Абдырақ құс

Абдырақ құс — құзғын қарғалар тұқымдасына жатады. Дене ұзындығы 26—30 см. Еуразияның қылқанды ормандарында таралған; ТМД—да батыс шекарасынан шығысқа қарай Сахалинге дейін жетеді, бірақ Камчатка мен Куриль аралдарында кездеспейді. Ағашқа салған ұялары ірі, жылы төсеніш пен жабдықталған, өйткені олардың ұялауы сәуір—мамыр айларында, ауа райының колайсыз мерзімінде басталады. Ұядан балапандары мен бірге жер ауыстырады да, соңынан жұп болып, немесе дара болып көшеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *