Аламесек

Аламесек — көне мекен орны. Қызылорда обл. Жалағаш ауданы орталығынан 45 км жерде, Аламесек көлінің жағасына орналасқан. Іргесі 19 ғ-дың ақырында қаланған. 1928 — 30 ж. аудан орталығы болды. Жері құнарлы, шөбі шүйгін, балық, аң-құсы мол болғандықтан бұл аймақтың халқы ашаршылыққа ұрынбаған. Шымбай, Төрткүл, Қазалы уездерінің саудагерлері Аламесекте сауда жәрмеңкелерін өткізіп, “Жаңа базар” аталып кеткен. 1900 ж. Аламесекте 220 үйдей қазақ, 50-60 үй өзбек, 20-30 үй ноғай тұрған. 2 сыныптық орыс-қазақ түземдік мектебі (1898), кірпіш зауыты (1903), қасапхана жұмыс істеді. 1925 ж. Аламесек болысына 44 ауылды кеңес қарады. Аудан орталығы болып тұрған кезде мектеп, интернат, почта, аурухана, кітапхана, клуб, астық қабылдау пункті жұмыс істеді. Аламесек МТС-ы ұйымдастырылды. 1932 — 33 ж. Тереңөзек ауданының жетім балалар үйі, 1941 — 44 ж. Украина мен Белоруссиядан әкелінген балалардың мектеп-интернаты болды. Аламесек көліне құятын сулар бөгеліп, көл табаны құрғаған соң, Аламесектен ел еріксіз көшіп кетті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *