Валюта қоры

Валюта қоры — мемлекеттің валюта курсына ықпал ету мақсатында валюта интервенциясын жүргізуге пайдаланылатын орталық банкісіндегі алтын және шет ел валютасынан тұратын қоры. Алтын монометализмінің алынып тасталуына (1929 — 33) байланысты валюта қорының қазіргі рөлі мен мазмұны жекелеген елдер үшін бірдей емес. АҚШ-та валюта қоры өзінің нақты мәнін жоғалтқан. Себебі, федеральді резервтік банктер валюта интервенциясының едәуір бөлігін “своп” (қолма-қол) операцияларына байланысты қаражаттар есебінен жүзеге асырады. Ұлыбританияда валюта қоры валюта интервенциясын жүргізуді тоқтатып, қазір мемлекеттің барлық ресми алтын-валюта резервімен біріктірілді. ҚР Ұлттық банкі жалпы ақша-несие саясатының бір құралы ретінде валюта рыногындағы операцияларға араласады. Ол теңгенің айырбас курсын реттеп отыру және ақша массасының өсуін тежеу үшін алтын және шет ел валютасы резерві есебінен шет ел валюталарын валюта рыногында сатып отырады. [1]

1995 — 97 ж. таза шетелдік активтердің өсуі ҚР Үкіметіне берілетін кредиттердің өсуіне ықпал етіп, кейіннен Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге берілетін кредиттерінің көлемін қысқартты және ҚР Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноттарын сату есебінен ақша массасының өсуін төмендетті. Бұл — валюта курсы саясаты мен айналыстағы ақша массасын реттеу саясаты арасында қайшылық тудырды. Ұлттық банктің теңгенің айырбас курсын реттеуге араласу дәрежесінің азаюы мұндай қайшылықтың алдын алмағанымен, өз кезегінде ақша массасына валюта интервенциясының ықпал ету тиімділігін төмендетеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *