Басқару краны

Басқару кранынық көмегімен комбайн жүрісінің жылдамдығы ешбір сатысыз өзгереді. Бұған мүмкіндік беретін механикалық құ-рылғыны (вариатор блогы) төменде, XV тараудағы «Жүріс бөлігі» тақырыбында қарастырамыз. Мұнда біз вариатор блогын басқаруға мүмкіндік беретін гидравликалық құрылғының (83-сурет) конструкциясы мен әрекетін қарастырамыз.

 

Басқару краны корпустан, краннан және басқару механизмінен тұрады. Корпус пен кранды мөлшерін бірдей етіп жұптайды, олар-ды басқаша комплектілеуге болмайды. Олардың аралығындағы саңылау 0,008-ден 0,016 мм шамасында ауытқиды (бөлгіш кранда да осындай дәлдікпен соған ұқсас детальдар жасайды).

 

Кранда төрт радиалды канал /, 3, 9 және // бар, олар арқылы орталық канал 8 өтеді. Радиалды каналдар 3, 9 трубопровод арқылы гидравликалық цилиндрге жалғанған тиісті штуцерлерге 12, 13 тартылады. Төменгі ағызу қуысы орталық каналға радиалды канал  арқылы жалғасады. Кран бейтарап тұрған жағдайда радиалды канал 11 штуцермен 5 үйлеседі. Кранда сонымен қоса біріне-бірі карама-қарсы орналасқан бойлық саңылаулар 7, 10 бар, бұлар бір-бірімен сақиналы каналмен 4, 6 жалғасқан. Саңылаудың 7 бір жұбы былайша орналасуы мүмкін: санылаудың біреуі штуцермен 5 үйлеседі, ал оған қарама-қарсы саңылау осы кезде штуцерге 13 қарсы келеді. Саңылаудың 10 екінші жұбы былайша орналасуы. мүмкін: саңылаудың біреуі — штуцерге 5 қарсы, ал қарама-қарсы садылау — штуцерге 12 қарсы орналасады, Кранның бейтарап жағдайы 83, а-суретте көрсетілген. Насос айдайтын май мұндай жағдайда мынадай жол жүреді: штуцер 5, корпус кранының тесігі, каналдар 11, 8 және 1, төменгі ағызу қуысы, штуцер 2, трубопрбвод, бөлгіш кран. Штуцерлерге 13, 12 қарама-қарсы корпус тесігі кранмен жабылған. Гидравликалық цилиндр мұндайда бекітулі болады.

 

Жылдамдығын бәсендету үшін кранды корпусымен 60° бұрады (83-сурет, б). Мұндайда майдың жолы былайша өзгереді: штуцер 5, кран корпусындағы тесік, екі жағындағы саңылау 10, сақиналы

 

бейтарап жагдай        Жылдамдықты        Жылдамдықты

азайту                       арттыру

 

83-сурет. Басқару кранынын әрекет ету схемасы:

/, 3. 9 жэне // — радиалды каналдар; 2 — бөлгіш краннық штуцері; 4 — және 5 сақиналы каналдар; 5 — насос штуцері; 7 және 10 бойлық саңылау; 8 — орталық канал; 12 — гидроцилиндрдід төменгі қуысының штуцері; 13 — гидроцилнндрдің жоғарғы қуысының штуцері.

 

каналдар 4, 6, кран корпусындағы дроссельді тесік, штуцер 12, одан әрі қарай гидравликалық цилиндрдін, төменгі қуысы. Осымен бір мезетте май гидравликалық цилиндрдің жоғарғы куысынан штуцер 13, каналдар 5, /, төменгі ағызу қуысы мен штуцер 2 арқылы бөлгіш кранға қайта келіп құйылады.

 

Кранды бұрған кезде, онда жылдамдықты арттыру үшін май ағынының мынадай бағыты пайда болады: штуцер 5, кран қорпу-сындагы тесік, саңылау 7, сақиналы каналдар 6, 4, қарама-қарсы саңылау 7, кран корпусындағы дроссельді тесік, штуцер 13, трубо-провод, цилиндрдің жоғарғы қуысы. Осымен бір мезетте гидроци-линдрдің төменгі қуысынан май былайша жылжиды. Трубопровод, штуцер 12, кран корпусындағы дроссельді тесік, каналдар 3, 8 және 1, төменгі ағызу қуысы, кран корпусындағы тесік, штуцер 2, трубопровод, бөлгіш кран.

 

Кран мен корпустық аралығындағы саңылау арқылы май кран бүйіріне ағады. Төменгі жағынан ол ағызу қуысына тап болады. Жоғарғы жағында май сақиналы жырашыққа, ол арқылы орталық ағызу каналына өтеді,

 

Штуцерлерге 12, 13 май шағын диаметрлі дроссельді тесік ар-қылы келеді. Мұның өзі гидравликалық цилиндрдің вариатор аша-

84-сурет. Басқару краныньщ механизмі:

а— бейтарап қалпы; ә — жылдамдықтық артуы; б —жылдамдықтық баяулауы; 1 — корпус;2— білікше; 3 — шайба; 4 жэне 5 —серіппенің жазылған ұштары; 6 — құйылыс; 7 — тірек; 8 — дөңесі.

 

сын жайлап өзгертуге мүмкіндік береді. Мұндайда айдағыш ма-гистральдағы артық қысым сақтандырғыш клапанды іше қосып, артық майды ағызады.

Кранды бір тұрған қалпынан екіншісіне ауыстырып қосатын және оны сонда ұстап тұратын механизм 84-суретте келтірілген. Кран штогіне корпус 1 бекітілген. Корпусқа кигізілген серіппеде жазылған екі ұшы 4, 5 бар. Серіппенің жоғарғы ұшы 4 арнайы

 

шайбаның 3 тұмсығына, ал төменгісі — корпустың құйылысына тіреледі. Серіппенің жазылған ұштарынын. аралығында басқару алаңшасына бекітілген тірек 7 орналасқан.

 

Серіппенің екі ұшы да тірекке 7 қысылған кезде кран бейтарап қалпында болады (84-сурет, а). 84, б-суретте көрсетілгендей рычагты бұрған кезде, дөңесі 5 тіреушке 7 дейін жетеді де, кран 60° дәлме-дәл бұрылады. Құйылыс 5 серіппенің төменгі ұшын жылжытады. Оның жоғарғы ұшын тірек 7 ұстап тұрады. Егер ры-чагты босатса, онда серіппе кранды бейтарап жағдайға әкеледі.

 

84, б-суретте көрсетілгендей етіп рычагты бұрған кезде, шайба 3 тұмсығы серіппенің жоғарғы шетін тартады ал тіреқ оның төменгі ұшын ұстап тұрады. Екі жағдайда да тірек 7 дөңес 8 кранның екі жағына 60° артық бұрылуын шектейді. Мұндайда (бейтарап тұрған жағдайда да) кран мен корпустагы каналдардың сәйкес келуі қамтамасыз етіледі. Егер рычаг бейтарап жағдайдан шығарылып, бірақ тірекке дейін жеткізілмесе, онда май ағының үзіледі (ол сақтандырғыш клапан арқылы өтеді).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *