Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері

Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері. Табиғат жағдайында микроорганизмдер тек ортаға әсер етіп қоймайды, ортамен өз ара белгілі бір қарымқатыста болады.

Кейде бір микроб екінші бір микробтың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мүндай құбылысты симбиоз деп атайды. Кейде осы құбылыс микроорганизмдер үшін қажет те. Мәселен, май қышқылы процесін қоздыратын анаэробты микроб — клостридиум пастеурианум аэробты бактериялармен өте жақсы симбиозда болады, Аэробты микроорганизмдер мұнда ортадағы оттегін қабылдайды және анаэробты микроорганизмдердің тіршілігі нәтижесінде пайда болған зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Сөйтіп, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактерияларын көміртектес және минералдық заттармен қоректендірсе, олар азотты ауадан сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз өсімдіктер мен саңырауқұлақтар арасынан кездестіреміз. Мүны микориза детс атайды»
Табиғатта микроорганизмдердің бір тобы екінші бір тобына қорғаныш болады және солар арқылы тіршілік етеді. Бұған кептеген сапрофит микроорганизмдердің, жануарлар мен адамдардың ішектерінде (ішек таяқшасы) және терісінің сыртында (кокка бактериялар) тіршілік ететіні мысал бола алады. Осындай тіршілік формасын комменсализм деп атайды.
Табиғатта кейде микроорганизмңің бір түрі өздерінің тіршілігі барысында микроорганизмнің екінші бір түрінің дамуына аса колайлы жағдай жасайды^ Мәселен, көптеген сапрофит микроорганизмдер белокты пептонға, амин қышқылдарына және баска жай қосылыстарға ажыратадьіі Бүл заттарды нитрификациялаушы бактериялар пайдалана отырып, азот қышқыл аммоний тұздарына айналдырады, сөйтіп ол есімдіктер үшін өте қажетті қоректік зат болып табылады. Дәл осындай қүбылыс азотобактер мен клетчатка ыдыратушы микроорганизмдер арасында да болады. Азотобактер ауадағы атмосфера азотын байланыстыру үшін азотсыз органикалық заттарды қажет етеді. Ал олар клетчатканы ыдырата алмайды. Клетчатка ыдыратушы бактериялар клетчаткадан түрлі органикалық қышқылдар түзеді. Азотобактер бұл қышқылдарды одан әрі тотықтыра отырып, өз денесіне азот жинайды. Осымен бірге клет-чатка ыдыратушы микроорганизмдердің одан әрі тіршілік ете беруіне қолайлы жағдай жасайды. Міне бүны метабиоздьщ қарым-қатыс немесе бүндай тіршілік формасын мутуализм деп атайды. Кейбір жағдайда микробтардың бір тобыньщ тіршілік әрекеті барысында пайда болған заттар екінші бір тобына колайсыз әсер етеді, кейде оларды қырып та жібереді. Мүндай қүбылысты анто-гонизм деп атайды. Антогонизм құбылысын 1887 жылы Л. Пастер ашқан болатын. Ол мүндай құбылысты топалаң таяқшасы мен шіріту бактериялары арасынан байқады. XIX ғасырдың аяғында атақты орыс ғалымы И. И. Мечников сүт қышқылы бактериялары меи шіріту бактерияларының арасында осындай құбылыстың болатындығын тапты. Сондықтан ол сүт қышқылы бактериялары қатысуымен жасалатын сүт тағамдарын тұрмыста кеңінен қолдануды насихаттады.
Антогонизм басқа бактериялардың арасында да кездеседі. Мүны биология түрғысынан қарағанда, табиғаттағы сұрыптау процесін реттеуші факторлардың біреуі деп қарауға болады. Антагонизм қүбылысын зерттеу барысында көптеген бактерияларды жойып жіберетіғі заттар алынады. Оларды антибиотиктер (гректің «анти»— қарсы, «биос»— тіршілік деген сөзінен шыққан, яғни тіршілікке, өмірге қарсы зат) деп атайды. Антибиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңырауқүлактар да бөледі. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бұл жағдайда олар бактериостатикалық әсер етеді, кейде антибиотиктер микробтарды қырып жібереді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды.
1871 жылы орыс оқымыстысы В.А. Манассеин зең саңырау-құлақтарының бактерияларды жойып жіберетін қабілетін ашты. Бұдан бір жылдан соң А. Г. Полотебнев оны іріңдеген жараға салып, жақсы нәтижеге ие болды. Осыдан бастап микробиология ғылымында антибиотиктерді іздестіру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде қазір қолданылып жүрген көптеген антибиотиктер белгілі болды. Олардың ішінде маңыздылары:
Пенициллин — пенициллум зең саңырауқүлағынан алынған. Ол көптеген стрептококкаларға, стафилаккоккаларға күшті әсер етеді. Таяқша тәрізді микробтар мүның әсеріне төзімді келеді. Оны қазір медицинада, ветеринарияда кеңінен қолданады.
Стрептомицин — актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяк-шасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге қолданылады.
Грамицидин — топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын таяқша бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына қарсы қолданылады.
Биомицин — актиномицеттің бір түрінен алынған. Бүл да жану-арлар мен адамдар ауруын емдеуге қолданылады. Соңғы жылда-ры мал мен адам ауруларына қарсы қолданылатын басқа да біраз антибиотиктер табылды және олар жан-жақты зерттелуде.
Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес өсімдіктер де бөліп шығара алады. Өсімдіктер антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы Б. П. Т о к и н 1928 жылы ашқан болатын. Бұл заттарды ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олар микроорганизмдердің, әсіресе вегетативтік клеткаларына күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа, шомыр, қыша, мойыл, терек, емен жапырақтарында қарағай, шырша және май қарағай кылқандарында фитонцидтік қасиет күшті. Қарағайлы және самырсынды ормандар микрооргаыизмдерге кедей болатыны да мінесондықтан.Фитонцидтік қасиет басқа заттарда да, мәселен эфир майларында, альдегидтерде, алкалоидтарда және фенолда байқалады. Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер өскен топырақтар да микроорганизмдерге кедейлеу келеді.
Жалпы антибиотиктерді адам мен жануарлар организмі де бөлетіні белгілі.
Жануарлар тектес антибиотикке тиссулин, лейкин, сангвинин, экстразин, камполон, анстипин, птерин жатады. Қазір емдік қасиеті бар осы тектес антибиотиктерден лизоцим мен экмолинді атап өтуге болады.
Лизоцим тауық жұмыртқасының ақ уызынан бөлініп алынған. Ол көптеген ауру қоздырушы және сапрофит микробтарға жойқын әсер етеді. Лизоцим адам мен жануарлардың сүтінде, сілекейінде, көз жастарында, бауыр мен талақ экстрациясында кездеседі. Ол бірқатар өсімдіктерден де табылған. Әрине белгілі бір қасиетіне қарамастан лизоцим саңырауқұлақтар мен бактериялардан алынатын антибиотиктердің күшінен анағұрлым төменірек.
Экмолинді балықтан алады. Одан жасалған препарат дифтерия, ішсүзегі таяқшаларына, стафилакокктар мен стрептококкаларға, ішек таяқшасына және оба вибриондарына, сонымен бірге тұмау вирусына да жойқын әсер етеді. Экмолинді пеницилиннің күшін арттыру мақсатында қосып қолданады. Осындай комплексті препаратты жас балалар дизентериямен ауырғанда қолданады.
Организм вируспен зақымданғанда клеткада интерферон пайда болады. Бүның өзі белок тектес зат. Ол вирустағы ңуклеин қышқылының түзілуін тоқтатады, сөйтіп жаңадан вирустың пайда болуын тежейді. Дәл осы интерферонға ұқсас заттар кейбір өсімдіктер клеткасынан да табылған. Бүл организмнің вирустан сақтануындағы табиғи қорғаныш болып есептеледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *