған ұшағын құлатып түсірді. 1942 ж. 11 қыркүйекте әскери ұшқыш Д.В.Гудков (кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріл- ді) әуедегі шайқаста В. Талалихиннің ерлігін қайталады. Теміржолшылардың Орал бөлімшесі пойыздар қозғалысы жиілігін арттырса, ауыл шаруашылығыеңбеккерлері Сталинград жауынгерлеріне арнап ет, т.б. өнімдер өндіруді едәуір көбейтті. Ал майдандағы со- ғыс барысының күрт өзгерісі (1943) кезінде Оралдағы өнеркесіп орындары соғыс қаруын, оқ-дәріні және әскери жабдықтарды өндіруді 2 есе арттырды. Жылдың құрғақшылық жағдайда етуі сырттан келген малдың күтімін жасауға кеп қиыншылық келтірді. Батыс қазақстандықтар басқыншылардан азат етілген Ленинград обл-ның аудандарын шефтік қамқорлыққа алды. Оларға 5 мың ірі қара, 156 мың пұт астық, 36 мың пұт ет, т.б. енімдер жіберілді. 1941- 45 ж. облыс бойынша мемлекетке 368, 1 мың т астық, 74.393 т ет 92.792 т сүт және 4.984 т жүн тапсырылды. Облыс еңбеккерлері 1943 ж. Қызыл Армияны жарақтандыру қорына 360 г алтын, 536 г платина және 14 кг 234 г күміс еткізіп, 56 млн сом ақша аударды. Сондай-ақ майдангерлерге 100 вагон азық- түлік пен 90 мың дана жылы киім жіберді. Облыс бойынша Ұлы Отан соғысы кезінде ескерге 80 мың адам алынды. Орал қаласында жеке 152-атқыштар бригадасы ұйымдастырылып, ол Сталинград майданына, Дондағы Ростов қ-н, Мелитополь, Висла, Одер жерлерін азат етуге қатысты. Ұлы Отан соғысы кезінде Батыс Қазақстан обл. бойынша 33 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыс жылдарында
Соғыс жылдарында Батыс Қазақстан облысында Қызыл Тулы 118-101-ші дербес қазақ ұлттық атқыштар бригадасына біріктірілді жене жекелеген қазақ белімшелері 7-ші, 8-ші атқыштар полкінде, 129-шы Молодечненск миномет полкінде болды. Орал қаласына Одесса жаяу ескер училищесі, Ленинград әскери училищесі, Кіші авиация мамандарының мектебі, Ленинград әскери байланыс училищесі кешірілді. Облыс бойынша Кеңес Одағының Батыры атағына ұрыс даласында қаза тапқан А.Борисюк, М.Жүнісов, С.Есқалиев, И.А.Мордасов, Г.В.Наумов, Е.Ниетқалиев, Г.Г.Рамаев, A.Я.Тихоненколар жене осында туып-өскен B.Н.Хитев, Г.И.Чумаев, Г.Шевуовтар ие болды. Шығыс халықтары қыздары арасынан шыққан қос Батырдың бірі — Мөншүк Мәметованың есімі мен ерлігі аңызға айналды. КСРО-ның ете маңызды стратегиялық пункгі болған Батыс Қазақстан облысы соғыс жылдарында өнеркәсіпте де, а. ш-ғында да үлкен үлес қосып, Жеңіс күнін жақындата түсті. Отан соғысы жылдарында Батыс Қазақстан Сталинград майданының жақын тылы болды. 1942 жылдың жазынан бастап Қазақстанның батыс аймақтары әскери қимылдар қатарына қосылды, соғыс жағдайы енгізілді, алты қорғаныс шебін құру ға дайындық жасалды, ұрыс қимылдары үшін әскери күш пен қару-жарақ есептелді. Орал қ- ның мекемелері мен еңбекшілері шефтік кемек ұйымдастырды.
Соғыстан кейінгі жылдарда
Соғыстан кейінгі жылдарда облыс пен Орал қаласының барлық кесіпорындарында үлкен өзгерістер болды, зауыттар ендіріс өнімдерін өндіруді ұлғайтты. Оларда атақты ендірісшілер: Соц. Еңбек Ерлері Л.И.Гуль, О.С.Кулешева, В.В.Ануриев, П.А.Атоян, З.С.Сатаев жене т.б. еңбек етті. Облыс ұжымшар-кеңшарларының а.ш. техникасын жөндеу үшін 1955 ж. Орал жөндеу зауыты салынды. 1966-70 жылдары ол қайта жарақтандырылып, күш-қуаты арта түсті. 1987 ж. зауыт сүрлем жинайтын КС- 26 комбайнын шығара бастады. Облыс өнеркесібі сегізінші, тоғызыншы жене оныншы бесжылдықтар кезінде барынша дамыды. 1960 жылдары Орал қаласында ТЭЦ, арматура зауыты, ірі панельді үй құрылысы мен құрылыс материалдары комбинаты салынды. Жаңадан сүт, нан, сыра қайнату, құрама жем зауыттары, құс фабрикасы және т.б. іске қосылды, мехкомбинаттың қуаты ұлғайтылды. Тоғызыншы бесжылдықтың межесінде «Омега» прибор құрылысы зауыты, «Металлист» тігін және киіз бастыру фабрикасы салынды. Он бірінші бесжылдықта «Оралмұнайгазгелогия» мұнай-газ барлау бірлестігі құрылды. Бірегей Қарашы- ғанақ мұнай-газ конденсаты кен орны базасында «Қазақгаз» мемл. холдинг компаниясы ұйымдастырылды. Норвегия, Жапония және басқа шет елдерге өнімін экспортқа шығаратын мия өндеу зауыты «Қазақлакрица» жаңа өндіріс корпусына көшірілді. Облыс аумағында өнеркәсіптің түрлі саласын қамтитын жүзге жуық кәсіп орын бар. Облыс орталығының өнеркәсіп кәсіпорындары 30 шет елге өз өнімдерін өткізеді.
Тәуелсіздік жылдары
Орал қаласы — тоғыз жолдың торабы, Мұнда астана мен облыс орталықтарына, жақын және алыс шет елдерге темір жол, ауа, су, және автомобиль жолдары тоғысады. Еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, дербес даму жолын таңдауына байланысты Батыс Қазақстан облысының саяси-әлеум., экон. өмірінде, жергілікті басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. 1992 ж. республикада әкімшілік басқару институты енгізіліп, облыс әкімі Н. Есқалиев (1992-93)болды. 2000 жылдың желтоқсан айынан облысты қаласын Көшербаев басқарады. Жергілікгі басқару жүйесінде облыстық мәслихаттың да алатын орны зор. Бұл өкілетті билік органы тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністен сайланған депутаттар арқылы облыс тұрғындарының ерік-жігерін білдіреді. Сондай-ақ батыс қазақстандықтар республика ауқымындағы маңызды мемл., қоғамдық шараларға белсене қатысьш, саяси- құқықтық және экон. реформаларды жүзеге асыруға үлес қосып келеді. Мәселен, еліміздің жоғары заң шығарушы органына А. Есенғалиев, В.Б. Бодолазов, Э. Ғаббасов, В.В. Киянский, Т.Сапаров, Р. Сүйербаев (1994), М. Артығалиев, С. Мүқанов (1996), В.Б. Асанов, Қ.Шалабаев, В.Я. Землянов (1999), сондай- ақ В.И. Балдин, А.Таспихов, Р. Ахметов депутат сайланды. Облыс тарихында жергілікті экон., әлеум.-мәдени дамуына үлес қосқан басшылар есімі қүрметпен аталады. Мәселен, кеңес өкіметі жылдарында обл. партия комитетін К.М. Аммосов (1932), I. Құрамысов (1934), Х.М. Пазиков (1937), М.С. Салин (1946), С. Тоқтамысов (1955), С. Ниязбеков (1959-62), Ш. Қоспанов (1962-75), М. Ықсанов (1975-86), Н.Есқалиев (1986-92), обл. атқару комитетін әр жылдарда X. Ищанов, Ғафиатуллин, П.П. Волошко, В.И. Подъяблонский, М.И. Усов, В.К. Гартман басқарды.
Пайдаланған әдебиттер
↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8