Гидрожүйе әрекеті агрегаттарының құрылысы мен әрекеті

Гидрожетекті ауа таратқыштың ауа тазарту механизмі. Двига-тель радиаторынық өзегін майда сабан мен шаң-тозаңнан қорғау үшін ауа таратқыш орнатылған. Ауа таратқыштың ішіне гидро-жетекті механизм орнатйлған мұның өзі жүргізушінің кабинадан шықпай-ақ оны тазартып тұруына мүмікіндік береді.

Ауа таратқыштын, көмікермесі шұрық тесікті цинктелген болат каңылтыр, оның тесігінің диаметрі 1,5 мм. Тазарту -механизмі екі клапаннан 13, 17 екі жақты әсер ететін гидроцилиндрден және кла-пандар жетегінен тұрады (95-сурет). Кладандар осі ауа тарат-

95-сурет. Гидроцилиндр және двигатель радиаторы ауа таратқышы-ның торын тазарту механизмі:

а — гидроцилиндр; ә — радиатор торын тазарту механизмі;

және 5 — гильзалар 2 — поршень және 11 — штоктар 4 — центрлеуіш серіппе б және 10 — қалпақшалар 7 және 9 — қуыстар; 8 — дроссельді тесік; 12, 15 және 18 — бөгеуіштер; 13 және 17 — клапандар;14 — рычаг; 16 — гидроцилиндр.

қыштың оң жағыньщ алды мен артына орналасқан. Гидроцилиндр клапандарды өз осінен 90° бұра алады. Мұндай да клапандар ауа таратқыштың он жақ кенересін немесе бір мезетте алдыңғы және артқы кенересін жабады.

Осының нәтижесінде мынадай құбылыс болады: клапандар өз жүрісі аяқталарда ауаның қарсы ағынын тудырады, бұған бө-геуіштер 12, 15 және 18 жәрдемдеседі, клапандардың жүрісі аяк,-талғанда ауа ағыны тиісті кенерелерде толық жабылады. Осының барлығы ауа таратқыштың сыртқы бетінің сабан-топандардан та-заруына мүмкіндік береді.

Клапандар жетегі мен штокта 11 аша бар, солардың көмегімен клапандардың дұрыс орналасуын реттеуге болады.

Гидрожетектің құрылысымен танысайық. Екі жағы қалпақшамен 10, 6 жабылған гильзаға поршень еркін сияды. Поршеные мәнерлі саңылау жасалған, оған радиалды саңылауымен штоктердің 11, 3сақиналы кертпегі сұғындырылған. Цилиндрдің екі қуысы 7, бір-бірімен дроссельді тесік арқылы қатысады. Штоктың құйрығында екі жақты әрекет ететін центрлеуіш серіппе ор-натылған.

Гидроцилиндр трубопроводтармен бітеуіш клапандары жоқ бөлгіштің секцияларына жалғанған. Осы секция бөлгіштерінің тұтқасын жылжытқан кезде май гидроцилиндр қуыстарының бі-реуіне келеді. Мәселен, май 5-қуысқа келді делік. Оның біразы дроссельді тесік арқылы 7-қуысқа өтеді. Қалған май оң жақтағы поршеньге ауысады (егер 95-суретке қарасақ) да, ол тазарту механизмін қозғалысқа келтіріп, серіппені қысады. Қуыс 7 бөлгіш арқылы ағызу кранымен жалғанғанда, май одан еркін ағады. Бөлгіш тұтқасы келесі орын ауыстырғанда май қуысқа 7 келіп, поршень солға жылжиды.

Бөлгіш тұтқасы бейтарап қалпына оралғанда былай болады:

96-сурет. Шанақ вибраторының әрекет ету схемасы:

1 — жоғарғы қуыс; 2 — поршень; және 4 — каналдар; —төменгі қуыс; в — золотник; 7 және 9 — золотниктің бүйір қуысы; 8 — камера; 10 — итергіш; 11 — қуыс.

қуыстардағы 7, 9 қысым (дроссельді тесіктің 8 әсерінен) теңгеріледі; поршень мен тазарту механизмінің клапандары серіппе әсерінен бейтарап қалпына орнығады.

Вибратор. Вибратормен қозғалысқа келетін шанақтың тербел-мелі алаңшасы ылғал дәннің үйіліп қалуын болдырмай, оның тү-сірілуін тездетеді. Вибратор корпустан, штокты поршеньнен және итергіші бар золотниктен тұрады. Оның әрекет ету схемасы 96-су-ретте көрсетілген.

Золотник ең шеткі оң жағында тұрғандағы (а позициясы) оның әрекетін қарастырайық. Мұндай жағдайда насостағы май төменгі қуысқа айдалады, ал жоғарғы қуыс ағызу кранымен жалғанған. Соның нәтижесінде поршень жоғары жылжиды.

Золотниктің екі бүйірінде куыс (оң жағында 7 және сол жа-ғында 9) бар. Олардын екеуі де поршень қозғалған кезде ағызу кранымен жалғанады. Қамераға қысымның айдалуы нәтижесінде золотник оңға қарай барынша сығылады.

Поршень жоғарғы қалпына келгенде (б позициясы) былай бо-лады. Оның жиегін ағызу каналына жалғанған канал жабады,

ал келесі канал айдау қысьшында тұрған қуыспен 11 жалғанады. Бұл кезде 8-камера жағынан гөрі 7-камера жағынан золотникке түсетін қысым әсері анағұрлым көп аумақты алады. Соның нә-тижесінде золотник солға қарай барынша жылжиды. Насос майды жоғарғы қуысқа 1 айдайды, ал төменгі қуыстан 5 ол ағызу кранына кетеді. Поршень төмен жылжиды. Поршеньнің тербелу амплитудасы 2,3—2,8 мм, кезеңдік жиілігі — секундына 20—25.

Поршень төменгі қалпына келген кезде, оньщ жиегі каналды жабады. Сонымен бір мезетте поршень келесі каналды ашады, бул ағызу кранына жалғанған (а позициясы). Золотник сол жақтағы ең шеткі қалпына ауысады да поршеньнің қозғалу процесі қайта-ланады.

Насос-дозатор. СК-5 және СК-6 комбайндарында рульдік доң-ғалақ басқарылушы доңғалаққа гидравликалық жолмен байла-нысқаны жоғарыда атап көрсетілген. Бұл байлайысты наоос-доза-тор жүзеге асырады (97-сурет).

Рульдік доңғалақ білікпен берік байланысқан, ал оның өзі былай жалғанған: кардан білік арқылы майды ығыстыру ролін

97-с0урет. Насос-дозатор:

/ — білік; 2 — корпус; — штифт; 4 — кардан білігі; 5 — золотник; 6 — пластина; 7 — сақина; в — қақпақ; 9 — бағыттауыш 10 — сателлит; 11 — ролик.

174

атқаратын алты тісті сателлитпен 10, штифт арқылы май ағынын бөлу ролін атқаратын золотникпен 5 жалғасқан. Қозғалмайтын бағыттауыштың жеті роликке 11 арналған жеті ойығы бар. Сателлит және роликке барыттаушы үзілмелі ілініс құрайды. Рульдік доңғалақ айналған кезде былай болады: сателлит 10 қоз-ғалмайтын бағыттауыш бойынша планетарлық қозғалыс жасайды да, сонымен ролик 11 арқылы ілініседі (ролигі тісті); сателлит тіс-тері мен бағыттауыш ойықтары аралығында майды айдау және сору қуыеы пайда болады; золотник саңылауы осы қуысты корпустағы тиісті каналдармен жалғайды.

Сателлит бір айналғанда қырық екі жұмыстық көлемді сығып, 120 см2 майды құяды.

Бөлгіш және гидрокөлемді рульдік басқарудың әрекет ету схе-

масы. Насос-дозатор мен бөлгіш басқару алаңшасының астына

орналасқан. Бөлгіш корпустан, екі қақпақтан, золотниктен және

центрлеуіш серіппеден тұрады. Корпусына алты дөңгелек ойық

жасалған. Екі шеткі ойығы — ағызбалы. Ортаңғы екі ойығы бас-

қарылушы доңғалақтың гидроцилиндріне, ал қалғаны екі айдау

ойығына жалғанған. Айдау ойықтары өзара каналмен жалғанған.

Ағызу ойығы да бір-бірімен өзара байланысқан. Әрбір қақпаққа

насос-дозаторға жалғанған штуцер бұрап кіргізілген. Корпуста

тағы да төрт штуцер бар — екеуі гидроцилиндрге, ал қалған екеуі

айдау және арызу магистралдарына жалғау үшін қажет. Золотник

пен корпустың аралығындары саңылау 0,006—0,18 мм. Золотник

жүрісі екі жағына бірдей 4 мм.

Комбайнды гидрокөлемді құрылғымен басқарғанда мынадай екі вариант кездеседі:

а) двигатель жұмыс істейді, демек, гидрокөлемді құрылғының әрекетіне күш насосы да қатысады;

ә) двигатель жұмыс істемейді де, басқарылушы доңғалақтың бұрылуы насос-дозатордың, бөлгіштің және гидроцилиндрдің кө-мегімен атқарылады.

Рульдік доңғалақ қозғалмай тұрған кезде насос-дозатор ешбір әрекет етпейді де, бөлгіш золотнигі центрлеуіш серіппенің әсерінен бейтарап жағдайға орнығады. Насос айдаран май арызу кранына кетеді. Корпустың екі ортаңғы ойығы (ол арқылы май гидроци-линдрге өтуі мүмкін) золотник кертпегімен 0,5 мм жабылған.

Алдымен, двигатель жұмыс істеп тұрған кезде мәселен, оң жақ бұрылысты қарастырайық (98-сурет). Рульдік доңралақты бұру нәтижесінде насос-дозатор іске қосылады да, ол алдымен бөлігіш-тің он, жақ бүйір қуысындағы майды, оның оң жақ бүйір қуысына айдай бастайды. Сонын, нәтижесінде золотник центрлеуіш серіппенің әсерін жеңе отырып, солға қарай ырысады. Бұл кезде мынадай жардай болады: бөлгіштің оң жақ бүйір қуысы 5 гидро-цилиндрдіқ штоксіз қуысына қосылады; гидроцилиндрдің штокты қуысы 7 арызу магистралына (бөлгіш арқылы) қосылады; күш

98-сурет. Двигатель жұмыс істеп тұрған жағдайда оң жаққа бұру үшін гидрокөлемді колмен баскарғыштың әрекет ету схемасы:

1 — насос-дозатор; және 5 — бөлгіштің бүйір қуыстары; 4 — центрлеуіш серіппе; және 7 — гидроцилиндр қуысы.

насосы айдаған май бөлгіштің сол жақтағы бүйір қуысы арқылы насос-дозаторға құйылады; бұл майды әрі қарай насос-дозатор бөл-гіштің оң жақ бүйіріндегі куысқа 5 жібереді де, бұдан гидроцилиндрдің штоксіз куысына құйылып, доңғалақты бұрады.

Жоғарыда айтылған процесс сол уақытқа дейін, атап айтқанда, рульдік доңғалақты айналдыра отырып насос-дозатормен бөлгіштің оң жақ бүйіріндегі қуысқа артық қысым түсіргенге

дейін, яғни золотникті сол жақтағы қалпында ұстап тұрғанға дейін созылады. Рульдік доңғалақты тоқтатқан кезде, бөлгіштің сол

жақ қуысындағы қысым, оқ жағына қарағанда жоғары болады. Қысымның бәсеңдеуі және серіппенің әсер етуі нәтижесінде золотник бейтарап қалпына оралып, өз кертпегімен майдың гидроцилиндрге өтуін бөгейді. Доңғалақтың айналуы тоқтайды. Май ағыны күш насосынан ағызу кранына өтеді — бұл бейтарап қалып.

Двигатель жұмыс істеп тұрған кезде солға бұрған-да да сондай жағдай болады, бірақ реті керісінше.

Двигатель жұмыс істемей тұрған кездегі гидрокөлемді құрылғының әрекетін қарастырайық. Айталық, басқарылушы доңғалақты

99-сурет. Двигатель жұмыс істемей тұрған жағдайда сол жаққа бұру үшін гидрокөлемді қолмен басқарғыштың әрекет ету схемасы:

солға бұру қажет болды делік (99-сурет). Рульді солға бұрғанда насос-дозатор қозғалысқа келеді. Бірак бұл кезде май күш насосына құйылмайды. Насос-дозатор қол насосының ролін атқарады. Ол гидроцилиндрдің бір қуысындағы майды екіншісіне шығарады. Дәл осы кезде (солға бұрғанда) насос-дозатор бөлгіштің шарикті кері клапаны арқылы майды гидроцилиндрдің штоксіз қуысынан оның штокты қуысына шығарады. Артық май май резервуарына кетеді. Егер оңға бұрылса, онда май гидроцилиндрдің штокты қуысынан штоксыз қуысына шығарылады да, майдың жетімсіз көлемі бөлгіш пен ағызу трубопроводы арқылы резервуардан толықтырылады.

Майды жаңалау. Жаңа комбайндардың гидрожүйелерінде майды алғашқы 60 мото-сағат жұмыс істегеннен кейін жаңалайды. Кейіннен майды маусымына бір рет, бірақ ең “емі 500 мото-сағат жұмыс істегеннен кейін жаңалайды.

Читайте также: