Дене шынықтырудың биохимиялық негіздері

Дененшынықтырудың биохимиялық негіздері
Дененшынықтырумен Ресей халықтары көне заманнан бері айналысқан. Орыс деревняларында ыстық моншаға түсіп, оның буына қаныққан адамдар далаға шығып алып қарға аунап, қайтадан ыстық моншаға түсіп буға оранған. Мұның өзі денсаулықтың негізі еді.

Сондықтан да орыс адамдарының дені әр қашанда сау болған. Қазақтар күндіз-түні далада мал бағып, денесін үнемі шынықтырып жүрген. Белгілі бір жағдайларда адам өз ағзасының ауа-райының қолайсыз әсерлерімен және айналаны қоршаған сыртқы орта факторларынан қорғаныс қабілетін күшейте түседі. Бұған жүйелі және ұтымды түрде жасалған валеологиялық жаттығулар жасаумен қол жеткізуге болады. Ағзаны шынықтыру деп осыларды айтуға болады.
Әдетте шынықтыруды ағзаның суыққа деген төзімділік тұрақ-тылығының деңгейі деп кейбір ғалым-физиологтар мен медиктср түсіндіреді. Өйткені суыққа деген жоғары сезімталдылық қалыпты жағдай бойынша тұмаумен (грипп) қосақталып келіп, ағзаны нашарлатады. Ең алдымсн тыныс жоддары қабынып, мұрыннан үздіксіз су ағады. Ағзаның температурасы кенеттен жоғарылайды. Алайда шынығуды тек дерттің алдын алудың тәсілі деп түсінудің қажеті жоқ, сондай-ақ, ағзаның қорғаныс қасиетін жоғарылататын және сан алуан климаттық жағдайларда қызмет етуге қабілет-тіліктің төмендеуі деп түсіну керек.
Шынығудың физиологиялық-биологиялық негізі ағзаның айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларына сай икемділік мүмкіндіктерін белсенді түрде дамытады.
Шынығу кезінде ағзаның біріншіден, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен арадағы биологиялық тепе-теңдікке жету, екіншіден, ағза ішіндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістер арасындағы бұзылмаған қальшты сақтау. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен қашан да, қай мезгілде, жыл маусымдарында болмасын ағза биологиялық тепе-теңдікті сақтай алса, онда адам ұзақ уақыт өмір: сүреді. Ғұмыры ұзақ болады. Ал егер, биологиялық тепе-теңдік бұзылған кезде, онда адам тіршілік үрдісін тоқтатады. Тіпті қальшты жағдайдың өзінде де ағзада қалыптан тыс ауытқулардың үзіліссіз өзара ықпал әрекеттері өтіп отырады. Олардың керекті ағзаның икемдегіш типтік-тегершіктермен жедел жөнге келтіріліп отырады. Бұл табиғат күшіне байланысты жүреді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *