Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық тірегі

Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық тірегі
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес.

Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа — өмір, тіршілік; vitman — тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақ-тану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алицикдды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары. Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғары-латады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрлішс болады.
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.
Суда еритін витаминдер
Гиамин (В] витамині, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендсйді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.
Азия және оңтүстік Америка материктерінде тұратын халық-тардың арасында «бери-бери» ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлппин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын еддерде жиі тараған. Европа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар мен овощтар жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890—1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда «бери-бери» ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумсн ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери-бери» ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В) витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған.
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақат-тануының мәні — бұл витамин фосфор қышқылымсн қосылып тиамин-пирофосфат деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині) тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды — тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестсріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді.
В1 витаминнің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының негізгі себебі де осында.
«Бери-бери» ауруымен аурғанда адамның жүру қабілеті на-шарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әсліреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер таратылып, солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2—3 миллиграмм тиаминді керек етеді.
В1 витаминінің кейбір тағам құрамындағы мөлшері
/100 г тагамда, мг/
Тағам түрлері В1 витамині
Сыра ашытқысы 5,0
Нан ашытқысы 2,0
Бұршак 0,7
Сұлы жармасы 0,6
Қарақұмық жармасы 0,5
Сиыр еті 1,1

Читайте также:

комментария 4

  1. Салтанат:

    Малиметтер толык коретилген.тек курамы туралы жок екенн

  2. Айша:

    мәлімет толық емес

  3. Nursultan:

    Базара неттт!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *