Елдес Омарұлы Тиесов

Тиесов, Елдес Омарұлы— қоғам қайраткерi, ғалым (лингвист және математик), публицист және аудармашы.

1917 ж. Орынбор қаласында өткен 2-ші бүкiл қазақ-қырғыз құрылтайында Қазақстанда ұлттық автономия — Алаш Орда атты өкiмет құру туралы шешiм қабылдаған болатын. Бұл бастаманың басында «Алаш» партиясы тұрды, ал осы бағдарламаның авторларының бiрi замандастары жан-жақты бiлiмi, таланты үшiн қазақтың Ломоносовы деп атаған белгiлi Елдес Тиесов болған едi.

1892 ж. ақпанның 29[1] Қостанай уезiнiң Қонай ауылында дүниеге келген (қазiргi Г. Белинский атындағы агроконцерн, Таран ауданы).

Алғашында Елдес ауылдың молдасынан хат таныды, содан соң Қостанай орыс-қазақ училищесiн бiтiрiп, Добай ауылында мұғалiм болып жұмыс iстейдi.

Үш жыл (1917 ж. ақпан айына дейiн) жергiлiктi соттың кеңсесiнде қызмет еттi. Сол жылдары оны Минск қаласындағы Земство Одағына хатшы қызметiне шақырады. 1917 жылы оқулық дайындау комиссиясының мүшесi етiп тағайындайды.

Азамат соғысы жылдары Елдес Омарұлы Қостанай уезi бойынша «Алаш Орданың» комиссары және Қостанайдағы бөлiмшесiнiң төрағасы дәрежесiнде қызмет еттi.

1920 жж. бастап Орынбордағы халыққа бiлiм беру комиссариатының мектеп бөлiмiнде қызмет ете жүрiп, өлкелiк академиялық орталықтың қызметкерi болды.

Елдес Омарұлы да «халық жауы» деп айыпталып, ОГПУ-дың үкiмiмен 58 бабы бойынша он жылға сотталды. Көп кешiкпей сол ОГПУ Елдес Омарұлын ату жазасына кестi, бiраз уақыт өткен соң бұл үкiм өзгертiлдi.

Алғашқы жылдарын (оған дейiн Елдес Мәскеудегi Бутырка түрмесiнде отырған) ол Карелияда өткiздi. 1933 жылдың шiлдесiнде Елдес Омарұлы мерзiмiнен бұрын босатылды, бiрақ ол бостандық көпке ұзамады.

Елдес Омарұлы алғашқылардың бiрi болып Мұхтар Әуезовтың ғылыми еңбектерi туралы пiкiр жазған. Ол М. Әуезовтың еңбектерiне жоғары баға бердi. Мұхтар Әуезов 1927 жылы туған ұлының атын Елдес Омарұлының құрметiне Елдес деп қойды.

Е. Тиесов — көптеген оқулықтардың авторы. Атап айтқанда, математика, алгебра, физика, тригонометрия, геометрия оқулықтарын орыс тiлiнен, немiс тiлiнен аударып, өңдеп, өзi толықтырып отырды. Көптеген геометриялық терминдер Е. Омарұлының аудармасында мәндi де, мағыналы. Мысалы, геометрия — пiшiндеме, теорема — түйiн, трапеция — қостабан т.с.с.

Ғылыми еңбектерiнiң басым көпшiлiгiн орыс тiлiнде жазған. Оның iшiнде «Упражнения по синтаксису» (Синтаксис жаттығулары), «О сочетании звуков казахского языка» (Қазақ тiлiндегi дыбыс үндестiгi), «Новые правила о казахском шрифте» (Қазақ қаріптерiнiң жаңа ережелерi), «Ученая деятельность Ахмета Байтурсынова» (Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерi) сияқты еңбектерi орыс тiлiнде жазылған. Ал, бастауыш сыныптарда өзi жазған «Әлiппенi» қолданды. Бұл оқулық қазақтың мақал-мәтелдерiне, билердiң шешендiк сөздерiне негiзделген. Өкiнiшке орай, бұл оқулық баспадан шықпай қалды.

Ғалымның жеке өмiрi де бақытты болған жоқ. Оның зайыбы Ташкент қаласындағы Алмания консулының қызы Эльза Адамовна Берте болатын. Тұңғышына Кенесары Қасымовтың құрметiне Кенехан деген ат қойды. Кейiнiрек әйелi мен баласының өмiрiне қауiп төнбесiн деп ажырасып кетедi. Ал, ұлының туу туралы куәлiгiнде Генрих Берте деп жазылды. Ұлының тағдыры белгiсiз, тек қана II Дүниежүзiлiк соғысқа қатысқаны, ұшқыш болғаны туралы қысқа ғана дерек бар.

Белгiлi ғалым Елдес Омарұлы ғалым-филолог Телжан Шонановпен көп жылдар бойы дос болды. 1937 жылы Шонановқа «халық жауы» деген айып тағылғанда, Е. Омарұлы досының сөзiн сөйлеп, құтқарып қалғысы келдi, бiрақ оның өзiне де «халық жауы» деген жалған айып тағылды. Алдымен, ҚазГУ-дiң жатақханасында тұрып жатқан жерiнен шығарып жiбердi. 1937 жылдың 20 қарашасында ол тұтқындалып, желтоқсанның бiрiнде ату жазасына кесiледi.

Е. Омарұлы тек 1989 жылы ғана ақталды. 1997 жылы бұрынғы Қостанай орыс-қазақ училищесiнде (қазiргi көркемөнер мектебi) даңқ таңбасы ашылды.
Түсініктемелер

↑ Бұл күн тек төрт жыл сайын кібісе жылда келетін болғасын, ережелер бойынша құжаттарда наурыздың 1 деп көрсетілген

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *