Алматов Алмасбек Нұрмаханұлы

Алматов Алмасбек Нұрмаханұлы (13.2.1956, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Кемесалған ауылы) — жыршы-орындаушы, сыр бойындағы жыраулық дәстүрді жалғастырушылардың бірі, комсомол сыйлығының лауреаты (1986). Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін (бұрынғы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын) бітірген (1982). Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда (1988), Қызылорда гуманитарлық университетінде қызмет атқарды. ТМД елдерінде және бірнеше шетелдік қалаларында (Париж, Милан, Лондон, Женева, Стамбұл т.б.) арнайы шақыруымен болып, жыраулық дәстүр жөнінде лекция-концерттер өткізді. Алмасбектың 4 көлемді күйтабағы (1988; 1991; 1993; 1994), екі дыбыстаспасы (Франция, 1987; Жапония, 1990) шықты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *