Денсаулык және ерік

Денсаулык және ерік
Адамның басына түскен қиындықтарды жеңу үшін оның еркі болуы керек. Еркі күшті адам әр қашанда өзінше тіршілік етеді, ешкімнің кеңесін қажет етпейді. Әр қашанда өзінің алдына қойған мақсаттарына жетіп отырады.

Адамдардың алға қойған мақсаттары неше түрлі ішкі және сыртқы қиындықтарға байланысты біркелкі орындалмай қалады. Еркі күшті адам мұның бәріне төтеп беріп, өзінің мақсаттарын түгелдей орындап отырады. Ерік адамдардың нерв жүйелерін де қарқында дамиды. «Үлкен ерік деп жазды ұлы педагог
А. С. Макаренко — тек өзінің алдына қойған мақсаттарын ғана орындап шығу емес, сонымен бірге өзіне жағымсыз, залалды заттардан бірден тастап кетуі (темекі шегу, алкогольмен әуірлену, есірткі заттармен айланысу, улармен әуестенуі Ж. Ж.)». Ерік өзінен-өзі туындайды. Еріктін физиологиялық механизмін ұлы физиолог
И. П. Павлов толығымен анықтап шыққан. Еріктің дамуы екінші сигналды жүйеге байланысты деп И. П. Павлов қорытындыны бірден жасаған.
Қиын жағдайларда адамдардың қиындықты жеңуге деген өзіне тілек және мүмкіндігі (дайындығы) болуы керек. Кандай жағдайлар болмасын адамда қажірлі үміт және үлкен тіршілік сезімі болуы керек. Егер жас балаларды «Сен түк білмейсін деп желкелей берсең, онда белгілі бір теріс сезім пайда болады да, ол дами түседі. Ондай тәрбиеден аулақ болуымыз керек. Біздер еврейлердің жас балаларын қалай тәрбиелейтініне үлкен көңіл аударуымыз керек. Олар өз балаларын сен көп білесің, сен батырсың деп сезім бостандығын күщейтеді. Біреу үйіне қонаққа келсе, балаларын үстелдің үстінде отырғызып, ол кісі не айтады екен деп, одан ол тәрбие және білім алсын, деген ниетпен балаларын жақындатады. Ал біздің қазақтарда, жасыратыны жоқ, ондай тәрбие болмаған. Қазіргі кезде қалай екенін мен білмеймін (Ж. Ж.) Жас балаларда күйзеліс әрекетіне деген психологиялық дайындық-күйзеліске тетеп берер дайындық ерік болуы қажет, яғни күйзеліске төтеп беретін еріктің болатынына сенім тудырудың аутогендік жаттығулардың қажеттігіне сендірудің маңызы орасан зор. Сондай-ақ қимыл белсенділігінің психикалық-физикалық жаттығудың, «Шипагер» емі терапиясының «Цигун емінің» белсенді нуктелерді бармақпен басудың, тыныс алу гимнастикасының (оның 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші амалдарының) маңызы орасан зор.
Адам өміріне қауіп-қатер төнген шақта адам қайратты болуы және қалай болғанда да өзін еркін ұстап, жақсылыққа бағыттауы керек. Оған бір мысал. Ұшқыш-сынаушы Марина (Попович ұшақтарды сынап жүріп), бір күні әуелде ұшақты басқару жүйесі бұзылған болатын. Ұшқыштар қаншама тырысқанымен ұшықтың басқару жүйесі тузелмей қойды, ұшқыштар сасқан кезде Марина сумкасынан ерін бояғышты суырып алып ерінін бояй бастаған. Кейіннен ұшақтың басқару жүйесі орнына келіп аман-есен жерге оралған еді. Олар көңілді болған. Бірақ түн ортасында Маринаның нерв жүйесі бұзылып селкілдей бастаған. Бұдан шығатын корытынды: қандай жағдай болса да адам қорықпауы керек. Ержүрек болуы керек. Өмірді сақтап қалу — әркімнің өзіне, психологиялық күйіне, психологиялық саулығына байланысты. Өзін-өзі сыйлау және ұстай білу күнделікті іс әсеріне қарсы тұра білу, қабілетін күшейтеді. Психологиялық саулығын қалыпты ұстайды. Күйзеліс болмау үшін адам нағыз қажетті істермен айланысу керек. Салауатты өмір сүру салтын сақтау, мұнаймау, жағымсыз жерлерден бойды алыс ұстау арқылы жеңудің жолдарын іздеу керек. Осы айтылғандардың бәрі — психопрофилактика больш есептелінеді. Психопро-филактикаиың бір түрі релаксация (босаңсу) — дене мен психиканы керексіз жабырқаудан, бос ойдан адам тез арылтады. Абыржаудан сақтайды.
Музыка терапия адамды абыржудан босатып тез сергітіп, жібереді. Ал вакалотерапия көңідді бірден көтереді. Психопрофи-лактиканың екінші түрі — өзін-өзі сендіру. Оған аутогенді жаттығулар көмектеседі.
Әр адам психологиялық реттеуіш әдістерін үйреніп, оларды белгілі бір тәртіппен қолданып, стресс кездеріндегі өз жағдайының тұрақтылық деңгейін көтере, ұстамдылықты дамыта білсе, онда адамның еңбекке деген қабілеті жақсара түседі.
Адам өзінің жағдайын бағалауы, жақсартуы, өзінің-өзіне деген сенімін тудыруы үшін бірнеше жаттығуларды жасау керек
(X. Қ. Сәтбаева және т. б. Алматы, 1999).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *