Алақ көтерілісі

Алақ көтерілісі — бұрынғы Семей губерниясы Қызылтас ауданының орталығы Қызылкесік ауылы тұрғындарының Кеңес өкіметінің күштеп коллективтендіру саясатына қарсы 1931 ж. болған бой көтеруі. Көтеріліске қазіргі Ақсуат және Көкпекті аудандарының тұрғындары да қатысқан. Осы өңірде елге беделді, кезінде Омбы дәрігерлік институтын бітірген, кейін болыс болған Жанкүлә Күшіков, Мұқым Қуанов (бұл да болыс болған), Қасым Қозыбаев т.б. тәркілеуге ұшырады. ОГПУ қызметкерлері Трайыс қажыны атып өлтірді. Елдің мал-мүлкін заңсыз тәркілеу, күштеп ұжымдастыру және басқа да заңсыздық пен жүгенсіздік жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырды. Қызылтас аудан тұрғындарын қамтыған көтерілісті басуға Көкпектіден жіберілген ОГПУ және милиция қызметкерлерімен қақтығыста жазалаушы отрядтың басшысы Кулюкин, қызыл командирлер Зезев, Чешмаркин оққа ұшты. Тірі қалған отряд мүшелері қашып құтылды. Алайда Кеңес үкіметіне қарсы тұра алатын күштері жоқтығын түсінген көтерілісшілер көп ұзамай Қытайға асып кетті. Алақ көтерілісін басуға Көкпектіден шыққан жаңа отряд бастығы Протопов бейбіт ауылдарға оқ жаудырып, атқа мінген қазақтың бәрін “бандыға” санап қырғынға ұшыратты. Осыдан кейін Алақтағы қанды қырғын Саршоқы оқиғасына ұласты. Зорлық-зомбылықтан үдере көшкендерді Нарын өзені бойындағы Саршоқы деген жерде қуып жеткен қызыл әскерлер пулемет оғының астына алып, жусатып салды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *