I—IX сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны
Бастауыш сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері ме мазмұны. Оқушылардың интеллектуалдық мәдениет қалыптастыру
1. Міндеттер: Оқушыларды пәндерге қызығуға, алға білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
2. Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.
Балаларды бірінші сыныптан бастап мектепте алған білімнің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларында оқу тапсырмаларын орындауда заңды түрде кездесетін алғашқы сәтсіздіктерге бола оқуға деген ынтасының төмендемеуіне ерекше көңіл бөлуді қарастырған жөн.
Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын калыптастыру керек.
Міндеттер: Жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету; достыққа, жолдастыққа, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті егу, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдьшыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу.
Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;
Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу.
Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу.
Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;
еңбек үрдісінде бастысы — жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;
суды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Экологаялық мәдениетті қалыптастыру. Оқушылар арасында экологиялық тәрбие насихатын дамыту (ол үшін жерді, суды, электр қуатын ұқыпты пайдалану жөнінде конкурстар, құстарды қарсы алу жөнінде шаралар өткізу; табиғатгы қорғау ұйымдарымен байланысты күшейту).
Экономикалық мәдениетті қалыптастыру. Қоғамның экономикалық өмірінен өндіріс жүйесін бөле білуге, айырбастау және тұтыну туралы алғашқы ұғымды қалыптастыруға, оқушыларды экономикалық жұмысқа тарту арқылы шағын кәсіпорындарды қалыптастыру ісін ұйымдастыра білуге тәрбиелеу.
Экономикалық тәрбиемен байланысты кәсіпорындарды ұйымдастыруда ұжымдық, еңбек сүйгіштік, ұқыптылық, тәртілтілік, мүдделік сезімді тәрбиелеу.
Мазмұны: Аталған міндетгермен байланысты жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысында балаларды халық, педагогикасы мен психологиясының озат дәстүрлерінде, сондай-ақ өркениетті елдер мәдениетінің үлгісінде тәрбиелеу қарастырылады. Олардың бойына ұлттық дәстүрлерді дарыту және сонымен қатар оқушыларды ана тілінде ойлай, сөйлей және жаза білуге қалыптастыру көзделеді. Мектепке келген жеті жасар бала тәрбиеге тез көндігеді. Ол жақсы оқушы болғысы келеді. Бірінші сынып оқушыларының тәрбиесі қызметтің көптеген түрінен құралады. Олардың қызметін ұйымдастырудың ойын, оқу, еңбек жөне топтық және
ұжымдық жұмыс түрлерін меңгеріп алмай, бұл жастағы балалардың тәрбиесін қолға алуға болмайды.
Бірінші сынып оқушысы көптеген заттармен алғашқы рет ұшырасады. Сондықтан тәрбиелік көзқарас тұрғысынан балалардың оқудағы, жазудағы, санаудағы, бірлескен қызметінің алғашқы түрлерін ұйымдастыруды тыңғылықты ойластырған жөн.
Бірінші сынып оқушысы бірінші рет қоғамдық тапсырма алады. Сондықтан оны жақсы орындағанын немесе әлі де жеткілікті жасамағанын оған түсіндіру өте маңызды. Осылайша бірінші сынып оқушылары жеңіл-желпі тапсырмаларды басқалармен бірлестікте орындай отырып, адамдық дағдыларды меңгереді. Бұл балаларды тәрбиелеудің негізгі жолы.
Тәрбие үрдісі оқыту үрдісі сияқты жеңілден басталады да, біртіндеп қиындатылады, Сондықтан тәрбиелік жұмыста кезендік ұстанымның маңызы зор.
Өткізілетін шаралардың санының көп болуына әуестенбеу керек. Ұжым және ұжымдасу туралы әңгімелерді олар ұжымдық өзара қарым-қатынастың кейбір тәжірибесін жинақтағаннан кейін өткізген орынды болады.
Балаларды мектепке даярлаудың дәрежесі әр түрлі екенін еске ұстау жөн. Балалар арасында оқи білетін және айтып бере алатын, өзін ұстай алатын, сол секілді оқи алмайтын және оқушылық міндетті нашар игеретіндер де кездеседі. Кейбіреулері әлі оқи алмайды жөне оқушы міндетін қиыншылықпен игереді. Кейбіреулері оқудан шаршап қалады. Егер дер кезінде көңіл аудармаса, олардан үлгірмеушілер шығуы мүмкін. Сондықтан мұғалім бар ерекшеліктерді ескере білуге тырысуы керек. Балабақшадан келген балалар тек отбасында тәрбиеленген өз құрбыларынан көп ретте алда болады. Тәрбие үрдісінде оларды теңестіруге тырысу қажет. Тәрбие әр балаға көңіл бөлуді талап етеді, оқушының жеке басын құрметгей білуді көздейді. Бұл жерде оның тұлғасын емес, оқушының әрекетін бағалауға тырысу керек. Мәселен, “сен жамансың” немесе “сен жақсысың” деудің орнына “сен дұрыс істемедің” немесе “сен жақсы істедің” деу орынды.
Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мәселен, жинақылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына
сүйене отырып, оның өз күші мен мүмкіндігіне сенімін
арттыру керек.
Бірінші сынып оқушысымен мұғалімнің қарым-қатынас жасау стилі оқушьшар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үлгісі болып табылатынын әрқашан есте ұстаған жөн.
Бірінші сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашы ұғымын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.
Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттігін, сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.
Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ осындай аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлуі керек.
Экологаялық мәдениет — адамгершілік тәрбиесінің бір түрі. Бастауыш мектептің оқушылары алғаш мектепке келген күннен бастап табиғатты қорғаудың қажет екенін білуі керек (көпшілік балалар бұл жайында балабақшадан біледі). Ол адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар екенін түсініп, адамның табиғатты пайдалану проблемасын игеруге біртіндеп төселеді.
Оқушылардың шипалық шөптерді жинауға белсенділігін арттыру, тамақта ұшырасатын кейбір микробтарды білу (мәселен, Арал теңізі, Алматы маңындағы суларда кездесетін зиянды микробтар), оқушылардың денсаулыққа зиянды, улы заттарды танып білуіне көмектесу өмірлік маңызы бар қажеттілік болып табылады. Мәселен, оқушылардың назарын су тартқыш құбырындағы су құрамдарында организмге қауіпті микробтардың болуы, Семейдегі полигонмен байланысты ауаның өзгеруіне және т.б. мәселелерге оқушылардың назарын аудару керек.
Жалпы бұл бағытта олардың бойында табиғат есемдігін түсіну — арқылы адамдықтың жақсы сапаларын
қалыптастыуда жасөспірімдерге көмек көрсету жүзеге асырылады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты . міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің ролін түсіне білуді дарыту болып табылады.
Бірінші сынып оқушыларын кез келген жұмысты тиянақты және дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым әлементгеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза үстауға, еңбек құралдары дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.
Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.
Оқушыларды бірінші күннен бастап жеке басының заттарына (киімге, оқу құрал-жабдықтарына, ойыншықтарға, көрнекі құралдарға, кітапхана кітаптарына, бәрі ойнайтын ойыншықтарға, әлдекімнің еңбегінен жасалынғанның бәріне) ұқыптьшық көзқарасқа тәрбиелеу қажет.
Әкономикалық мәдениетке тәрбиелеу. Сондай-ақ әлеуметтік қарым-қатынастан пайда болатын экономикалық тәрбие де адамгершілік тәрбиесіне қатысты. Экономикалық тәрбие оқушылардың бойында жинақылықты,ұқыптылықты, сапалы өнім даярлай білуді қалыптастыруды және дамытуды қарастырады. Оларға қазіргі, нарықтық дәуір жағдайларында экономикалық тәрбиенің ерекше маңызға ие болатынын жан-жақты түсіндіру қажет.
Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар — ақша айырбастау сияқты үғымдарға үйрету қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытгы үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және мемлекеттік меншік арқылы алынған табыстың
салмағын айыра білуге үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек.
Эстетикалық мәдениетке тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны. Әсемдікті сезіне білу, түстерді, заттардьщ сыртқы кескінін ажырата білуге және оны графика немесе сөз арқылы бере білуге, табиғаттың сүлулығын көре білуте тәрбиелеу:
Өнер туындыларын қабылдай білуді және оның мәдени құндылығын қорғай білуді қалыптастыру.
Ұлттық өнерге сүйіспеншілікті, киімді кие білуді, сыртқы пішіннің өсем болуына мән беруді, сол сияқты адамдардың мінез-құлқындағы белгілерін талғай білуді үйретіи тәрбиелеу.
Мазмұны: Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармалардан бастапқы адамгершілік және эстетикалық ұғымдарды, сондай-ақ табиғаттағы, адамдық қызмет және өнер туралы ұғымдарды игеруі керек. Оқушылармен мәнерлеп оқуға, сурет салуға, музыкаға және биге қызығушьшығын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүйесін жүргізу, сондай-ақ мектепке жақын орналасқан мәдени ескерткіш-терімен жөне басқа да тарихи-этнографиялық құндылықтармен таныстыру қажет. Ұлтгық түр өлшемдерін қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің (сыртқы түр киім үлгісі, ою-өрнек және т.б.)
маңызы зор.
Дене мәдениетіне тәрбиелеудің міндеттері мен мазмүны. Міндеттер: Күн режимін орындау.
Тазалықты, күнделікті еңбекте жэне армияда қызмет етуге даярлықта қиындықтарды жеңе білуде денені шынықтырудың маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Мазмүны: Бастауыш сынып оқушыларына адамның денсаулығы үшін күн режимін орындаудың мәнін түсіндіру, спортқа қызығушылықты арттыру қажет. Тәрбиеші балаларды өзінің сыртқы түріне қарай білуге үйретуі керек. Денсаулық пен жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау мен организмді шынықтыру арасында тікелей байланыс бар екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет.
V—VI сыныптардағы тәрбиенің міндеттері мен мазмұны. Қоғамдық-саяси өмірмен таныстыру, қоғамдық жұмысқа қатысу. Бесінші сыныпта оқушылар бұқаралық ақпарат
құралдарынан Қазақстанда, ТМД елдерінде және шетелдерде болып жатқан маңызды оқиғалармен таныс болады. Олар оқушылардың өмірі мен қоғамдық жұмысына арналған жиналыстарға қатысады, бюллетеньдер мен сыныптың қабырға газеттерін шығарады. “Бәрін де білгім келеді”, “Ғылым мен техника жаңалықтары”, “Ауыл мен қала өміріндегі нарықтық қарым-қатынас жаңалықтары” және т.б. такырыптарға стендтер даярлайды.
Оқушылар табиғат құбылыстарымен танысады, альбомға мақалдар, мәтелдер, суреттер мен өлеңдер жинайды; табиғат сұлулығын жырлайтын тақпақтар мен өлеңдерді жаттап үйренеді; өз үйлерінің жанына, мектеп және шағын ауданының көшелеріне ағаштар отырғызады, оларды суарады, құстарға ұя жасайды; туған өлкенің қорықтық жерлеріне және хайуанаттар паркіне барады; сыныпта және үйде тірі бұрыштар ұйымдастырады, аквариумде түрлі балықтар өсіреді; аулада мұз айдынын жасауға және жазғы спорттық алаңдар ұйымдастыруға қатысады; еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізеді; Республика және Конституция, Наурыз, Жеңіс күні, халықаралық әйелдер күндерін мерекелеуте белсене қатысады; техникалық үйірмелерге қатысады; төменгі сынып оқушылары үшін ойыншықтар жасайды, оларды қамқорлыққа алады; металл сынықтарын, макулатуралар, аптечкалық ыдыстарды және шипалы шөптерді жинайды.
Оқушылар мектеп намысын қорғаумен спорттық шараларға, сондай-ақ құс, орманшы және т.б. күндерге белсене қатысады.
Тұрмыста өзіне-өзі қызмет көрсетеді: өзінің киіміне және аяқ киіміне күтім жасайды, төсек-орнының тазалығын қадағалайды; пәтерді жинасуға, азық-түлік сатып алуға, тамақ даярлауға, ыдыстарды жууға, үй жануарларын күтуге, үлкендерге жәрдемдеседі, отбасындағы қарттар мен кішкентай балаларға көмектеседі; өз ауласын таза үстайды; өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды; Қызыл Крестке мүше болады және ауру адамдарға көмектеседі.
Ғылым негіздерін игеру, ой еңбегінің мәдениетін арттыру. Оқушылардың мектепте күн режимі мен мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауы; мұғалімдердің тапсырмаларын дер кезінде орындауы;’ шамасы келетін оқу құралдарын жасауы, сынып кітапханасын ұйымдастыруға, балалар кітаптарының апталығын өткізуге белсене қатысуы керек,
пәндік үйірмелерге; тақырыптық ертеңгіліктерге, олимпиадаларға, , конкурстарға, мектептік көрмелерге белсене қатысады; көрнекті отандық ғалымдардың өмірімен және еңбегімен танысады. Адамдардың өмірі мен еңбегіндегі ғылымның рөлі туралы әңгімелерге қатысады, ой еңбегінің мәдениеті туралы кітаптар оқиды және ол жөнінде өз пікірін айтады. Әдебиетпен жұмыс істеу білігін игереді, қорытынды жасауға, текстен басты нәрсені бөліп алуға, -оқыған кітаптары бойынша күнделіктер жүргізуге жаттығады.
Оқу материалдары бойынша әңгіме жоспарын өздігінен жасауға, өз пікірін дәлелдеуді, негізгі қорытындыны қолдайтын цитаталарды жазып алуды, оларды өмірде пайдалануды, іс қағаздарын толтыруды үйренеді; қысқаша хабарлама жасай білуін жетілдіреді; жұмыс орнын таза ұстайды.
Білімдерін кеңейту мен тереңдету мақсатында музейлер мен көрмелерге барады. Ұжым болып ғылыми-техникалық фильмдерді көреді; оларды талқылайды; кітапханадан үнемі кітаптар, ұсынылған әдебиетгі тұрақты түрде алып оқиды.
Өзінің оқудағы жетістіктері туралы туыстарына баяндайды, оқу еңбегінің нәтижесін көрсетеді. Алған білімдерін еңбекте және тұрмыста, қоғамдық жұмыста пайдаланады. Үй және басқа да оқу тапсырмаларын өздігінен орындайды; оқулықтар мен құралдарды бүтіндейді. Үй кітапханасын толықтырады; үй хайуандары мен өсімдіктерге күтім жасайды, үй айналасына ағаштар отырғызады. Өсімдіктердің маусымдық өзгерістеріне бақылау күнделіктерін жүргізеді. Қабырға газеттеріне мақалалар жазады, радио-телехабарларды тыңдайды, дойбы және шахматтар, компьютер ойнайды.
Спортгық жарыстарға қатысады. Өзінен кіші інілері мен қарындастарына көмектеседі.
Адамгершілік және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесі адамның дүниеге, басқа адамдарға, оның адамгершілік мінез-құлқына қатынасын қалыптастырады.
Ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеу үзіліссіз үрдіс болғандықтан, ол болашаққа бағытталынуы керек.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына төмендегі Қатынастарды қалыптастыру енеді:
— адамның қоғамға қатынасы;
— Отанға, туған өлкеге сүйіспеншілік, үлтаралық Достық; табиғатқа сүйіспеншілік, оны қорғау;
— еңбекке қатынас; қоғам игіпігіне адал еңбек; қоғамдық сана, қоғамдық игілікті сақтау; қоғамдық мүлікті сақтау;
— басқа адамдарға ізгі қатынастар; мінез-құлық мәдениеті;
— өзіне қатысы; қоғам алдындағы жауаптылығын ерекше түсіне білу; адалдық және әділдік; адамшылық; тазалық, қарапайымдылық, үлкендерді құрметтеу және басқа да моральдық-еріктік сапалар.
Қоғамдық адамгершілік қатынас қоғамдық пікірлерде және тұлғалық моральдық әрекеттерде пайда болады. Адамгершілік тәрбие тұлғаның моральдық сапасын қалыптастырады. Ізгілікті тәрбиелеу тәрбиелік жұмыстың барлық буыны арқылы: сабақтарда, оқуда жөне еңбекте, эстетикалық жөне дене тәрбиесі арқылы жүзеге асырьшады.
Адамгершіліктің төрбиелік үрдісін әр буындар бойынша қарастыру кезінде адамгершілік сапаның даму дәрежесі мінез-құлықты айқындайтындығына көңіл аудару қажет.
Адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны. Адамгершілік және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу үшін оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілік мәселелерін білуге және барлық істерде оларды сақтауға бағыттау қажет; өзіңе және басқаларға талап қоюшылық; адалдық және әділдік үшін күрес.
Отанға, ұлттық мақтанышқа, достық сезімге, Отанды қорғауға даярлыққа ұмтылысты дамыту.
Өз борышын түсінуді күнделікті қажетгікке айналдыру; жеке басының қасиетін құрметтеу; сөз бен істің бірлігіне ұмтылу; өзінің жеке қасиеттері мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білу, айналадағылардың құрметіне ие болуға талпыну.
Еңбекке даярлықты, достар мен ұжымның құрметіне ие болуды, достыққа ұмтылуды, жалпы қуанышты бөлісе білуді, берілген тапсырманы ынтамен орындауды игеру.
Қоғамдағы нарықтық қатынастар элементін білу. Өндіріс, бөлу, айырбас жөне тұтыну ұғымдарын игеру. Үнемділікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ер балалар мен қыздар арасындағы өзара сыйластық, достық қатынастарды, жолдастық өзара көмекті тәрбиелеу.
Ұжъшдағы, үйдегі, көшедегі және отбасындағы мінез-құлық мәдениеті үшін, айналадағы адамдардың тыныштығын сақтау үшін, қарапайымдылық және кішіпейілділік үшін күнделікті жұмыс.
Санада ата-аналарға және отбасының басқа мүшелеріне деген сүйіспеншілікті, үлкендерге құрметті, қарапайымдылықты, сергектікті, мұқтаждарға көмек көрсетуді қалыптастыру.
Сөзде, істе және қылықта адалдық пен әділдікті бағалай білуді игеру; жеке бастық қатені мойындай және түзете білу; әділетсіздікке қарсы күресу, әрқашан адал болу.
Төртіптілікке ұмтылуды, алға қойған мақсаттарға жетуде жинақылық пен табандылыққа; қиындықтарды жеңе білуге, батылдық пен еріктілікке ұмтылысты тәрбиелеу.
Мінез-құлық ережелерін бұзуға, адамдардың теріс қылықтарына, әділетсіздікке, өтірікке, қорқақтыққа, менмендікке, адамгершілікке жатпайтын қылықтарға ымыраға келмеушілікті тәрбиелеу.
Адам мен табиғат арасындағы үндестікті, қоршаған ортаны қорғауды, экологиялық қасіреттің салдарын түсінуді, талдау және қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.
V—VI сынып оқушылары “Мінез-құлық мәдениеті туралы” әңгімелерге қатысуы және жеке пікірлерін айта білуі керек.
Жасөспірімдерді мәдени дағдыларды игеруге тәрбиелеу.
Адамдар арасында өзара қарым-қатынас мәдениетін орнату. Жеке бас қасиетін және басқа адамдардың қасиетін құрметтеу. Адамның тәрбиесі оның сөздерінен, дауысынан, сыртқы бейнесі мен қозғалыстарынан көрінеді. Тәрбиелілікгің белгісінің сәлемдесуден, алғыстан, өтініштен көрінуі. Тәрбиелілік кішілерге де, үлкендерге де, адамдардың бәріне қажет. Ол басқаларды тындай білуде; басқалардың кемшілігіне кешірімді болуымен көрінеді.
Кез келген адамның сұрақтарына көңіл бөлмей қалдыруға болмайды. Хатқа дер кезінде жауап қайтару, хаттың жазылған күнін көрсету қажет. Басқаның хатын оқуға жол беруге болмайды.
Жауаптылықты сақтау, келісім шарттарын орындау, әділдікті сақтай білу.
Жауапты адам төмендегі ережелерді орындауы керек:
Әр адам өз жауаптылығының айналадағы адамдарға қандай дәрежеде ықпал ететінін есінде ұстауы керек. Өзінің және басқаның уақытын үнемдей білу. Ешқашан ешқайда кешікпеу. Белгіленген шараларға қатысу мүмкін болмаған жағдайда, ол жайында алдын ала ескерте білу.
Өзінің тұрған жері туралы жақындарына хабар беруге ұқыпты болу. Қоғамдық мінез-құлық ережелерін сақтау.
Сөйлеу мәдениеті. Өзінің ойын сөйлеу арқылы сауатты және жүйелі бере білу. Сөз мәдениеті адамның білімдік дәрежесіне байланысты болады. Сөз айтайын деп тұрған ойдың мазмұнына сәйкес болуы керек, Сөйлеу мәдениетінде төмендегі ережелерді сақтай білген жөн:
Сөйлегенде сөздерді дұрыс пайдалану, тіл мүкістігіне жол бермеу. Сөйлегенде әңгімелесушінің бетіне қарау, жан-жаққа немесе сағатқа қарамау.
Сөйлегенде мағынасын білмейтін сөзді пайдаланбау. Әңгімелескенде өзің үнемі сөйлей бермей, басқаның да ойын айтуына мүмкіндік беру. Телефонмен ұзақ сөйлеспеу, ерекше бір қажетсіз достарға телефон соқпау.
Баяу дауыспен сөйлесу. Адамдарға “айдар” тағуға ұмтылмау.
Ер балалар мен қыздар арасындағы сыйластық дәстүрлі мақсатқа сәйкес құрылады.
Қоғамдық мінез-құлық ережелерін сақтау. Мектепте,үйде, мектептен тыс жерде мінез-құлық ережелерін сақтау. Көшеде жүріп-тұру тәртібі ережелерін сақтау, оған өзіңнен кішілерді үйрету. Кіші жастағылардың кемшілігін жөндей білуге көмектесу. Айналадағыларды қамқорлыққа алу.
Адамгершілік олшемдерін игеру.Адамның адамгершілік сапалары: қайырымдылық, әділдік, төзімділік, еңбексүйгіштік, кешіре білушілік, елжандылық, жауаптылық. Оқушылар адамгершілік тақырыбына арналған әңгімелерге қатысуы керек. Олар адамның адамгершілік сапаларының айқын үлгілерімен танысады.
Тамаша адамдар және адамгершілік туралы фильмдер мен театрлық ойындарды көреді және талдау жасайцы. Кітап оқу арқылы өз халқының әдебиетімен, адамның адамгершілік сапаларымен жөне басқа халықтардың мәдениетімен танысады және оның элементтерін күнделікті өмірде пайдаланады. Өркениетті елдер халықтарының өмірімен танысады, шетелдік оқушылармен хат жазысады, шетелдік почта маркаларынан коллекция жинайды. Адамгершілік тәрбиесіне арналған ұжымдық іс-шараларға қатысады, түрлі тапсырмаларды орындайды.
Өз Отанының өткені мен бүгінгі өмірін зерттеп біледі. Өлкетану іс-шараларына қатысады. Туған өлкесінің және елінің назар аударарлық жерлерін зерттеп біледі, көрмелерге барады.
Оқушыньщ экологиялық мәдениеттін қалыптастыру.
Оқушьшар қоршаған табиғатты қорғаудың әдістерімен және табиғат байлықтарын пайдалану құқықтарының үлгілерімен танысады. Экологиялық кештер, дөңгелек үстел, экологиялық апталық, экологиялық жарыстар өткізіледі. “Табиғатгың жас әуесқойлары”, “Табиғатты қорғау айлығы”, “Ең таза көше”, “Тазалығымен үлгілі үй” және т.б. тақырыптарға тәрбиелік шаралар өткізіледі.
Семей, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Арал, Балқаш, Алакөл және Алматы маңындағы экологиялық апаттардың себебін түсіндіру мақсатында іс-шаралар өткізіледі.
Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар жекеменшіктің және өндірілетін товарлардың түрлері туралы, бұған жұмсалатын шығындар және еңбек ақы туралы білімін кеңейтеді. Оларды бөлу айырбасқа, әділдікке негізделеді деген түсінікті игереді.
Эстетикалық мәдениет негіздерін қалыптастыру міндеттері. Жасөспірімдердің әдемілік пен әсемдік туралы бастауыш мектепте, I—IV сыныптарда алған білімдер деңгейін есепке алумен төмендегілерді қалыптастыруы қажет:
— қоршаған дүниенің, табиғаттың, адамдардың шығармашылық сұлулығын қабылдай білу;
— көркем туындылар (ұлы ақындардың, жазушылардың, суретшілердің және т.б.) адамдардың сарыла еңбек етуінің нәтижелері, олардың қайнар көзі — табиғат екенін түсіну;
— өз республикасының, көршілес тәуелсіз республикалардың және шетелдердің белгілі қайраткерлерінің шығармаларын білу;
— көркем шығармашылыққа, өнердің түрлі салаларымен шұғылдануға ұмтылу;
— табиғаттың сұлулығы мен үндестігін білу, оған сүйсінушілік және құрметтеушілік сезімін білдіру;
— табиғат байлықтарын және қоршаған ортаны қорғауға белсене қатысу, өзінің өмірі мен еңбегін, өзінің сыныбы мен мектебін көркемдей білу, өзінің сыртқы түріне ұқыптылықпен және талғаммен қарай білу;
— әсемдікке сәйкес келмейтін құбылыстар мен қылықтарға төзбеу, айналадағы адамдардың дөрекі мінез-құлқын қабылдамау
Эстетикалық мәдениеттің мазмұны. Қоршаған орта мен табиғат сұлулығының тәрбиелік мәні.
Отбасындағы, мектептегі, қоғамдық орындардағы, ойын алаң-дарындағы тазалық және көркем реттеушілік.
Үй хайуанаттары мен құстарына қамқорлық жасау мен күту, балалардың бойында мейірімділікті және сұлулықты сүйе білуді қалыптастыру.
Үйдің және мектептің айналасына ағаш, гүл отырғызуға, бөлмеде гүлдер өсіруге, гүлдер, орман және құстар- күндері мерекелерін өткізуге белсене қатысудың мәнін түсіндіру.
Туған өлке табиғаты көркінің балалардың ішкі дүниесіне әсер етуі.
Жыл мезгілдерінің ауысуымен байланысты табиғатта болатын өзгерістерді бейнелей білу талабын ояту.
Даналық ойлардың маңызы
Шешендік — үлкен өнер.
Балалардың санасын, көркем қабілеттері мен талғамын қалыптастыруда ертегі, аңыз, жұмбақ, мақалдар мен мәтеддер сияқты халық ауыз әдебиеті маржанының мәні.
Сөйлеуді дамыту жолдарының бірі балаларды мақалдар мен мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды сауаттылықпен пайдалана білуге үйрету. Даналық сөздер мен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бөлтірік шешен және басқалардың шешендік өнерінің тәрбиелік мәні “Атадан — ақыл, ағадан — тәрбие (өнеге)” деген ұғымды түсіндіру.
Адам өмірінде музыка мен бидің маңызы. Қазақтың ұлттық музыка аспаптары: қобыз, домбыра, сыбызғы, адамдардың аққудың үнін, бұлақтың сылдырын, інгеннің боздауын ерте заманнан бері білуі — әсемдікке деген сүйіспеншілік белгісі. Отбасы мен мектепте балалар достық туралы айтылған өнге бағдар ұстауы керек.
Әндік, музыкалық және би үйірмелерінің тәрбиелік мәнін арттыру.
Тарихи жөне өлкетанушылық ескерткіштерді, сондай-ақ ұлы тұлғаларға, еңбек және соғыс Ерлеріне: Шоқан Уәлихановқа, Абайға, Ыбырайға, Сәкенге, Сәбитке, Мүхтарға, Ілиясқа, Ғабитке және т. б. арналып қойылған ескерткіштер мен көркем туындылармен таныс болуға және құрметтей білуге үйрету. Әдемілік сезімін дамьпуда киноның және театрдың рөлін түсіндіру.
Дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру. Дене тәрбиесі жасөспірім ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Организмді шынықтырумен және еңбек дағдыларын игерумен,
Отанды қорғауға даярлықпен қатар дене және рухани күштердің жан-жақты дамытылуы қарастырылады.
Жалпы білім беретін мектептегі дене тәрбиесі оқушылардың денсаулығын және ерік-күшін нығайтады, адамгершілігін және әсемдік сезімін қалыптастырады; ол тұлғаны, оның төзімділігін, батылдығын қалыптастырады. Дене тәрбиесін ұйымдастыру кезінде жас ерекшеліктері, тұлғаның жыныстық және жеке бас ерекшеліктері есепке алынуы керек, тиісті әдістер мен тәсілдер таңдап алынады.
Дене тәрбиесі бойынша мектепте өткізілетін жұмыстың түрлері:
— Сабақтар және факультативтік курстар.
— Сыныптан тыс спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар).
— Мектепшілік жалпы білімдік іс-шаралар (ертеңгілік гимнастикалар, денешынықтыру минуттары).
— Мектептің, отбасының және жұртшылықтың бірлестіктегі спорттық іс-шаралары (парктегі спорттық сайыстар, жарыстар мен ойындар, отбасылық сайыстар және т. б.).
— Оқушылардың спортпен өздігінен шұғылдануы (жеке оқушының спортпен күнделікті шұғылдануы және жарыстарға қатысуы).
~ Оқушылардың денсаулығын нығайтуы, дененің дұрыс қалыптасуына педагогикалық-психологиялық ықпалы.
— Спорттың негізінде тапқырлықты, жылдамдықты, ептілікті және төзімділікті дамыту.
— Оқушылардың батылдық, ұжымдық, тәртіптілік, басқа адамдарды құрметтеушілік сияқты ерік сапаларын тәрбиелеу.
Дене тәрбиесінің негізінде мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Спортпен және ертеңгілік гамнастика жасаумен үнемі шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.
Халықаралық тәуелсіз Республикамыздың намысын қорғауға қабілетті жастардан спорт шеберлерін (мастерлерін) даярлау.
V—VI сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мен мазмүны:
—дене шынықтыру жаттығуларын үнемі орындау;
—жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау және ертеңгілік гимнастикаларды орындау;
— ұлтгық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихын игеру.
Дене тәрбиесінің мазмүны. Өзінің ақыл-ой және дене күшінің мүмкіндігін дұрыс бағалай білу қабілетін қалыптастыруға арналған ойындардың ұлттық түрлерін игеру. Спорт түрлері: жеңіл атлетика; ат сайысы; коньки мен шаңғы, суға жүзу; қол добы; дойбы. Ат спорты ; жөнінде алғашқы мағлүматтар алады. Кітаптар мен ; кинодан ұлттық күрес дәстүрлері мен әйгілі палуандар (Қажымұқан, Ә.Айханов) туралы мағлұматтар алады. Адамның денесін қалыптастыруда ұлттық спорт түрлерінің рөлі туралы білімді игереді.
Ойындарда түрлі рольдерді орындайды.
Спорттық ойындардың ережелерін сақтауға тырысады.
Кіші жастағыларды спорттық ойындарға үйретеді.
VII—VIII сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері мен мазмүны (интеллектуалдық мәдениетті қалыптастыру).
Оқушьшардың гуманитарлық және жаратылыстану, математика пәндері бойынша алған білімдерін олардың табиғатқа және қоғамға деген материалистік көзқарасын тереңдетуте және диалектикалық ой-өрісті қалыптастыруга пайдалануы қажет; түсінікті фактілерді пайдаланумен оқушьшардың санасына таным теориясының, материяның өмір сүру заңдылықтары мен түрлерінің кейбір проблемаларын (қимыл және денелердің) өзара әрекеті, детерменизм, қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі, қуаттың пайда болуы, сандық өзгерістердің сапаға ауысуы және т. б.) жеткізу; ғылым мен техниканың байланысын, табиғатгағы тепе-теңдікті сақтау заңын; ғылыми зерттеу әдістерін игеру мақсатымен денелік, химиялық міндеттерді өздігінен шешу, өндірісті дамытуда қоғамда тұлғаның және қоғамдық қатынастардың рөлін түсіңдіру. Сондай-ақ қоғамды дамытуда өндіргіш күштерді кіріктірудің мәнін; қоғамның материалдық және рухани игілігіндегі еңбектің мәнін, нарықтық экономикаға өту, өндіріске жаңа техника мен тәсілдерді ендіру жағдайларында еңбекті дұрыс ұйымдастырудың мәнін түсіндіру. Жаратылыстану ғылыми білімдер негізінде ғылым мен дін арасындағы айырмашылықты білуте, сондай-ақ дін қағидаларың имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу құралы екенін бірдіруге көңіл бөлу, Интернационалдық сезімді, басқа халықтармен ниеттестікті тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет.
Оқуға және ой еңбегінің мәдениетін арттыруға саналы қатынасты тәрбиелеу.
Оқушыларда білімге, ойлай білу қабілетгерін арттыруға, мүмкіндіктерін дамытуға, білімнің белгілі бір салаларына тұрақты қызығушылық көрсетуге ұмтылысын қалыптастыру.
Оқуға саналы, жауапты қатынасын тәрбиелеу; оқуда кездесетін қиындықты жеңе білу, оқу тапсырмаларын тыңғылықты орындау, білімді игеруге шығармашылықпен қарай білу.
Ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру: сөздіктермен, қосымша әдебиетпен өздігінен жұмыс істей білу, құбылысқа талдау жасау және қорытынды жасай білу, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету үшін өзінің қорытындысын тиімді дәлелдермен негіздей білу.
Адамгершілік мәдениеті тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. Жасөспірімдердің тәрбиелілік туралы білімін күнделікті өмірде пайдалану. Отанның, туған өлкенің өткені.мен бүгініне, өз халқына және басқа халықтарға қамқорлықты, құрмет пен сүйіспеншілік тәрбиесін жалғастыру.
Қоғам және отбасы алдындағы жауаптылықты қалыптастыру, қоғам алдындағы өзінің азаматтық борышын түсіну. Әділдік пен адалдық үшін, өзінің намысы мен ұжымның намысы үшін күреске даяр болуды, болашаққа сенуді, борышты орындап қуанышын сезінуді, ұжымдағы өзінің орнын дұрыс бағалай білуді, азаматтық ар-ожданды және жеке бастық қасиетгерді құрметтей білуді тәрбиелеу.
Өзара қарым-қатынаста қарапайым бола білу, қиындықтарды жеңе білуде жолдастық көмекке және достардың қуанышын бөлісе білуге қабілеттілікті қалыптастыру.
Қыздар мен ер балалар арасындағы достықтың мәнін ұғынуды жетілдіру, әдемілік, шынайы сүйіспеншілік (махаббат) ұғымдарын түсіндіру.
Өзінің сыртқы түріне жөне мінез-құлқына көңіл бөлу, өзін құрметтеуді, адамгершілікті, биязылықты және сүйіспеншілікті, кіші жастағылар мен қартгарға қамқорлық жасауды, ата-аналарға, мұғалімдерге құрмет көрсетуді, барлық кезде оларға үлгі көрсетуді тәрбиелеу. Өзінің қылықтарына талдау жасай білуді және қателіктерін мойындауды, күншілдік пен жалғандыққа қарсы күресуді,
жоғары білімді азаматтығын және ар-ожданыньщ тазалығын түсіне білуді қалыптастыру.
Оқушылардың мақсаттарға жетуде ұстамдылық пен табандылықтың қажет екенін санасына жеткізу, белсенділік пен өзімшілдікке, сөз бен істің бірлігіне, өзіне өзі сын көзбен қараушылыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге даяр болуға талпынысты жетілдіру.
Еңбек түрлері туралы, өндіріс туралы, бөлісу, айырбастау, тұтыну және үнемдеу туралы білімдерін еңбекке даярлығын жетілдіруге бағыттаушылық.
Адамның табиғатпен үндестігін жетілдіру, экологиялық апаттардың салдарын түсінуге, табиғатгы, өлкені қорғауға даярлықты төрбиелеу.
Жасөпірімдерді мәдени дағдыларды игеруге тәрбиелеу. Мәдениетті адам тек мәдени дағдыларды игсрумен ғана шек-телмейді жене жеке бас тәрбиесімен үзіліссіз шұғылдануымен өзінің ішкі адамдық сапаларын жетілдіреді.
Мәдениетті адамның жауаптылығы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы көрінеді. Уақытты үнемдеу керек және сөз бен істің бірлігін сақтауға зер салуға тура келеді.
Өзінің сөзі мен ісіне жауапты адам төмендегі ережелерді сақтауы тиіс: әрбір адам нақты ортада тұратын болғандықтан, ол түрлі міндеттерді сапалы орындауы керек. Жауапсыз адамдардың әрекеті басқаларға жағымпаздық жағдай жасауы мүмкін.
Достар мен үлкендердің уақытын үнемдеуі, ешқашан кешікпеуі, өзінің берген уәдесін орындауы қажет. Берген уәдесін орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұл жөнінде күні бұрын ескертуі керек. Күн режимін сақтау, уақытты үнемді жұмсауға мүмкіндік береді. Жоспарлауды тәжірибеге ендірген жөн.
Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу (сөз) — адам мәдениетінің дәрежелік көрсеткіші. Сөйлегенде қолайлы дауыс ырғағымен өзінің ойын айқын және қысқа жеткізе білу керек. Айтылған сөздер көңіл бөлдірумен байланысты тындаушының көңіл-күйіне оңды ықпал етуі тиіс.
Хат немесе шығарма жазғанда оқыған адамға дұрыс жетуі үшін ойды айқын баяндау қажет. Артық сөздер қоспауға тырысу керек. Өйткені олар негізгі ойларды жеткізуге бөгет жасайды, сондай-ақ, сөйлегенде тыңдаушының жиіркенішін тудыратын дөрекі сөздерді қосудан аулақ болған жөн. Әрқашан әңгімелесушінің сөзін
ықыласпен тындау мәдениеттіліктің белгісі болып саналады.
Әңгіме кезінде қызығушылық көрсету және жек көрушілік танытпау, әңгімелесушіге қол тигізбеу керек. Біреуге саусақ шошайтып көрсету — мәдениетсіздіктің белгісі, сондықтан оның ерекшелік белгілерін сөзбен сипаттау әдісін пайдаланған жөн.
Жас жігіттер мен қыздардың арасындағы өзара қатынас мәдениеті олардың достығы мен жолдастығынан көрінеді. Жас жігіт әрқашан қыздың намысын қорғауға тиіс. Оның қызға деген қатынасы достарына деген қатынастан өзгешеленеді.
Жас жігіт қызбен бірінші сөлемдеседі, оған жол береді, ауыр жүгін жеткізуге жәрдемдеседі. Сатыдан көтерілген кезде қызды алға жіберіп, өзі соңында жүреді. Сатыдан төмен түскенде жаза тайым тайып кетсе қолдай қалу үшін 1-2 басқыш алда жүреді. Көлікке мінген кезінде жас жігіт қызды алға өткізіп, оның отыруына көмектеседі, ал шығарда өзі бұрын шығады және оған қолын ұсынады.
Қыз өз намысын қорғай білуі, дөрекілікке қарсы тұра білуі керек.
Қыз кино және театрға жас жігіттің есебінен баруға дағдыланбағаны абзал.
Егер ол өз билетін күнібүрын алып қойса, ең тәуірі сол. Егер жасөспірімдер ата-аналарынан үнемі ақша талап ететін болса, онда олардың арасында түсініспеушілік пайда болады.
Жас жігіт пен қыздың арасында сыртқы түр жөнінде ескерту жасаудан аулақ болған жөн, өйткені ол жанға ауыр тиюмен қабылданады.
Оқушылар мәдени демалысты, қоғамдық орыңдарда тәртіп сақтауды ұйымдастырады. Көршілермен, туыстармен, мұғалімдер-мен қатынаста сыпайылық көрсетуі керек.
Туған өлкенің өткенімен және бүгінімен, атақты жерлестерінің өмірбаянымен танысады. Туған өлкедегі тарих және табиғат ескерткіштерін зерттеугс қатысады. Өлкетану альбомдарын даярлайды. Жергілікті өндірістің жұмысымен танысады. Қоғамдық және жекеменшіктің белгілерін ажыратады. Өркениетті елдердегі адамдардың өмірін және өз халқының мәдени құндьшықтарын зерттеп біледі.
Адамдардың мінез-құлқын өздігінен бағалай білуге
үйренеді.
Өзінің байлықтарына ұқыпты қарауға үйренеді. Табиғатты қорғау жөнінде қоғамдарға белсенді көмек көрсетеді. Батыс жөне Шығыс мәдениетіндегі табиғатты қорғау дәстүрлерімен танысады. Өркениетті елдердің тұрмысы мен мәдениетін насихаттаушы материалдармен және көрмелермен танысады. Өз халқының және басқа ел халықтарының мәдени жетістіктерін бағалай білуге үйренеді. “Жігіттің үш жұрты бар” деген қанатты сөздің мазмұнын түсіндіру арқылы туыстық қатынастарға құрметпен қарауға, қамқорлық көрсетуге үйретіп, оның азаматтық борыш екенін түсіндіру қажет.
Эстетикалық мәдениетті тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұиы. Міндеттер:
— Жасөсіпірімдердің бойында бұрыннан қалыптасқан; жеке бастың сапалары негізінде VII—VIII сыныптарда табиғаттағы, қоғам өміріндегі, еңбек адамдарының бойындағы сұлулықты қабылдау қабілетін дамытуға;
— адамдардың мінез-құлық сұлулығын олардың арасындағы өзара қарым-қатынастан, олардың сырт бейнесінен, өздерін әсем ұстау талабынан көру іскерлігін; қалыптастыру;
— көркем әдебиет пен өнердің аса көрнекті1 шығармаларын білумен қарулану, олардан лөззат алу қабілетін, өнер туындыларын дұрыс бағалау шеберлігін;
— өнер туралы өзінің білімдерін үнемі байытып отыру талабын;
— өнердегі сұлулықты сезініп, түсінуін, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысуын;
— әсемдікті еңбекке, мінез-құлыққа, айналасындағы адамдармен арақатысына енгізу, оны жеке бастың дағдысына айналдыру;
— табиғаттағы шынайы әсемдікті тануын, мәңгілік жаңаруды түсінуі;
— табиғаттың байлығын, үйлесімділігін қорғап, сақтай білу сезімін жөтілдіру;
— талғаммен киіне білуін тәрбилеп жетілдіру;
- әсемдікті өсем емес нәрселерден ажырата білуін, дүние-қоңыздық талғамдардан жоғары тұруын қалыптастыру.
Мазмүны:
1. Табиғаттың өзі берген әсемдік пен адам өміріндегі әсемдіктің мәні.
Экология туралы түсінік бере отырып, табиғаттың, қоршаған ортаның адамзат өркениетін сақтаудағы маңызын ұғындырудың қажеттігі. Қ.Мырзалиевтің “Қызыл кітап” поэмасын оқытып, талдаудың төрбиелік мәні.
Халық ұғымындағы киелі құс, киелі аң туралы балалардың түсінігін тереңдету. Табиғаттың аса сұлу құбылысын сақтауға әрекет жасаған халықтың арман-қиялынан туған қағидалармен таныстырудың тәрбиелік мәні.
“Адамдардың табиғатсыз күні жоқ!,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ”.
“Жасыл желек — жер көркі”,
“Туған өлкем — қандай көркем”
деген тақырыптарда лекция, әңгіме өткізудің тәрбиелік мәні.
2. Өзі өмір сүріп отырған адамдардың мінез байлығы, әдеп салттары, қарым-қатынас мәдениетінің ықпалы. Таза адамгершілік қатынастарды қалыптастыру — адам жанының сұлулығын жасау. “Адамның асқан сұлулығы — оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі” деген В.А.Сухомлинский сөзінің мәнін бала бойына егу.
“Әдептілік, ар, ұят — адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат — надандықтың белгісі” —
дегенге түсінік беру.
Жасөспірімдердің көркем маңызы әдебиетпен шұғылдануының
Талап қыл артық білуге
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге,—
деген Абай өсиетін мақсат ету.
3. Оқушылардың кітапханамен байланысын ныгайту шараларының жүйелі іске асырылуының қажеттілігі.
“Бабалар өсиеті” (шешендік өнер) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” (Абай).
‘“Менің сүйікті кейіпкерім”, “Қаламгерлік — ғажайыг өнер” деген тақырыптарда ертеңгілік, оқырмандар конференциясын өткізіп отырудың тәрбиелік мәні.
4. Өмірдегі көркемдік атаулы адам еңбегінің жемісі. Адамдардың арманшыл-қиялшылдығының түрлі өнер туындыларын туғызуы. Шешендік, жыраулық, күйшілік, зергерлік, сәулеткерлік өнерлердің ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатыны. Балаларға жыраулар толғауларының мазмұнын меңгертіп, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөздерін қастерлеуге баулу. Мавзолей, мазарлардың тарихымен таныстырудың тәрбиелік мәні.
Қ. Телжановтың “Бүркітпен аңға шығу”, М. Қисамединовтың “Махамбет” картиналары, X., Наурызбаевтың “Құрманғазы” атты мүсіні, Құрманғазының “Кішкентай” күйлерімен X Ерғалиевтің “Күйшің поэмасымен” танысудың тәрбиелік мәні.
5. “Өнердің халықтық арғы негізінен қол үзбеу керек, себебі өнердің шын мәнісіндегі халықтығы ғана жақсы талғамның, өміршендіктің, өшпес әсемдіктің кепілі болып табылады”
(М. Қаратаев) деген пікірді ескерудің қажеттілігі. Қазақтың қолөнерінің өткені мен бүгінгі жағдайы. Ағаш ұқсату (үйшілер өнері, ершілер өнері, жиһаздар мен ыдыс-аяқ жасау өнері), металл өңдеу (ұсталық, зергерлік), сүйек пен мүйіз ұқсату, тері ұқсату мен етікшілік, тоқымашы мен тігіншілік сияқты өнермен таныстыру, соған баулудың маңызы. “Өнер — таусылмас азық, жұтамас байлық” деген түсінікті қалыптастыру.
Мектеп шеберханасында түрлі қолөнер бұйымдарын жасауы, “Өнерлі өрендер”, “Өнерліге өріс кең”, т. б. тақырыптарда “Қолөнершілер көрмесіне қатысуы, балаларды” әсемдік әлеміне қанатын қақтыруда Д. Шоқпарұлын үлгі-өнеге ету.
Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбына арналған “Жомарт”, “Қыпшақ Сейітқұл”, “Талаптың пайдасы”, ; “Асыл шөп”, “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш” деген әңгімелері бойынша конференция өткізу, балалардың еңбектегі әсемдікті сезінуінде маңызды роль атқаратыны.
6. Жасөспірімдерді әсемдік пен көркемдікке, мәдени талғам-паздыққа тәрбиелеуде музыканың алатын орны ерекше. Қазақтың халық музыкасы, халық композиторларының өнердегі орны, халқымыздың біртуар әнші, күйшілерінің шығармаларымен таныстырудың қажеттігі. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, т.б. күйлерін
тындату, үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан, Мәди, Майра, Естайлардың ән әлеміндегі орны мен орындаушылық шеберлігімен таныстырудың тәрбиелік маңызы.
К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Жандарбеков, Ш.Жиенқұлова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиевтардың өнердегі қайталанбас қолтаңбасын таныстырудың маңызы.
Музыкалық халық аспаптары жайлы Б.Сарыбаевтың еңбегі жайлы әңгіме-сабақтар өткізіп, олар жайлы халық аңыздарын бала жүрегіне жеткізудің тәрбиелік мәні.
“Құрманғазы — күй атасы”, “Күләш — қазақтың бұлбұлы”, “Біртуар өнер тарландарының мәдениетіміздегі орны”, “Жетігеннің сыры” деген тақырыптарда түрлі тәрбие жұмыстарын өткізудің қажеттілігі. Оқушылардың көркемөнерпаздар үйірмесі, хор , әдеби-драмалық үйірмелерге қатысып, өз өнерін көрсете білуінің, талантын ұштаудағы орны. “Әнші балапанң, “Жас қанат” ән мерекесі, ән апталықтары, жас әншілер конкурстарын өткізіп отырудың қажеттілігі.
7. VII—VIII сынып оқушыларының сезім дүниесі мен мінез-құлқына кино мен театрдың өте зор әсер ететіні белгілі. Көрген кино, спектакльдерін талқылап, өз пікірлерін айтуға үйретудің қажеттігі. “Даладағы қуғын”, “Көксерек”, “Боранды түнде”, “Қазақтың батырлары” кинолары мен “Ғасырдан да ұзақ күн”, т.б. спектакльдерін көру арқылы көркемөнер туындыларынан рухани ләззат алатыны,
Кино, театр, сахна өнері жайлы басылымдарды оқып отырудың игі әсері.
8. “Тіл өнері — дертпен тең”. “Балаларды ана тілінің бай мұрасын игеріп, қадірлеуге баулу — қасиетті борыш. “Толғауы тоқсан қызыл тілдің” (Абай) тамыры халық ауыз әдебиетінде жатқаны. Ауыз әдебиеті әсемдік пен көркемдіктің кілті екені.
“Өнер алды — қызыл тіл”, “Ана тілің — арың бұл”, “Ұлы адамдар тіл туралы ой толғайды” деген тақырыптарда тіл мерекесі, әдеби-музыкалық кеш, диспут, конкурс сияқты тәрбие жұмыстарын жүйелі өткізіп тұрудың тәрбиелік мәні.
Түрлі тақырыптарға арналған мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттатқызудың тіл мен ойды ұштаудағы маңызы.
Жергілікті жердегі сөзге шешен, ойы жүйрік, тапқыр адамдармен кездесу, олардың ұтқыр сөздерін жинастыруға
баулудың, тарихта аты аңызға айналған шешендер жайлы мәліметгер тауып альбом-кітаптар құрастырудың тәрбиелік мәні.
9. Сәулет өнері мен бейнелеу өнері балалардың қиялы мен көркемдік танымын қалыптастыруда айрықша орын алатыны. Сыр, Шу, Талас өзендері бойындағы ескерткіштер, Маңғыстау мен ұлытау өңіріндегі этнографиялық экспедиция тапқан материалдар жөнінде әңгімелеудің тәлімдік мәні.
Ә.Қастеев, С.Романов, Е.Сидоркин, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, Х.Наурызбаевтардың шығармашылығы жөнінде арнайы көрме-сабақтар, ауызша журнал ұйымдастырудың қажеттілігі.
10. Талғам жайлы түсінік берудің қажеттілігі. Өз жасына, жүрген ортасына, отбасының қаражат жағдайына қарай киінуге баулу. Киімнің түсінің бір-біріне үйлесімділігі, күндізгі киім, кино-театрға киетін киім, еңбекке киетін киім, ойынға, серуенге киетін киімді орынды таңдай білуге үйрету, жылтыраққа әуестіктен, қымбат киімді іздеушіліктен, әркімге бір еліктеушіліктен сақтандырудың маңызы.
Күнделікті дене тазалыған сақтап жүруге, отбасында, сынып, мектепте бөлме тазалығын сақтап, гүл өсіруге дағдыландырудың маңызы.
Өзінен кіші бауырларының, төменгі сынып оқушыларының таза, әсем боп жүруіне қамқорлық жасауға баулудың тәрбиелік мәні.
11. Жергілікті жердегі өлкетану, тарихи, әдеби музейлерге, ерлік пен еңбек ерлері құрметіне салынған ескерткіштерге, мәдениет үйі, театр, кинотеатрларға барып танысудың, кездесу, концерт, кино, спектакльдерді тамашалаудың, туған жерге саяхат, басқа қалалар мен елдерге туристік жорықтарға шығып тұрудың тәрбиелік маңызы.
Дене мәдениеті тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.
Төрбие теориясында және тұлғаның қалыптасуына, дене түзілісі мен дене күшінің дамуына айырықша мән беріледі. Неғұрлым адамның ширақтығы басым болса, соғұрлым атқаратын жұмысы тиімді болады. Мамандардың дәлелдеуі бойынша жеке тұлға қалып-тастыруда дене тәрбиесінің ықпалы мейілінше зор. Дене тәрбиесі 7—8 сынып оқушыларының дене түзілісін, ширақтығын ғана жетілдіріп қоймай, оқушылардың
спортпен шұғылдануына, дене тәрбиесінің мәдениетін дамытуға қызығушылығын арттыруға, дене дамуының психо-физиологиялық негіздерін терең түсінуге, денсаулықты нығайтуға әсер етеді, сонымен қатар дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиені жүргізуге негіз болады. Осы тұрғыдан дене тәрбиесі оқушының белсенді танымдық және денешнықтыру-сауықтыру іс-әрекетін ұйымдастыратын көпқырлы үрдіс, ол денешынықтыру және спортпен шұғылдану сабақтарының бағытын айқындап, оның психо-физиологиялық негіздерін түсінуге, дене күшінің дамуына, сонымен бірге салауатты өмір салтын, гигиеналық дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді.
Міндеттері:
— Қалыптасқан спорттық жаттығуларға байланысты шараларды мүлтіксіз орындау, дағдыға айналдыру.
— Дене тәрбиесі тарихынан мағлұматы болуы (Қазақ халқынан шыққан спорт майталмандары туралы мағлұмат, егемен еліміздің спортының дамуы).
— Спорттық жарыстарға байланысты, олимпиадалардағы сайыстарды түсініп, бағалай білуі.
— Еңбексүйгіштік, жолдастық, достық, өзара көмекті сақтау.
Мазмұны:
1. Өзі оқитын сыныпта денешынықтыруды ұйымдастырады. Өз еркімен таңдап алған спорт түрі бойынша үнемі, үздіксіз жаттығу жасайды.
2. Дене тәрбиесі тарихынан, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлерінің шеберліктерін, әдіс-тәсіддерін біледі, ұлтгық спорттың дамуының сабақтастығын меңгереді.
3. Ұлттық спорттың түрі — ат жарыстарына байланысты сайыстарға қатысады және оны бағалай біледі.
4. Ұлттық тұрмыс-тіршілікте дене бітімін қалыптастыруға байланысты еңбектермен шұғылданады.
5.Ұлтгық ойындардың ішіндегі қимыл-қозғалысты, сезімталдықты, сергектікті қалыптастыратын (“Шымбике”, “Марламқан”, “Үй артында қол ағаш”, “Тартыс”) ойындарды меңгереді.
6. Әркез өздерінің дене шынықтыруға байланысты ізденістерін дамыта отырып, спорт жарыстарына қатысу, спорт ойындарына төреші болуға дайындық жасайды.
7. Суда жүзу тәсілдерін оқып үйренуге, оны тәжірибеде іске асыруға суға батып бара жатқан адамға көмек етуге дайын болады. ;
8. Туристік жорықтарға, әскери ойындарға (“Жас қыран”, “Батырлар жүріп өткен жолдар”) қатысады.
IX сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.Оқушылардың интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру. Ғылыми көзқарас негіздерін дамыту:
оқушының ғылыми негізделген көзқарасын дамыту, адамның табиғатқа және қоғамға деген танымдық, эмоционалдық қатынасын, оның іс-әрекетін дамыту;
диалектикалық ойлауды қалыптастыру, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын, өзара байланысын адамның биосферадағы орны мен ролін түсіндіру;
мәдениет әлемі арқылы жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, тәрбиелеу ісіне кешенді көзқарас қолдану;
танымдық түрткіні дамыту, ойлау іс-әрекетінің дағдыларын, әр тұлғаның жеке-шығармашылық қабілетін дамыту;
қазіргі ғылыми білімді, әлемдік өркениеттік құндылықтарды игерген жеке тұлғаның компьютерлік сауаттылығын ашуга, информациялық мәдениетті қалыптастыруға ұмтылысын дамыту.
Оқушылардың оқуға деген саналы қатынасын тәрбиелеу, танымдық белсенділігін дамыту, ақыл-ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру:
білімді тереңірек игеруге даярлау, алған білімін шығармашылық-пен өмірде пайдалана білуге баулу.
Жасөспірімдердің ғылыми-техникалық білімдерін жетілдіруге қызығушылығын арттыру;
оқуды игерудің қоғамдық құндылық түрткісін саналы түсіну; білімді белсенділікпен игеріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға бағыттау; танымдық іс-әрекетті сараптау мен тұжырымдай білуге, өз көзқарасын негіздеуге үйрету, ақыл-ой мәдениетін арттыру; білімді игерудегі жауапкершілік пенжүйелілікті дамыту.
Қоғамдық омірге қатынас. IX сынып оқушылары дамуының ерекшеліктері денелік, психологиялық және әлеуметтік өзгерістермен байланысты. Бұл жаста атап айтарлығы сол, жаңа әлеуметтік өзгерістер мен өмірді өздігінен тандаудың алдында тұруы болып табылады. Бұл қатынаста олардың дамуы көп жағдайда өзін-өзі билеушілікті талап етеді. Жоғары сынып оқушыларының тәрбиесінде жоғары адамшылық қатынастарды жете
түсінушілік пайда болады, Оқушылардың мінез-құлқына әдептілік пен эстетиканы ғана ендіру емес, олардың әмірде қабылдауға тиісті мәдениеттің насихатталынуы, саяси сананың, берік көзқарастардың орнығуы қажет.
Педагогтар оқушыларға тапсырмалар бере отырып, бастамасын, өзін-өзі билеушілігін дамытуы, ақыл-кеңес және тілек түрінде көмек көрсетуі керек.
Олардың ойдың шығармашылық күші мен шексіздігіне сенуі; қоршаған әлем туралы өз білімдерін үнемі толықтырып отыруы; табиғат пен қоғамға деген дүниежүзілік мәдениетті кіріктіру үрдістері, қоғамның бейбітшілікпен дамуы жөніндегі материалистік көзқарасын дамытуы керек.
Жоғары сынып оқушылары халықтар арасындағы достықтың мәнін ізгілік рухында түсіне білу керек.
Жоғары сынып оқушылары тәрбиесінің бастысы—іс жүзінде ізгілік ұстанымдарын жүзеге асыру: Отанды қорғауға әрқашан даяр болу, халықтар арасындағы достықты нығайту, отбасы алдындағы міндетті орындау. Достықтың, таза адамшылық қарым-қатынастың мәңін түсіне білуі, қыз баланың намысы мен ер жігіттің абыройын сақтай білуі керек.
Қоғамдық орындарда, ата-аналар, мұғалімдер алдында мінез-құлық қалыптарын орындауға, туыстарға құрмет көрсетуге және бір-біріне көмектесуге тырысу; әдептілік көрсету және адамшылық қарым-қатынастың мәнін бекіту; әділдік, ашықтық; әрқашан өтірікке қарсы күресу басты міндет болып саналады.
Нарықтық жағдайда адамшылық қатынастарды орнату үшін Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрыптарын құрметтеу, өз заттарына жинақы болу және табиғатқа ұқыптылықпен қарау және үнемшіл болу көзделуі керек.
Тоғызыншы сыныптықтар мінез-құлық мәдениетінің негіздерін мектепте де, отбасында да, үлкендер арасында да, өзінен кішілермен, мүгедектермен қарым-қатынаста да сақтай білуге міндетті. Әрқашан ішкі мәдениетті сыртқы әдептілік қылықтармен біріктіруі, ұқыпты киіне білуі қажет. Өмірде және еңбекте пайдаланылатын ізгілік ұстанымдарын игере білуі, Қазақстан азаматының құқықтарымен және міндеттерімен танысуы, адам құқығын құрметтей және қорғай білу; қоғамдық пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуі керек.
Адамгершілік мәдениеті тәрбиесініц міндеттері мен мазмұны. Адамгершілік, мораль қалыптары туралы түсінікгерді жетілдіру.
Жеке тұлғаның адамгершілік сапасын қоғамға қатынасы арқылы дамыту: Отанды сүю, өз халқың құрметтеп, оған адал болу, Отанды қорғауға әзір тұру; халықтар арасындағы достықты нығайту, бейбітшілікті сүю, ел үшін күресу.
Адамдарга қатынасы: гуманистік сезімді тәрбиелеу. Мәселен, әр адамға жылы жүзбен, мейірімділікпен қарым-қатынас жасау; мектепте мәдениетті адамның қарапайым этикеттік қалыптарын қолдану; адамды жас ерекшелігіне, әлеуметтік орнына, қабілетіне, қызмет орнына, материалдық жағдайына қарамастан құрметтей білу; өр адамның қадыр-қасиетін, ерекшелігін бағалай білу, құрмет көрсету; мейірімділікті дамыту, жасөспірімдерді аялай білу, құрметгеу, ересек адамдар мен қарияларға сыпайылықпен қатынас жасау.
Өзіне және іс-әрекетіне қатынасы: “ар”, “ұят”, “парыз”, “жеке , бастың қадыр-қасиеті” тәрізді адамгершілік категориялардың мәнін түсіну; өз ісі мен ұжымдық істі орындаудағы жауапкершілікті сезіну, өз ісін көпшіліктің талабына қарай бейімдей білу, қыздар мен жігіттердің адамгершілік қатынасын жетілдіру, қыздардың ар-ұятына кір келтірмеу, жігіттің қадір-қасиетін сақтау; өз көңіл-күйін игере алу, өз іс-әрекетін бірқалыпта ұстай білу, ұстамдылық пен төзімділік таныту, батыл, ержүрек болу; мінез-құлықтың ерік сапасын дамыту; шешім қабылдауда табандылық танытып, мақсатты анықтай білу, оны іске асыруда тиімді жолдарды пайдалану; адамның сыртқы мәдениетін (келбеті, сөйлеуі, іс-әрекеті, отбасындағы мүшелермен қарым-қатынасы, қоғамдық оқу орнындағы және мектеп өміріндегі) дамыту.
Еңбекке қатынасы: еңбек ете білуге, өз ісінің нәтижесін көпшілік жетістігінің бөлігі деп қарауға тәрбиелеу; қоғамдық пайдалы еңбектің адамгершілік түрткісін жер бетіндегі тіршілікке қосқан үлес деп қарау, нарықтық қатынас жағдайындағы өндіріс орындарындағы еңбек: құрылыс, транспорт, көпшілікке қызмет ету орындарымен таныстыру, жеке кәсіпкерлік түрлерімен таныстыру; оқу және ‘ қоғамдық пайдалы еңбек барысында еңбек дағдылары мен біліктерін қалыптастыру; әр уақытта адам еңбегінің, жан дүниесінің ізін, таңбасын сезіне білу, қоғам мен жеке бастың материалдық игіліктеріне
ұқыптылықпен, құрметпен, қамқорлықпен қатынас құруы, еңбек жолын саналы таңдай білуі.
Экологиялық мәдениетті дамыту, табиғатгың тылсым сырын түсіне білуге ұмтылу. Табиғат — ең жоғары құндылық, адамзаттың бесігі. Адам — табиғаттың құрамдас бір бөлігі; табиғат байлықтарын үнемді, экономикалық жағынан тиімді пайдалана білу; адам өмірін сақтау үшін экологиялық зиянсыз ортаны жасау. Айналадағы құбылыстарға “адамдық” мән бере білу, Мейірімділік, Ақиқат, Сұлулық негізін түсіну. Табиғатпен үндесу, тұтасу үшін халықтық дәстүрлерді пайдалану.
Жоғары сынып оқушыларын мәдени дағдыларды игеруге тәрбиелеу. Жүріп тұру мәдениет ережелерін игеру — мәдени іс-әрекет дағдылардың негізі, айналадағы адамдардың ыңғайын сақтау, адамның қадыр-қасиетін түсіну, осының бәрін өзі ғана орындап қоймай, басқалардан да талап ету керек.
Әлемге аты әйгілі педагогтардың бай мұраларынан дәстүрлі мәдени тәрбиенің жетістіктерш игерту. Мәдениетті адам болу үшін мәдени дағдыларды ғана игерумен шектелуге болмайды. Ең аддымен өз бойында ішкі мәдениетті қалыптастыру қажет: халықпен бір-тұтастық сана-сезім, ұжым алдындағы жауапкершілік, үлкенге ізет көрсету, жоғары ізгілік мұраттарға ұмтылу, қазақтың ұлттық қарым-қатынас мәдениетін игеру.
Мәдениетті адам өзін үнемі тәрбиелейді. Сондықтан өз іс-әрекеттеріне жауап береді. Өмірлік тәжірибе мынаны ескертеді, егер өзіңді бақытсыз сезінсең, сенің алғашқы адамгершілік міндетің — өз бақытсыздығынды айтып, өзгенің мазасын алма. Бақытсыздығынды жеңіп, ертеңгі ғана болашағынды ойлауға бар күш-қуатыңды жұмылдыра білуге тырысу керек.
Кез келген уақытта және кез келген жағдайда өз қадір-қасиетінді кетірме, өз әрекетіңе жауапкершілікпен қара, көңіл-күйіңді төмендетпе, осының бәрі басқаларға деген инабаттылықты білдіреді.
Өзің уөделескен уақыттан кешікпе, әрқашан нақты және жауапты бола біл.
Біреуге уәде бермес бұрьш уақытың мен мүмкіндігіңді алдын ала ескер. Өз қадырыңды кетірмес үшін, кез келген жағдайда берген уәдеңе берік бол.
Инабатты адам айналасындағылардың көңіл-күйін ескеріп, артық сөз және қимыл жасаудан аулақ болуға тырысады. Әрқашан ұстамдылық көрсетіп, ешқашан
біреуді жәбірлеуге жол бермеуді көздеп, біреудің қателігіне күліп, табалауға жол бермеген жөн.
Қандай болса да ашу қысқанда немесе ренжігенде ешкімге тіл тигізбе, жәбірлеме.
Кез келген ескертуді инабаттылықпен білдіре білуге ұмтылу.
Әдептілік — істеген әрекетің өзгелерге қайырымды болып, қанағаттанарлық сезім әкеліп, ешкімге кедергі, ыңғайсыздық келтірмеуін көздеу.
Ашушаң, бірақ тәрбиелі адам әдейі немесе байқаусыз жәбірленген сөзі үшін кешірім өтінеді. Осы ережені кішілер үшін де пайдалануды ұмытпаңдар.
Сөйлеу мәдеииеті. Өз ойыңды қысқа, тиянақты, анық білдіруге, дауыс ырғағының өзгеруіне көңіл аудара білуге ұмтыл.
Істеген ісіңіз бен сөзіңізге сыпайылық тән болсын. Әңгіме-лескенде, “өңгіме желісіне көтеріңкі көңілмен” араласу қажет. Өйткені әңгімелесіп отырған адамға сіздің биязылығыңызбен, көтеріңкі көңіл-күйіңіз жақсы әсер етеді. Әңгіме желісіне биязылықпен, жылулықпен араласу арқылы әңгімелескен адаммен тез түсінісуге болады.
Адамның мәдениетгілігі тек сөйлесе білумен шектелмейді, ол өзгені де тындай білуі тиіс. Сөйленген сөзге жауап бермес бұрын, сөйлесіп тұрған адамның ойын тұтас тындап, жақсы түсініп алып, жауап беріңіз. Сөйленген сөзді соңына дейін түсініп алмай, алғашқы әсеріңізбен күліп немесе жауап қатып ыңғайсыз жағдайда қалуыңыз мүмкін.
Сөйлеген сөз жүйелі, нешделген болуы тиіс.
Оқушылардың сөйлеген сөзіне назар аудару. Жүйелі, анық, лексикалық мазмұны бай сөйлем құра білу сөйлеу мәдениеті қалыптасқан ортада дамыды. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін, мақал-мәтелдер, сөз — ойындар, ертегі, аңыздарды т.б. ауыз әдебиетінің маржанын пайдалану арқылы оқушының адамгершілігі қалыптасады.
Еңбек тәрбиесінің мазмүны мен міндеттері. Еңбек туралы, оның ұжымдық еңбекпен өзара байланысы туралы және ұжымдық еңбектің жетістіктері туралы білімін қалыптастыру.
Еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру, жаңалық тапқыштық, техникалық ойлар, құрастырулар туралы мағлұматгар беру, техникалық құжаттарды пайдалана білуге, оқушьшарды мамандық тандауға даярлау. Қоғамға пайдалы еңбекке қатысу.
Нарықтық қатынастарға түсумен оларды игеру, ұясымның және жеке шаруашылықтың еңбегімен танысу, нағыз онды сапаларды іріктеп ала білу.
Отбасында ізгілік қатынастарын көрсету: қүрмет, сүйіспеншілік сезімі, сабырлылық, денсаулық және бүл қатынастарды қолдау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан азаматының құқығы мен міндеттерін білу.
Эстетикалық мәдениетті тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны. Міндеттер: Жоғарғы сынып оқушыларының бойында мынадай эстетикалық мәдениет негіздерін қалыптастырған жөн:
— жалпы қоғамның эстетикалық мәні туралы түсінікті, адамзаттық өмірдегі эстетикалық мұраттары туралы түсінікті;
— өнер туындыларының (көркем әдебиет пен көркемөнер) эстетикалық құндылығын терең ұғынып талдай білуге, оны өз өмірінің мәніне айналдыруға, өнердегі шынайылық пен көркем бейне мәселесін түсінуді, өнердегі мазмұн мен түрдің бірлігі, ішкі және сыртқы үйлесімділікті, өнер тарихын, көркемөнердегі әдіс пен стильдің маңызын білуді;
— көркем шығармашылық сабақтарына қатысып, көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастыруды, өзінен жасы кішілермен осы бағытта жұмыстар ұйымдастыра білуді;
— адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік мәнін түсінуді;
— табиғаттың адамға тигізер адамгершілік-эстетикалық ықпалын пайдаланудың мәнік ұғынуды;
— табиғатты қорғаудың белсенді практикалық істеріне араласуды;
— өзін қоршаған ортаның, қоғамның талап-мұратына сай эстетикалық талғам мен сән туралы ұғымын қалыптастыру;
— өмірде өзі көріп жүрген ұсқынсыз құбылыстар мен бұрмалаушьшыққа төзбеушілікті, өнердің шынайы туындыларын жасандылықтан ажырата білуді қалыптастыруды.
Эстетикалық тәрбиенің мазмұны.
1. Оқушыларға эстетика жайлы түсінік беру және адамзат атаулының эстетикалық мұраттарын түсіндірудің қажеттігі.
Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, К.Маркс,
Ң.Г.Чернышевский, Ш.Уәлиханов, Ы.Адтынсарин,
147
А.Құнанбаев, Г.В.Плеханов, А.Луначарскийлерд қоғамдық құбылыс пен өмір шындығы, ғылым мен өнер туралы ой-пікірлерімен таныстырудың маңызъі, “Ұлылардың әсемдік жайлы ұлағаты” деген тақырыпта лекция, баяндама тыңдатуға болатыны.
2. Адамзат мәдениетінің және қазақ халқы мәдениетінің даму ерекшеліктері жайлы балалардың ой-өрісін дамытудың қажеттілігі. Мал бағу, егін егу, аң аулаумен айналысқан халықтың басқа да саналуан кәсіппен шұғылданатыны. Ата кәсіп, ата мұра, ұлттық өнер деген ұғымдарды қалыптастырудың тәлім-тәрбиелік мәні. !
Көшіп-қону мен қыз жасауының жабдығы үшін халықтың қолөнерінің жетілгені: киіз басьш, кілем, құр тоқу, ер тоқым дайындау, қыздың жасауларына білезік, сақина, шолпы, алқа, т. б. әшекей заттар даярлауы. Оларға түрлі-түсті айшықты ою-өрнектерді пайдаланғаны, Ою-өрнекті тұрмыстық заттар мен кесенелерге, киім түрлеріне шебер қолдануы, оның бүгінгі өміріміздегі заңды жалғасы.
Оқушылар қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастыру, түрлі цехтар ашып, оны дамытудың кәсіби бейімділіктерін ұштаудағы тәрбиелік мәні. Өнегелі ұл, өнерлі қыз тәрбиелеудің қажеттігі.
3. Көшіп-қону тұрмысының өзі халықтың көңіл сергітетін ойын-сауық, дүрмек, жиын-той, ас, бәйге, көкпар, айтыс, жыр кештері секілді өнер жарыстарын өткізуге бейімдеп, адамдардың бойындағы талантын ұштай, түсуде маңызды қызмет атқарғаны. Тұрмыс-салт жырлары, лиро-эпостық жырлар, жыраулық, шешендік дәстүрді бастау көзі, оның халық тұрмысында, елдік пен ерлік дәстүрінде жатқаны. Тазша бала, Жиренше мен Қарашаш, Алдар көсе жайлы аңыздардың тәрбиелік мәнін ашаты жұмыстарды жүргізудің қажеттігі.
4. Бүгінгі сәулет өнерінің ертедегі сәулеткерлікпе байланыстылығы жайлы түсінік берудің тәсілдік жағы. Ас ірі сауда, қолөнер, ғылым мен мәдениет орталығы ежелгі Отырар, ұлы Жібек жолы туралы балаларға мәлім беру.
Орталық Қазақстандағы Домбауыл ғибадатханасы, Көне Тараз маңындағы Бабаджи Хатун, Айша Бибі күмбездерінің, Сыр бойындағы Сарман Қосы мүнарасының, Сырлы Там күмбезінің, Маңғыстаудағы Шақшақ Ата Жертөле мешітінің, Түркістандағы А.Иассауи кесенесі ескерткіштерінің тарихын оқушыларға таныстыру
148
арқылы тарихи-мәдени ойын дамытудың маңызы. Алматы, Ақмола және тағы басқа қалаларда сән түзеп тұрған сәулетті де зәулім ғимараттардың әсемдігіне балалар ңазарын аударып таныстыру.
5. Қазақ халқының көне музыкалық аспаптарымен таныстырып, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, жетіген, керней, адырна, тұяқтас, дауылпаз, сазген, асатаяқ, дабыл, уілдек, шартылдауық, дүңгіршек секілді аспаптарының ұлттық және фольклорлық болып екі топқа бөлінетінін түсіндірген жөн. Қорқыт ата есімімен, Кетбұғаның “Ақсақ құлан” күйімен, Т.Молдагалиевтің “Боз інген” поэмасының аңаздар мазмұнымен байланысты тууы, оларды балалар жүрегіне жеткізудің тәрбиелік мәні.
6. Қазақтың өйгілі күйшілерінің тарихтағы, мәдениеттегі орны. Асанқайғы, Қазтуған, Байжігіт, Абылайхан, Махамбет, Боғда, Тәттімбет, Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Қазанғап, Дина, т. б. күйшілік өнерімен таныстырудың қажеттігі.
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің мәдени өміріміздегі орны. Оны ұйымдастырудағы А.Жұбановтың еңбегі.
Композиторлар А.Жұбанов, М.Телебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, Н.Тілендиевтердің шығармашылығына арнап музыка кештерін өткізудін маңызы.
7. Жырау, сал-сері, суырып салма ақын туралы балалар түсінігін тереңдетудің қажеттігі.
8. Сал-сері деп кімдерді айтатынымызды оқушыларға жеткізудің маңызы. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, үкілі Ыбырайдың халықтық дәстүр негізінде орындаушылық тәсіддерді терең меңгергенін, сол дәстүрді жалғастырушы Әміре Қашаубаев аса күрделі, ерекше шеберлікті қажет ететін “Ағаш аяқ”, “Жалғыз арша”, “Үш дос” өндерін Париждегі (1925 ж.) Майндағы Франкфургте (1927 ж.) бүкілдүниежүзілік көрмелерде асқан шабытпен орындап, тындаушы жұртты қайран қалдырғанын ұрпақтар жүрегіне жеткізудің тәрбиелік мәні.
Мектепте түрлі әншілермен кездесулер өткізу, халық әндерінің конкурстарын, композиторлар шығармашылығына арналған кештер, музыка аталығы, ән мерекесі күндерін өткізіп, балалардың өнерін тамашалауды дәстүрге айналдырудың маңызы.
9. Жас буынды өнерді сүюге баулуда айрықша орын алатын — айтыс. Айтыс өнерінің ақындық мектебін
қалыптастырған Жанақ, Түбек, Орынбай, Шөже Кемпірбай, Әсет, Күдері, Бұдабай, Сүйінбайлардың айтыскерлік дәстүрін, оны әрі қарай дамытушы Жамбыл, Нүрпейіс, Шашубай, Иса, Кенен, Нартай, Нүрлыбек, т. б. ақындардың айтыс өнерін көркемдік биікке көтергенің, бүгінгі жүзден жүйрік, мыңнан түлпар шыққаң Қатимолда, Манап, Тәушен, Надежда, Серік (Қүсанбаев), Әселхан, Қонысбай, Әсия, т.б. ақындардың айтыскерлік өнерін танытудың тәрбиелік мәні.
10. Оқушылардың айтысын өткізудің, жеңіл тақырыптарды жырлауға баулып, сөз өнеріне, шешендікке тәрбиелеудің қажеттігі.
11. Опера, балет, драма туралы түсініктерін тереңдету жолдарын іздестіру. М.Төлебаевтың “Біржан — Сара”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай” операларын тыңдату, М.Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобыланды”, “Айман -Шолпан”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу”, Қ.Бекхожиннің “Ұлан асу” спектакльдерін көрсетіп, талқылап отырудың маңызы.
Өздерінің басқаруымен концерт-ертегі, түрлі сахналық көрініс, хор, ансамбль ұйымдастыруына қамқорлық жасаудың қажеттігі.
12. Жасөспірімдердің туған өлке табиғатын сүюге және оны тиімді пайдалануға, ластау мен бүлдіруден сақтауға деген азаматтық-патриоттық сезімдерін оятудың тәлім-тәрбиелік маңызы.
Көркем шығармаларды оқыту, кино, спектакльдерді көрсетіп, талқылап отыру арқылы табиғатты қорғау мен сүюдің адамгершілік-эстетикалық мазмұнын ашудың қажеттігі.
Оқушыларға Ә.Қастеевтің “Көкшетау”, “Бурабай” картиналарын таныстырудың тәрбиелік мәні.
13. Мектептің ішкі безендірілуі мен түрлі қабырға газеттері, суретшілер қаламынан туған портреттердің, пейзаждық картиналар мен халық тұрмысының өткені мен бүгінгі жағдайын бейнелейтін туындылармен таныстырудың балалардың көркемдік бейімін ұштай түсетіні.
“Жас суретшілер” үйірмесіне қатыстыру, “Дөңгеленген дүние көз алдымда” атты суретші балалар туындыларының көрмесін ұйымдастыру, “Жылдың ең үздік суретшісі”, “Сиқырлы қыл қалам” атты конкурстар өткізіп отыру, Жаңа жыл, Наурыз мейрамдарында сахна кейіпкерлеріні
арнап суреттер салып, киім дайындаудың балалар шығармашылығын арттырудағы маңызы.
“Ә.Қастеевтің өнер өлемі”, “Х.Наурызбаев — халық мүсіншісі” деген тақырыптарда көрме жасап, кеш өткізудің тәрбиелік мәні.
14. Талғам, сән, сымбат, әдеп туралы балалардың ойын, ұғымын тереңдетудің қажеттігі. Сыртқы сұлулық пен ішкі әлемнің, жинақылық пен әдептіліктің үйлесімділігін сақтауға баулудың маңызы.
Адамдар қатынасындағы адалдық пен сенім тазалығы, түрлі қолайсыз іс-әрекеттер мен жат пиғылдарға қарсы тұра білушілік, азаматтық сезім, шынайы сыйластық пен сүйіспеншілікті бала бойына дарытудың тәрбиелік мәні.
15. Сөз өнері, сөз құдіреті, тіл тазалығы, көркемсөз туралы оқушылар түсінігін қалыптастырып, мәнерлі, таза, мәдениетті сөйлеуге, шешендік өнер мен ақындыққа бейімдеудің маңызы. Халқымыздың “от ауыз, орақ тілді” шешендері мен айтыс ақындарының өмірімен таныстырып, түсіндірудің қажеттігі.
Дене мәдениеті тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. Міндеттері:
1. Денесін шыңдауға байланысты гимнастикаларды орындау және жеңілден күрделіге қарай күрделендіріп отыру.
2. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуына байланысты өнерді және тұрмыс-тіршілікте кездесетін еңбектерді меңгерту.
3. Жеке бастық гигиена мен қоғамдық гигиенаны, тазалықты сақтауға дағдыландыру.
4. Спорт түрлерімен шұғылдана отырып, спорттың даму тарихын білу, талаптарын меңгерту.
5. Спортқа байланысты формаларды сақтау және спорт нормативтерін тапсыру. Шеберліктерін дамыту.
6. Туристік жорықтарға байланысты тәсілдерді білу. Жазғы, қысқы, көктемгі, күзгі жорықтарға қатыса отырып, дене шымырлығын қалыптастыратын қасиеттерді меңгеру. Туристік жорықтардың схемасын құру.
Мазмүны: IX сыныпта нағыз күрделі тәрбиелік жұмыс басталады, ол оқушылардың жауаптылығын және өзін-өзі билеушілігін дамытудың жалғасы болып табылады. Сондықтан бұл міндеттер спорт теориясын игеру үрдісінде күрделене түседі.
IX сыныпта дене тәрбиесінің мазмұнына Қазақ халқының ұлттық спорт түрлеріне, оның тәлімдік мәнін ашуға қазақ халқының спорт тарихының дамуы туралы еңбектің дене шынықтыруға ықпалы; әлемдегі спорттың дәрежесін білу және оны талқылау; қоршаған ортаны және табиғатты қорғау; дене дамуының жасқа сәйкес келуі , Отан алдындағы борышты орындауға даяр болу т.бі мәселелерге көңіл бөлу:
IX сынып оқушылары — дене құрылысы жағынан өсіп жетілген азамат. Ол еңбекке белсене араласуға мамандықты өз бетінше игеруге, Отанын қорғауға белгілі даярлығы бар дене құрылысы пісіп жетілген.
Бұл сынып оқушыларының спорттық мәдениетін арттыру мақсатында кештер, спорт шеберлерімен кездесулер, конференциялар өткізіледі.
Мына тақырыптарда әңгімелер өткізуге болады: “Денені шынықтырудың әлеуметтік мәні”, “Дұрыс тамақтанудың маңызы”, “ІПыныққан дене шымыр”, “Шыныққан дене төзімді, шыдамды болады”, “Зиянды әдеттерден сақтанудың жолдары”, “Ішімдік пен темекінің, нашақорлықтың адам организміне зияны”, “Салауатты өмір салты ұзақ өмір сүрудің кепілі” т.б.
IX сынып оқушыларын мектепаралық, аудандық, облыстық жарыстарға даярлап, мектеп, аудан, облыс абыройы үшін күресе білуге баулу.
Көп жасаған еңбек қайраткерлерімен кездесу өткізіп, “Ұзақ жасаудың сыры” деген тақырыпта әңгіме-кездесу өткізу. Шекара күзетіндегі түлектермен кездесу өткізу, “Шекарашылардың бойында қандай қасиеттер болу керек” деген тақырыпта әңгіме өткізу. Соғыс ардагерлерімен кездесіп, “Ерлік тәрбиеден туады”, “Ерліктің сыры Отан сүюшілікте” деген тақырыптарда әңгіме-сухбат өткізу.
“Сен ерлікті қалай түсінесің?”, “Бейбіт өмірде ерлікке орын бар ма?” деген тақырыптарда пікір айтысын өткізу.
Ерлік туралы шығарма жаздыру. “Ерлік еңбекте де шынығады” деген тақырыпта еңбек ардагерлерімен кездесу-сұхбат өткізу.