Герменевтикалық әңгіме

Герменевтикалық әңгіме — түсіндіру, ынтықтыру өнері. Герменевтика — негізгі мәселесі философияға бағытталған, түсінік мәселесі. Бұл әңгімеде оқушылар өздіктерінен оқу құралдарын, кітаптарды, картинкаларды, моделдерді қолдана алады. Герменевтикалық әңгіме әдісіне түсіндіріп оқу жатады.

Синтездеуші немесе бекітуші әңгіме оқушылардың білімін жүйелеп және қорытындылауда қолданылады.
Коррекциялык бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушының білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.
Әңгіме барысында, барлық оқушылардың белсенділікпен қатысып, сұрақты зер салып тыңдауы, сұраққа дұрыс жауап іздеуі, өзінін достарының жауаптарын талдауы, өзінің көзқарасын айта білуі қадағаланады. Дұрыс жауаптарды мадақтау, қатені түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру, оқытушылардың жіберген қатесін өздері табуына, бір-біріне сұрақ қоюына жол сілтенеді. Әңгіменің танымдық нәтижесі окушылардың білімінің мықты меңгерілуімен, өміршеңдігімен айқындалады. Әңгіменің дамытушылық тиімділігі ақыл-ойды үйлестіріп, тез және анық ойлай білуді қалыптастыруда, талдай және қорытындылай білуде, сұрақтарды дәл қойып, қысқаша ойлай алуында жатыр. Әңгіменің тәрбиелік мақсаты оқушының өз бетімен әрекет жасай білу қасиетін оятады, өз-өзіне сенімділік қасиетін жинақтауға көмектеседі, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігін қалыптастырады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *