Ақшаның номиналистік теориясы, қағаз ақша

Ақшаның номиналистік теориясы, қағаз ақша. Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады.

Тауар өндірісі мен айналамының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.
Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:
— ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және
олардың көмегімен тауарлардың айырбас
құны анықталады;
• бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес.
Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын
толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады. Адам Смиттің (1723-1790) айтуынша, ақша — бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда кұралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:
— қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
— басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі.
XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдік ете бастады. Бірақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектісіне қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады.
Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнапптың («Госу-дарственная теория денег», 1905 ж.) еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:
• ақша — құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің
туындысы;
• ақша — мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол
мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері
болып табылады;
— ақшаның негізгі кызметі — төлем құралы.
Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.
1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп, Дж.М. Кейнс (1930 ж. «Трактат о деньгах») алтын ақшаларды «жабайылық сарқыншағы», «арбаның бесінші дөңгелегі» деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының женісі деп қарастырды. Кейнс барлық өркениетті ақшалар қарапайым түрінде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.
Ақшаның номиналдық теориясы жағында белгісіз американ экономисі П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты болса, ал алдағы уақытта ақшалар шарты белгілерге айналауда деп сендіреді. «Тауар ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Акша дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттылық» (Самуэльсон П. Экономика: «Прогресс», 1964, 68-69 б.).
С.М. Борисовтың «Золото в экономике современного ка-питализма» (М., 1968, 64 б.) атты монографиясында кызықты пікірлер беріледі. Автор барлык тауарларға қарсы тұратын жалпыға бірдей эквивалент ретінде, алтын туралы ережені қайта карау керектігін айтады. Сондай-ақ мұнда алтынның кағаз ақшалар ықпалымен мүлде ішкі айналыстан шығып қалғандығына сілтеме жасалады. С.М. Борисовтың айтуынша «ұлттық ақша жүйелерінде қағаз ақшалардың мәні артып отыр, себебі олар барлық тауарлар қозғалысына қызмет етуде, осы ақшалар ғана тауар әлеміне қарсы тұра алады және тауарлар бағаларын меншікті қағаз масштабында бейнелей алады» делінеді.
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажетгіліктерімен байланысты.
Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегі теріден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.
XIII ғ. Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл ақшалардың төрт бұрышты пластин формасы және олардың ерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың сатып алу қабілеті де әр түрлі болды.
Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғысханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.
XVII ғ. алдындағы капиталистік тауарлы өндірістің дамуымен қағаз ақшаның колданылуы өріс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстік Американың Британиялык отар елдерінде,1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та, 1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 жылы II Екатерина тұсында пайда болды. Халық арасында оларды «катенька» деп атады, себебі оның бетінде императордың суреті болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақшалар барлық елдерде болды.
Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалынған — толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есесінен пайда болды.
Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:
1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және
капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі
қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына
деген шаруашылықтың қажеттілігенен әлдеқайда
төмен.
2. Монеталардың тозуы және бүлінуі.
2. Мемлекеттік билік (ремедиум) пен жалған
монеталарды жасаушылардың монеталарды бүзуы.
Ресей патшасы Алексей Михайловичтың тұсында (Петр І-дің әкесі), яғни 1654-1662 жж. құны толық емес мыс тиындар соғылды, Бағасы 12 тиын мыстың фунтынан — 10 сомдық монеталар соғылды. Олардың нақты құрамы номиналдың 1-2%-ын құрады. Бұл айырбас процесінің бұзылуына, халықты қатты толқуға, шаруалар, кәсіпқойлар, саудагерлер ақшаның құнсыздануынан көп зардап шекті. Осыған байланысты 1862 ж. Ресейде «мыс көтерілісі» деп аталған көтеріліс болды. Мыс монеталарын жасау тоқтатылды, 100 мыс тиынның орнына 1 күміс тиын айырбасталды.
4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік Америка өзінің тәуелсіздігі үшін соғысты каржыландыруға көптеген мөлшерде «континентальдық акшалар» шығарды.
Осыған байлаңысты, К. Маркс атап көрсеткендей: «өзінің айналыстағы делдалы ретінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады, тіпті жай ғана бір жапырақ қағазға дейін жұқарды»1.
Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты кұрамынан біртіндеп белінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.
Қағаз ақша — мемлекеттің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі (құнның белгілері, алтынның өкілдері). Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны — бір жапырақ жай қағаздарға айналады.
Егер «нағыз» акшалар (алтын) айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс про-цесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюрды шығаруы мүмкін. Осылайша, Қазақставда 1993 жылы ең ірі купюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюрлар шығарылған болтын.
Алтынның белгілері ретінде қағаз ақшалар пайда болды. Ақша бірлігінің ресми алтындық құрамы (баға масштабы) мемлекетпен ерікті түрде белгіленіп, бірак оның құны көрсетілмеді.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған. Мысалға, 1922 жылы шығарылған «алтын червонец» алтынға және шетел валютасына сатылып — сатьш алынған (яғни валюталық интервенция жүргізілген).
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық қүнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.
Алтын стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар қорлану қызметін де атқара бастады.
Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына байланысты олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес шығыстарды жабуға артық ақшалардын шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынын алтынға дүниежүзілік ақша ретінде сұраныстың ұлғаюы; еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауар массасының қысқаруы, т.б.
Мұның барлығы бағанын өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны көтеріп отырады. Халық тұтынатын тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе береді. Баға — жалақы — баға… деген тізбек айнала береді.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *