Аяқ күтімі, гигиенасы

Аяқ күтімі, гигиенасы.
Адамның аяғы — оның астындағы көлігі. Аяқ жүруге ыңғайланған. Адам аяғымен алыс қашықтыққа жүруі мүмкін. Мен (осы кітаптың авторы) 1942 жылы 400-500 километр қашықтық жерді жалаң аяқ жүріп өткенмін. Аяғымда ботинкам бар еді тозып қалады ғой деп, оны шешіп алып мойныма іліп алған едім.

Бұл кез Ұлы Отан соғысының жүріп жатқан кезіеді. 400-500 шақырым жср аз жер емес. Иен дала болатын, ұшқан құс, жүгірген аң маған кездескен емес. Түнде мен маяланған шөптің немесе бидайдың маялап қойған сабанына кіріп кетіп, сонда ұйықтайтынмын. Таң атысымен жүгіріп отыратынмын 7 күн, 7 түн ішінде мен ыстық тамақ ішпедім. Тек біреудің пісіріп берген аз ғана наны болған соны мен қорек еттім. Шай ішпедім. Ол аймақта халық өте сирек тұратын. Ауылға баруға маған болмайтын еді. Сондай алыс қашықты аяғыммен жүріп шықтым. Менің аяғым Берлиннің көшесін таптады. Бухаресті көрді. София қаласын аралады. Болгарияның раушан гүлін өсіретін алаңдарда болды. Алтын Праганы басты. Ұзақ уақыт суық-сазды Санкт-Петербургте етті. Аязды Москвада жүрді. Орал тауларын аралады. Қостанай даласын шарлады. Аяғым менің — алтыным. Аяғым мықты. Ауру емес. Ала аяқта емес. Мен үнемі аяғымды ерекше күтімге алып жүремін. Тізеге массаж жасап, уқалап қойған дұрыс. Массажды күнделікті жасап отыру керек. Ұйықтар алдында аяқты сабындап жылы сумен жуып, орамалмен кұрғатып сүрту керек. Ерінбеген қажет. Табанды ағаштан жасалған массажермен ұрғылау керек. Жазда үнемі жалаңаяқ жүрген дұрыс. Аяққа таза мақтадан носкилер киген жөн. Носкидің резинкалары аяқты қыспау керек. Қан айналасына тосқауыл жасайтындай болған жөн.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *