Бөлгіш кран

34-параграфта қарастырылған басқару краны тек бір ғана пор-шеньді гидроцилиндрді — комбайнның вариатор жылдамдығының қозғалысын рана қамтиды. Осы параграфта қарастырғалы отырған бөлгіш кран жалпы алғанда бес плунжерлік гидроцилиндріі бар үш тұтынушыны қамтиды.

 

Бөлгіш кран (85-сурет) әрбір тұтынушыға мынадай үш жағдайды қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылады: айдағыш ма-гистральды қосу, бейтарап жағдайда орнату және ағызу магист-ралына қосу. Көлденең жазықтыққа бұрыштық бұрылу нәтижесінде кран бір тұтынушыдан екіншісіне ауыстырылып қосылады. Ал оны тік қалпында қойғанда ол тұтынушыны қажетті магистральға қосады немесе бейтарап қалпында орнатады.

 

Кран корпусына 7 бес штуцерге арналған тесік және екі дөңгелек тесік жасалған. Май штуцерге 5 май (суретте нақты тұрған калпы өзгертілген) баскару кранынан келеді. Май штуцерден 18 калбағайды көтеретін екі гидроцилиндрге құйылады.

 

Штуцердегі 19 май жатканы көтеретін екі гидроцилиндрге өтеді. Штуцер 20 қалбағайдың айналыс жиілігі вариаторының бір гидроцилиндрін қамтиды. Штуцерлер 18, 19, 20 аркылы май, тиісті гидроцилиндрлерді қосқан кезде ағызу магистралына қайыра келетіндігін атап кеткен жөн.

 

Штуцер 25 — ағызбалы болады (ол 5-штуцер секілді шартты түрде натурасынан өзгертілген). Тесік 24 айдау камерасы болып саналады; ал келесі тесік 23 төменгі ағызу қуысын құрайды.

Кранда бір-біріне қарама-қарсы орналасқан және екі радиал-

 

85-сурет. Бөлгіш кран:

1-және 3 — бойлық саңылау; 2 — және 4 — радиалды каналдар; 5, 18, 19, 20 және 25 — штуцерлер 6 — кран штогы; 7 — корпус; 8 жә-не 9 — муфталар; 10 — сақина; 11- шариктер; 12 — фланец; 13 — рычаг; 14 — қуыс; 15 — қалбағай айналысының саңылауы; 16 — жатканы көтеру саңылауы; 17 — қалбағайды көтеру сақылауы; 21 және 22 — бойлық каналдар; 23 және 24 — корпустағы дөңгелек тесікз Н — ұзындығы 50,5±0,1 мм тең қашықтық.

 

 

ды каналдармен 2, 4 жалғасқан екі бойлық саңылау 1,3, сондай-ақ екі бойлық канал 21, 22 бар.

 

Бөлгіш кранның әрекет ету схемасы 8б-суретте көрсетілген.

Кран бейтарап жағдайда түрғанда (орташа биііктігі бойынша) май былай жүреді (86-сурет, а): насос, трубопровод, басқару краны, трубопровод, штуцер 9, жоғарғы ағызу қуысы 10, штуцер 11, трубопровод, май резервуары.

 

Тұтынушыларды айдайтын магистральға қосу үшін (жатканы немесе қалбағайды көтеру, қалбағайдың немесе жинауыштың ай-налу жиілігін арттыру) кранды көтереді (86-сурет, б). Бойлық сақылау 5 сақиналы тесікке 1 үйлеседі. Жоғарғы ағызу қуысы 10 тесіктен 1 ажырайды. Май штуцер 3 арқылы гидравликалық ци- линдрге бағытталады (нақты қай цилиндрге екендігі корпустегі; кранның бұрылу бұрышына байланысты).

 

Тұтынушыларды ағызу магистралына қосу қажет болған жағ- дайда (жатканы немесе қалбағайды түсіру, қалбағайдың немес жинауыштың айналу жиілігін төмендету), кранды төмен қарай шегіне жеткенше қозғалтады (86-сурет, в). Мұндайда бойлық са ңылау төменгі ағызу қуысына 6 жалғанады, айдау магастралын дағы май штуцерлер 9, 11 арқылы, кран кәдімгі бейтарап жағдай да тұрған кездегідей, ағызу магистралына өтеді. Цилиндрдегі май мынадай жолдан өтеді: штуцер 2, бойлық саңылау 5, радиалдь канал 8, төменгі ағызу қуысы 5, бойлық канал 7, жоғарғы ағызу куысы 10, штуцер 11, ағызу магистралы.

 

Жатканы көтеру мен түсіруді мүмкіндігінше тез атқару қажет Сол себепті тиісті цилиндрлерді маймен қоректендіретін корпус каналының қимасы үлкен болады. Қалбағайды орнату мен айналыс жиілігін өзгертуді жайлап атқарады. Сондықтан осы реттеуді атқару үшін майды цилиндрге жеткізетін каналдьзд қимасы шағын болады.

 

Бөлгіш кранды ажыратып-қосқыш механизмі былайша құрылған (85-сурет). Рульдік қалыптың кронштейніне фланец 12 бекітілген. Кранды корпусқа ауыстырып қосатын рычаг 13 үшін фланецке үш бойлық және бір көлденең саңылау бекітілген. Фланецтің қайралған бетіне құлақты сақина 10 қондырылған. Рычаг ашасы тіабек арқылы сақинамен 10 байланысқан. Сонымен қоса аша білікшемен, ал соңғысы муфталардың 8, 9 көмегімен кран штогына 6 жалғанған.

 

Фланецте серіппеге арнап радиалды канал және екі шарик 11 ал сақинада 10 — үш қуыс 14 жасалған (біреуі орталық және екеуі бүйірлік). 85-суретте орталық қуысты сыртқы шарик 11 жауып тұр. Білікше ішкі шариктің 11 астында дөңгелек жырашықпеі жабдықталған.

 

86-сурет. Бөлгіш краннын әре кет ету схемасы:

1 — сақиналы тесік; 2 — штуцер, ол  арқылы май плунжерлі цилиндрге  бағытталады;   4 — штуцер   жабык, 5 — бойлық саңылау; 8 — радиалды канал; 9 — штуцер, ол арқылы бас-

қару кранындағы май ағып келеді , 10 — жоғарғы   арызу қуысы;   11-ағызу штуцері.

 

Рычаг көлденең саңылаудьщ орта тұсына орналасқан кезде  бейтарап қалпында болады. Шариктің біреуі білікше жырашығын- да, ал қарама-қарсы жағындағысы орталық қуысқа 14 орналасады. Егер рычагты көлденең саңылау бойынша оңға немесе солға ауыстырса, онда онымен бір мезетте сақина 10 және кранмен қоса білікше айналады; шарик қуыстан шығып, сақинаға 10 тіреледі де, олардың орамына жанасқанша серіппені сығады. Осыған орай білікше екінші шарикпен түйіседі де, осы кезде оны көтеруге де, түсіруге де болмайды. Мұндай жағдай сыртқы шарик оң жақтағы немесе сол жақтағы қуысқа орналасқанға дейін созыла береді. Мұның өзі рычаг оң жақтағы немесе сол жақтағы бағыттауыш тік саңылауға орналасқан моментке сәйкес келеді. Шарик қуысқа түскенде серіппе босайды. Осының нәтижесінде білікшені (соны-мен қоса кранды да) көтеруге немесе түсіруге болады. Бірақ білікше жоғары немесе төмен орналасқанда, шарик оның дөңгелек жырашығынан шығып, серіппені шегіне жеткенше қысады. Бұл кезде қарама-қарсы шарик сақинаны 10 тұйықтайды да, енді оны фланецпен 12 салыстырғанда жылжытуға болмайды. Демек ша-риктер серіппемен қоса бекіткіш міндетін атқарады да, бұлар са-кина мен білікшені қажетті қалпында ұстап тұрады.

 

Муфталардың 8, 9 біреуінде он, ал екіншісінде он бір тесік бар. Муфталар қажетті бұрыштық бұрылуы бойынша сәйкес келетін жұп тесіктерге байланысады. Сондай-ақ муфталарды бір-бірінен біршама тік бағытта жылжытады, ол үшін бұлардың аралығына реттегіш төсем қояды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *