Америка түйеқұсы, нанду

Америка түйеқұсы, нанду
Америка түйеқұсы Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді, түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады.

Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 кг-ға жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Оңтүстік Американың жазық далалы аймақтарында оның екі түрі тараған. Kөбірек тараған түрі кәдімгі нанду (Rеа аmеriсапа). Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп, топтасып жүреді. Көбею кезінде бір еркегіне 5—7 үрғашысы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам. Үрықтанған ұрғашылары жүмыртқаларын бір ұяға салады. Жұмыртқаларын еркектері ғана басады. Олар жұмыртқадан шыкданнан кейін де балапандарын ертіп жүреді. Бір ұяда 20—30 жұмыртқа болады. Инкубация периоды 42 күнге созылады. Нандуды кейбір жерлерде жартылай үй құстары есебінде өсіреді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *