Ауыл шаруашылығын реттеу принциптері
Ауыл шаруашылығын реттеу принциптері
Реттеу принциптері дегеніміз – басқару, реттеу қатынастарынан және олардың заңдылықтарынан туындайтын, мемлекеттің өкілетті органдары экономикаға ықпал жасау барысында басшылыққа алатын алғашқы басшылық негізі, ережелер жағдайлары. Осы тұрғыда ауыл шаруашылығын реттеу жүйесінде келесідей принциптерді атауға болады:
1. Аграрлық протокционизм
2. Экономикалық және әлеуметтік мақсаттар байланыстылығы
3. Бағдарламалар арқылы реттеу
4. Индикативтік пен дерективтіктің (әміршіліктің) байланыстылығы.
5. Мақсатты қолдау.
1. Аграрлық протокционизм — ішкі экономикалық протокционизм – ауыл шаруашылығының, экономиканың басқа салалармен байланысын қамтиды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің агроөнеркәсібінің және экономиканың басқа салаларына бағыныштылығы, оларға тәуелділігі несие – салық, баға саясаттарының іске асыруда оған деген айрықша көзқарасты қажет етеді.
Сыртқы экономикалық протокционизм – экспорттық және импорттық іс-қызметтерді қамтиды. Осында реттеу механизмдерінің жүйесін қалыптастыруда отандық ауыл шаруашылығының экономикасын дамуын естен шығармау керек екендігін білдіреді.
2. Экономикалық және әлеуметтік мақсаттар байланыстылығы- Экономикалық және әлеуметтік мақсаттар тығыз байланысты. Тек экономикалық жағдайларды мақсаттарды реттеуге бағытталған мемлекеттік реттеу еш уақытта тиімді болмайды. Екі жүйе: экономикалық және әлеуметтік бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінен айырымсыз. Сол себепті, ауыл шаруашылық экономикасын және жалпы экономиканы ұтымды реттеуге бағытталған реттеу жүйесінің ықпалы ауыл өмірінің әлеуметтік өркендеп дамуын қамтамасыз ететіндей, еңбекті ынталандыратындай бағытта болуын білдіреді.
3. Бағдарламалар арқылы реттеу- Бағдарламалар ауыл шаруашылығы өндірісін, өнімдердің нарығын реттеуге бағытталған алдарына қойылған мақсаттарға байланысты.
1) салалар аралық маңызды макроэкономикалық байланыстарды реттеуге бағытталған
2) агроөнеркәсіп кешенінің белгілі салаларының іс-қызметтерін, мәселелерін реттеуге бағытталған
3) функционалдық, яғни агроөнеркәсіп кешенін реттеудегі мемлекеттің маңызды қызметін іске асыруға бағытталған (инвестициялық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, табиғатты қорғау және т.б.)
4) аймақтық, аймақтардың ауыл шаруашылығын агроөнеркәсіп кешенін реттеуге бағытталған кешенді іс-қызмет шараларының жиынтығы.
4. Индикативтік пен әміршіліктің байланыстылығы- бұл принциптің:
1) әміршілік -әкімшілік ықпал мемлекеттік кәсіпорындарға тән болуы керек
2) басқа меншік жүйесінде индикативтік, яғни бағыттаушы ұсынысты бағыттындағы реттеу іске асырылуы керек. Нарықтық экономика жүйесінде индикативтік реттеу басым болуы керек.
5. Мақсатты қолдау – бұл нысаналы көмек принципі, яғни тікелей төлемдер, субсидтер, дотациялар және т.б. Мұндай көмек бағдарлама шеңберінде іс-қызмет арқылы берілетін көмек екндігін білдіреді.