Гигиена ғылымының негізгі бағыттары

Гигиена ғылымының негізгі бағыттары
1. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын (экологиялық фактор, санитарлық-гигиеналық, медициналық-биологиялық) тұрғыдан бағалау.
2. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларының (экологиясын) денсаулыққа деген әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу.

Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. Гигиенаның бағыттарьш іске асыруда бірнеше тәсілдерді пайдаланады. Олар: физикалық, химиялық, бактериологиялық, физиологиялық. Осы тәсілдердің негізгі мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішетін тағамдарына, тұратын мекен-жайларына санитарлық-гигиеналық сипаттама беру.
1) Санитарлық-гигиеналық әдіс — негізгі мақсаты ірку сулар жиналатын жерлердің, өзен-көлдердің санитарлық сипаттамасын беру, судың неше түрлі жүқпалы ауру тарататын микробтармен және радиоактивті заттар мен түрлі химиялық улармен ласта-нуының себебін табу, оның сипатын анықтауға сөйкес ластанудың жолдарына заңды түрде тосқауыл қою, тәртіпке шақыру, экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы адамдардың денсау-лығына келетін зиянды әсерлерін тоқтатуға мүмкіндік береді.
2) Физикалық әдіс — оның негізгі мақсаты — ауа темпе-ратурасын, ылғалдылығын, ауа қысымын, күн сәулесініц (радиа-циясын) өлшеп анықтап, зиянды әрекетін халыққа түсіндіру.
3) Химиялық әдістер — оның негізгі мақсаты атмосфералық ауаның, ішетін ауыз судың, жердің, азық-түліктің химиялық құрамын, олардағы адам ағзасына зиян келтіретін химиялық қосылыстарды органикалық уларды (гербицидтерді, пестицид-терді нитраттарды, нитриттерді фосфориттерді және т.б.) анықтап халыққа түсіндіру. Үйлердегі көміртектің мөлшерін анықтап, олардың көбеймеуіне тосқауыл қою. Тағамдық заттардағы улардың қалдықтарын бірнеше күрделі аспаптарды пайдаланып анықтайды. Олар: неше түрлі газды хроматография, хроматография, спеюрофотометрия, жалынды фотометр және т.б. Химиялық улар ана сүтінсн де табылған. Ол өте қауіпті у — ДДТ (диметилдиэтилтетраметил) тұқым қуалайтын улардың қатарына жатады. Тұқым қуалайтын қасиетіне байланысты ДДТ-ауыл шаруашылығында бүкіл әлем бойынша қолданылмайды. Міне осы күрделі проблемаларды медикгер, биолог-химиктермен бірлесе отырып анықтап, азық-түлікке гигиеналық-санитарлық сипаттама береді.
Мектептегі саиитарлық-гигиеналық жүмыстарды гигиенистер жүргізеді.
Олардың айтқандарын орындамаған мектептер, мекемелер айып төлейді, жазалары ауыр болса, қылмыстық іс қозғалады.
4) Биологиялық әдіс. Оның мақсаты су қоймаларының жағдайларын зерттсп, ондағы су өсімдіктерінің физиологиялық рөлін анықтау. Өйткені күн сәулесін сіңіріп көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттар синтездеп, атмосфералық ауаға тіршілікке қажетті оттекті бөліп шығарады. Сөйтіп ауадағы оттектің мол қоры жиналады. Егер су өсімдіктері судың ластануына байланысты олар түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Осының нәтижссінде ауадағы оттектің қоры азайып кетеді. Ал судағы, өсімдіктер тіршілік ететін жәндіктер мен балықтардың негізгі азығы. Табиғи мекені,
5) Бактериологиялық (микробиологиялық) әдіс. Оның мақсаты — судағы, атмосфералық ауадағы, жердегі, азық-түлік құрамындағы жұқпалы ауру тарататын микробтарды анықтап, олардан құтылудың жолдарын саралап береді. Тағам бактериялармен ластанғанда ботулизм уын таратады. Бұл ағзаға түскенде 99 % адамдар қайтыс болса, яғни 100 адам ботулизммен уланса, соның 99-ы қайтыс болады, бұл микробты Вассіhus bоtulіs деп атайды. Ауасыз жерде өсіп-өнетін микроб. Оны микробиология тілімен айтқанда анаэробты ағза, оның өсуіне оттек қажет емес. Ол әсіресе консервілердің ішінде дамиды. Балықтан жасалған консервілерде ботулизм микробы көп болады. Одан уланған адамның жанын аман-есен алып қалу мүмкін емес. Сонымен бірге азық-түлік құрамында болатын ішек бактерияларын микробиологиялық (бактериологиялық) әдістерді пайдаланып анықтайды. Оларды анықтаудың әдісі әбдсн жетілдірілген. Ішек таяқшалары Васtегіа соlі деп аталынады. Бактериологиялық әдістертсрді пайдаланып мал-дардың құтыруларын анықтайды. Адамдар сифилис, гоноррея, СПИДпен ауырғанда бактериологиялық әдістерді пайдаланып, ондағы микробтарды анықтап, емдеу жолдарын айқындайды. Өте қауіпті жұмыс. Кейде бактериологтардың өздері де ауырып қалады. Бірақ олар қажетті профилактиканы қатан, сақтайды.
6) Сынақ әдістері. Санитарлық токсикологиялық зерттеулер зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін және өнеркөсіпте ауыл шаруашылығында, күнделікті үй-тұрмысында және т.б. орындарда қолданылатын заттардың улылық деңгейі мен дәрежесін анықтаудьщ ғылыми моделін жасап береді.
Осы жағдайларға байланысты иттерге, теңіз шошқаларына егеу құйрықтарға, қояндарға және т.б. хайуанаттарға лабораториялық қысқа, орта жене ұзақ мерзімді эксперименттер жүргізіледі. Қысқа мерзімді (летательная доза — жіті) эксперимент жасалған хайуанаттардың 50 %, өлтіретін мөлшерде, ал орта мерзімді (летательная доза) жіті — шектеулі шоғырланған мөлшерден біраз көбейтілген шамада беріледі немесе денесіне жағылады. Ұзақ мерзімде жүргізілген эксперименттерде ұзақ уақыт бойы ағзаға түсетін улы заттарды белгілі шамасы пайдаланады.
Ағзаның белгілі бір физиологиясына микро қосындылардың аз шамасының ғана әсері тексеріледі. Ал үлкен көлемді улар қолданылса, онда сынақ ісіктерін тудыратын мақсатқа сәйкес эксперименттер жүргізіледі.
7) Санитарлық-статикалық әдіс. Әлеуметтік, табиғи және басқа жағдайлардың адамдардың, оқушылардың денсаулығына тигізетін физиологаялық-биологиялық әсерін анықтау. Балалар денсаулығы анықталады. Алынған қорытындылар неше түрлі нұсқауларға, кестелерге коэффициент ретінде алынады. Олар аксиома ретінде бағаланады.
3. Тамақ ішу белгілі бір уақытта ішілу керек. Тамақты кез келген уақытта ішу ешкандай нәтиже бермейді. Денсаулықты нығайтпайды. Күніне белгілі уақытта 4-5 рет тамақ ішуге болады. Кейбіреулер үш-ақ мезгіл ішу керек дейді. Ол дұрыс емес.
4. Белгілі бір уақытта ғана сабаққа дайындалу керек.
5. Аптасына 1,5-2 сағат бойы спортпен айналысу керек, белгілі бір спорт түрімен шұғылдану керек. Бұл жаттығуларды да белгілі бір уақытта атқаруы тиіс.
6. Сабақ оқығанда үздіксіз отырып алып оқымай 3-5 минут дем алыс жасап отыру ксрек. Гимнастика жасаған дұрыс. Оны дағдыға айналдыру керек.
7. Күніне 1,5-2 сағат жаяу жүру керек. Таза ауада жүрген кезде ауық-ауық физикалық жаттығулар жасап қою керек.
8. Үйықтау мезгілі 8 сағат болуы керек. Ұйқы дем алудың ең бір маңызды түрі екенін естен шығармау қажет.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *