Бейнелеуіш сөздер

Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер — табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды (М. Ә.). Кенеттен шықкан дауысқа Ботагөз «е» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады. (С. М.). Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды дау іші. (Ж. Ж.).

Берілген мысалдағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі рет сақтамай-ақ тез-тез сәлем беруін, кілт сөзі бірден, тез тоқтатуды, жалт шапшаң бұрылып карауды, селк сөзі бейғам даланың (тау ішінің) бірден шоши козғалуын білдіріп тұр.
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет комекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: Жалп ете түсті, жалп қарады, қалт етті, ербең етті т. б. Бейнелеуіш сөздер кайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, жалт-жұлт етті, жылт-жылт етті, жарқ-жұрқ етті, далаң-далаң жүгірді, бүгжең-бүгжең жүрді, қызараң-қызараң, етті, қиқаң-қиқаң етті, ербең-ербең етті т. б.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *