Әдебиеттің партиялығы
Әдебиеттің партиялығы. К. Маркс пен Ф. Энгельс өткен ғасырдың орта тұсының өзіндеақ революцияшыл пролетариаттық өз әдебиеті болуы қажеттігін ашып айтқан еді.
Бұл пікірді Ф. Эн-гельстің Минна Қаутская мен Маргарита Гаркнеске жазған хаттарынан, әсіресе оның «Жаңа Рейн газетінде» қызмет атқарған немістің талантты ақыны Георг Веертті «неміс пролетариатының бірінші және бірегей ірі ақыны» * деп атағанынан айқын көруге болады.
Әдебиеттің партиялығы
Бұл қағида одан әрі қарай В. И. Лениннін, партиялық әдебиет жайлы данышпандық еңбегінде дамытылды. Ленин өзінің 1905 жылы жазған «Партиялық ұйым мен партиялық әдебиет»* деген мақаласында социалистік революция мен коммунизм құру дәуірінде көркем әдебиеттің болмысы мен бітімі қандай болу керектігін талдап түсіндірді. «Әдебиет партиялық әдебиет болуға тиіс,— деді Ленин.— Буржуазиялық мінез-құлықка қарама-қарсы, буржуазиялық кәсіп иелеріне тән, жалдаптық баспасөзге қарама-қарсы, буржуазиялық әдеби мансапқорлыққа, жекешілдікке, «бариндік анархизмге» және пайдакүнемдікке түсушілікке қарама-қарсы социалистік пролетариат партиялық әдебиеттің принципін ұсынуға, осы принципті дамытып, мүмкіншілігінше неғұрлым толық және тұтас формада оны жүзеге асыруға тиіс».
Лениннің партиялық әдебиет туралы мұншалық ашық және батыл ұсынысы кезінде талайларды теңселтіп жіберген: Н. Минский, Д. Мережковский, Н. Бердяев, тіпті В. Брюсовка дейін жоғарыдағы лениндік қағидаға қарсы шықты. Олар жалпы адам баласына тән және ортақ өнер жекелеген таптық мүлдеге де, саяси мақсатқа да қызмет етпейді, жалпы мен жалқыны бұлайша жанастыруға болмайды деп даурықты. Лениннін, мақаласы жарияланып, оның қағидалары социалистік реализм әдебиетінін, идеологиялық ірге тасына, идеялық негізіне айналғалы жарты ғасырдан артық уақыт өтті, бірақ әдебиеттің «баршаға бірдей ортақтығы», «әдебиетшінің дара-қара басының бостандығы», суреткерлік өнердің «абсолюттік еркіндігі» жайлы даурығулар әлі күнге гулеумен келеді.
Мұны Ленин де білген және дәл әлгі мақалада бостандық жақтаушы интеллигент-тердін, бірі болмаса бірі айғай сап: «Қалай? Сіз, әдеби шығарма сияқты, мәнерлі жеке бастық істі коллективтікке бағындырғыңыз келе ме? Сіз жұмысшылардың ғылым, философия, эстетика мәселелерін көпшілік дауыспен шешуін тілейсіз бе? Сіз абсолюттік-жеке бастық идеялық шығарманьщ абсолюттік еркіндігін жоққа шығарып отырсыз!» — деп, қарсыласатынын айта келіп, бұл қарсылыққа былай жауап береді: «—Тынышталыңыздар, мырзалар! Біріншіден, сөз партиялық әдебиет туралы және оның партиялық бақылауға бағынуы туралы болып отыр. Әрбір адам ешбір тежеусіз не тілесе соны жазуға, айтуға ерікті. Бірақ әрбір ерікті одақ (онын, ішінде партия) бейпартиялық
В И Ленин, Шыгармалар, 10 том, 29—35-беттер көзқарастарды уағыздау үшін партиянық фирмасын даланатын мүшелерді қуып шығуға да ерікті. Сөз бен баспасөз бостандығы толық болуға тиіс. Бірақ одақтар бостандығы да толық болуға тиіс қой. Мен, сөз бостандығы үшін, саған айғайлауға, өтірік айтуға және нені болса, соны жазуға толық право беруге міндеттімін. Бірақ сен маған, одақтар бостандығы үшін, белгілі бір нәрсені айтатын адамдармен одақ жасауға немесе одақты бұзуға право беруге міндеттісің. Партия дегеніміз ерікті одақ, егер ол одақ бейпартиялық көзқарастарды уағыздайтын мүшелерден өзін тазартпаса, ол әуелі идея жағынан, ал сонан оон, материалдық жағынан сөзсіз аз-ғындаған болар еді».
Дүниедегі барлық құбылыс бір орында тұрмайтынын, әрқашан ағыста, қозғалыста болатынын баяғы бабалар заманында Гераклит айтқан. «Өмір, дүние дегенін, ағып жатқан су екен» деген Абай адам баласынын, өтіп жатқан уақытқа үстемдік ете алмайтынын, кешегі күнін бүгінгіге қайтару не қайталату қолынан келмейтінін де айтқан:
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
һәмишә өмір өтпек—ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ, қайта келмек.
Ал осындай үнемі қозғалыстағы, қимыл үстіндегі өмірде тіршілік етіп отырып, қимылсыз, қозғалыссыз қалу, «сағаттың шықылдағын ермек» ету, жьш-жырт ты-ныштықта жатып алу мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес. Қоғамның қозғалысын, ілгерілеуін мойындасақ, әлгідей «азатшылдарды» Н. Шамотаның «Творчестволық еркіндік туралы» кітабында поезға билетсіз мінген жолаушылармен салыстырып, прогрестің көз бояушы «қояндары» деп айыптауы орынды. Бұл ретте де Лениннің қоғамда өмір сүре тұра қоғамнан азат болуға болмайтыны жайлы пікірі — ақиқат-тың ақиқаты. Әлгі бір әйгілі мақаласында Ленин мұны да мүқият түсіндіре келе, буржуазиялық жекешіл мырзалардын, «абсолюттік бостандық» туралы даурықпа сөздерінің бәрі екіжүзділік екенін әшкерелейді: «Ақша өктемдігіне негізделген қоғамда,— дейді ол,— енбекшілер бұқарасы қайыршы болып отырған және бір топ байлардын, арам тамақ болып отырған қоғамында, нақты және шын «бостандық» болуы мүмкін емес».
Одан әрі Ленин буржуазиялық қоғамда өмір сүріп отырған жазушы мырзаның буржуазиялық баспадан, буржуазия талабынан бостан бола алмайтынын, сол ат төбеліндей ақшалыларға қызмет ететінін, «буржуазиялық жазушының, суретшінің, актрисаның бостандығы дегеніміз — ақшалы қалтаға, сатқындыққа, тамағын асырауға бүркемеленген (немесе екіжүзділікпен бүркемеленген) тәуелділік деген сөз» екенін айта келіп, мұндай екі жүзді «бостан» әдебиетке «шын ерікті пролета-риатпен ашық байланысты әдебиетті қарама-қарсы қою арқылы әлгі екіжүзділікті әшкерелеу» керектігін, «жалған бүркеншікті сыпырып тастау» керектігін аңғартады.
Сонымен, қандай бір қоғамдық құрылыс кезі болмасын, таптан тыс әдебиет болмайды және бейпартиялық әдебиет болмайды.
Әдебиет белгілі бір әлеуметтік топтың қоғамдық мүддесінен бостан бола алмайды. Олай болса,— дейді Ленин,— «әдеби іс, жалпы алғанда, пролетарлық іске тәуелсіз, жеке адамдық іс бола алмайды. Бейпартиялық әдебиетшілер құрысын! Адамдардан жоғары тұратын әдебиетшілер құрысын! Әдеби іс жалпы пролетарлық істің бір бөлегі, бүкіл жұмысшы табының саналы авангардының бәрін қозғалысқа келтіретін бір тұтас, ұлы социал-демократиялық механизмнің, «тегершігі мен вин-ті» болуға тиіс. Әдеби іс ұйымдасқан, жоспарлы, біріккен социал-демократиялық жұмыстың негізгі бөлімі болуға тиіс». Дәл осы арадан келеді де, әдебиет қоғамдық сананын, бір түрі ретінде адамдарды тәрбиелеудің күшті құралы екендігін ескере тұра, әдеби іске партиялық басшылық жасау керектігі күн тәртібіне қойылады. «Әдебитшілер партия ұйымдарына сөзсіз кіруге тиісті, Баспалар мен складтар, магазиндер мен оқу үйлері, кітапханалар мен кітаптарды түрліше сату істері — осы-ның бәрі партиялық, есепті іс болуға тиіс. Ұйымдасқан социалистік пролетариат осы жұмыстың бәрін қадағалап, оның бәрін бақылап отыруға тиіс, бірін қалдырмай осы жұмыстың бәріне орамды пролетарлық істің жігерлі бағытын енгізіп отыруға тиіс, сөйтіп, ескі, жартылай обломовтық, жартылай жалдаптық россиялық принциптің: жазушынікі — жазу, оқушынікі — оқу деген принциптің бар негізін жұлып тастап отыру керек» (Ленин).
Мұны айтқанда Ленин, сөз жоқ, көркем әдебиеттің табиғатын тани отыра, әдеби істің өзіне тән ерекшелігін
біле тұра, әдеби творчествонын, психологиясын нәзік түсіне тұра айтты Сондықтан әдебиетке партиялық басшылқтың қандай болу керек екенін де атап өтті: «Талас жоқ,— деді Ленин,— әдеби іс жай ғана теңгермешілікке, тігісін жатқызушылыққа, азшылыққа көпшіліктің үстемдік етуіне онша көп көне бермейді. Талас жоқ, бұл істе жеке бастың ынта-жігеріне, жеке бастың әуестенушілігіне үлкен кеңшілік болуын, пікірмен шарыктаған ойға, пішін мен мазмұнға кеңшілік болуын сөзсіз қамтамасыз ету қажет». Сонда суреткерден Лениннің, талап етш отырған партиялылығы оның белгілі бір партия ұйымы ның есебінде тұруы емес, дүние танымындағы партиялы-лық, өзі суреттеп отырған өмір құбылысына көзқарасындағы партиялылық, сурет-керлік шеберлік пен шығарманың шынайы көркемдігі арқылы жинақталған идея-дағы мөлдір тазалық. Партиялылық әр суреткердің ішкі творчестволық қажеттілігі-не айналуы керек, творчестволық табиғатына дарып-сіңуі, онын, табиғи қасиетіне айналуы шарт. Сонда мұндай суреткер халықтық творчествоньщ сара жолына түс-еді, өмірдегі күйкі нәрселерді емес, еқ кесек, құнды, күрделі қүбылыстарды талғампаздықпен жинақтап көрсете алады. Мұның өзі суреткерді натурализм батпағынан сақтандырып, реализм даңғылына апарады. Мұндай суреткердің, ой-өрісі кең, көкжиегі алыс, тұрғысы биік, сезімі шалқар, талғамы жоғары болмақ.
Творчествонын, еркіндігі қарға адымды қораш сезімділердің әлдеқалай мешандық қылтыңсыл тыңы емес, ой-сана-сына шын мәніндегі халықтықтан өсіп-өрбіп шыққан партиялылық таңғы таза ауадай тараған дарынды суреткердің өз өнерінің шырқау биігінде, ашық аспанында еркін парлауы, самғауы болып табылады. Міне, мұндай суреткерлер творчество-сымен байып, дамыған әдебиег «нағыз ерікті әдебиет болады, себебі онын, қатарына көптеген жаңа күштерді пайдакүнемдік пен мансапқорлық тартпайды, социализм идеясы мен еңбекшілерге ниеттестік тартатын болады. Бұл нағыз ерікті әдебиет болады, себебі: ол ретсіз тойынғандықтан маубастанған кейіпкерге, семіздіктен қайғы тартқан және азап шеккен «жоғарғы он мыңдарға» қызмет етпейді, елдің гүлі, оньщ күші, оның болашағы болатын миллиондаған, он миллиондаған еқбекшілерге қызмет етеді» (Ленин).
Әдебиеттің партиялылығын Ленин ашық көтеріп, анық танытканмен, парти-ялылықтың принциптері тәжірибе жүзінде әшейін атой салған ұранмен шешілмейді. Қаламгердің мұндай әлеуметтік тұрғысы тағы да құр айғайлап шақырған жалаң белсенділігімен емес, оның өз шығармасында аса мәнді өмір шындығын шебер суреттеу әрекетіндегі тенденциясы арқылы іске аспақ. Ал тенденцияның мән-мағынасын Ф. Энгельстен артық айтқан ешкім жоқ: «Трагедияның атасы Эсхил мен комедияның атасы Аристофан — екеуі де ашықтан ашық тенденциялы ақындар болған, Данте мен Сервантес те дәл солар секілді, ал Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатының» басты бағалылығы — немістің тұңғыш саяси-тенденциялы драмасы болуында жатыр» *.
Сөйтіп, Лениннің философия бұдан екі мың жыл бұрын да дәл қазіргідей партиялы болған дегені секілді, көркем әдебиет те әрқашан партиялы күйде өмір сүрген, болашақта да партиялы халде өсіп, өркендей бермек. Адам, халық, саясат! Міне, дәл осы үшеуінің тұтасуынан социалистік реализм әдебиетіндегі халықтық, пен партиялылықтың үндестігі мен бірлігі пайда болады. Игі ниетті адам баласының көркемдік дамуындағы мұндай жаңа кезеңде, Иоганнес Бехер айтқандай, оэзиядағы «Сұлулық пен ой тереңдігін күллі халық боп түгел түсінуге мүмкіндік туғызған мұндай мемлекетте поэзия теңдік алып, қоғамдық қажетке жарап қана қоймайды, ол адам тәрбиелеудің қуатты құралына айналады да, әлгі мемлекеттің өзініқ қалыптаса, жетіле түсуіне шешуші ықпал ете бастайды» **.
Біздің партиялық әдебиетіміз,— міне,— дәл осындай жаңа сападағы әдебиет. Бұл әдебиеттіқ өкілдері,— ең
алдымен,— өз кезінің шындығын басты тақырып ретінде жыр етер өз қоғамынын, үш, өз дәуірінің ұлы. Бұлар творчестволық тұрғыдан бостан, өйткені бұлардың әр-қайсысы, Михаил Шолохов айтқандай, партия мен туған халық меншігіндегі өз жүр-егінін, қалауымен жазады. Мұндай творчестволық еркіндік туралы В. Г.Белинский өте әдемі айтқан: жазушынын, «творчестволық еркіндігі өз дәуіріне қызмет етуімен оп-оңай келіседі: ол үшін өзін-өзі зорлаудың.. қиялға итермелеудің қажеті жоқ; ол үшін әркім азамат болса, өз қоғамы мен өз дәуірінің ұлы болса, оның мақсатын өзіне мақсат етсе, оның мүддесін өз мүддесіне қосып біріктірсе, бітіп жатыр…»*
Совет әдебиетінің партиялылығы, ақыр аяғында, осы талапқа келіп тоғысады.
Әдебиеттің партиялылығы хақындары Ленин ілімін іс жүзінде дәйекті қолданып, творчестволық түрде дамытудың үлгісін Совет Одағы Қоммунистік партиясы көрсетіп отыр.
1925 жылғы 18 июньде РҚ(б)П Орталық Комитеті «Партияның көркем әдебиет жөніндегі саясаты туралы» қарар қабылдады. Бұл тұстағы тарихи жағдай жұртқа мәлім. Октябрьдің жеңісінен кейін сегіз жылға жуық уақыт өтті. Жыл жарым бұрын Ленин қайтыс болды. Ал ленинизм идеясы елімізде жыл сайын жаңа өрлеу туғызып жатты. Кезінде ұлы революция адамдардың ақыл-ойы жөнінде де төңкеріс жасаған болса, енді қалың көпшіліктің белсенділігі артты, ой-өрісі кеңіді. Бұқараның материалдық әл-ауқаты жақсаруымен қатар мәдени талап-тілегі де өсті. Бірақ елдіқ ішкі күйі де, сыртқы халі де күрделі, қиын және әр сипатта болатын. Оған мысал ретінде, қарардың, өзінде атап көрсетілгендей, «шаруашылық процесінін, күрделілігін, шаруашылықтың бір-біріне қайшы, тшті бір-біріне дұшпан түрлерінің қатар өсіп отыруын, шаруашылықтын, бұл дамуынан келіп шығатын жаңа буржуазияның, туу және нығаю процесі бұрынғы және жаңа интеллигенцияның, бір бөлегін, алғашқы уақытта онша ұғьш, сезіп істемесе де, буржуазияға сөзсіз бой ұрғызатынын» айтсақ та жеткілікті. Міне, осындай күрделі кезенде Ленин партиясы көркем әдебиеттің «таптық жаратылысы, саясатқа қарағанда, шексіз, қиын, алуан түрлі» екенін нәзік, терең түсініп, аталған қарарда оның нақты өсу жолдарын белгілеп берген еді.
Тұжыра саралап талдасақ, көркем әдебиет саласындағы қарарда көрсетілген партиялық саясат мынадай:
— пролетариат жазушыларыньщ өсуіне, гегемония алуына барынша көмектесе отырып, олардың ішінде коммунистік менмендік тууына мүмкіндік бермеу, таза «пролетариаттық» әдебиет жасау үшін әрекеттенушілермен күресу;
— шаруа жазушыларына достық көзбен қарап, оларды сөзсіз қолдап отыру;
— «жолбикелермен» сыпайы қарым-қатынас жасау, оларды баулу, олардың, коммунистік идеология жағына шығуына жағдай туғызу;
— коммунистік сынды әдебиетте команда беру әдетінен арылту;
— әдеби топтардың ешқайсысына монополия бермеу, әр түрлі жіктер мен ағымдардың ерікті түрде жарысуларын жақтау;
— әдебиет жұмысымен таныс еместердің әдебиет жұмысына өркөкіректікпен, әкімшілік жолмен қол сұғуына мүлде жол бермеу;
— одақтас республикалар мен облыстарда үлт әдебиетін өркендетуге мейлінше көңіл бөлу.
Байқап, байыптап қарасақ, осы көрсетілгендердің қай-қайсысынан болса да, Ленин партиясынын, тек көркем әдебиетке ғана емес, жалпы творчестволық интеллигенцияға көзқарасындағы аса орнықты, байсалды парасатын аңғару қиын емес.
Аталған қарар көп ұлтты совет әдебиетінін, әлі күнге маңызын жоймай келе жатқан мықты, берік идеологиялық негізі болатын болса, БК(б)П Орталық Комите-ті 1932 жылғы 23 апрельде «Қөркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулы кабылдап, онда қаламгерлерді бірыңғай жазушылар Одағына топтастырды да, осы арқылы әдебиетімізді ұйымдық жағынан нығайтты.
Совет әдебиеті мен мәдениетінін. одан әрі өсіп, дамуына партиялық қамқорлық-тың үлгісі ретінде БҚ(б)П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөнінде 1946—1948 жылдарда қабылдаған қаулы-қарарларын атауға болар еді. Сөз жок, бүлардьщ кейбірінде жекелеген әдебиет пен өнер қайраткерлеріне орынсыз кінә тағылып, олардың творчество-лық еңбектері ұшқары сынға ұшырағаны рас. Бұл жайлы КПСС Орталық Қомитеті 1958 жылғы 28 майда арнаулы қаулы қабылдап, онда әлгі орынсыздық пен ұшқарылықты жөндегені мәлім. Бірақ бұған қарап, 1946—1948 жылдардағы қаулы-қарарлардың әдебиет пен өнер қайраткерлерін, күллі творчестволық интеллигенция-ны коммунизм үшін күреске жұмылдырар күшін де, көркем туындылардың идеялық тазалығы үшін күреске мегзер маңызын да жоққа шығаруға болмайды.
КПСС Орталық Комитетінің көркем әдебиет саласындағы саясатын және бұл күрделі іске басшылығын совет жазушыларының барлық съездеріне жолдаған құттықтауларынан айқын көруге болады.
ҚПСС Программасында мынадай кағидалы пікір бар: «Әдебиет пен өнерді өркендетудегі басты бағыт — халық өмірімен байланысы нығайту, социалистік шындықтың байлығы мен алуан түрін шыншылдықпен, асқан көркемдікпен бейнелеу, жаңа, шын мәнісіндегі коммунистік құбылысты зор шабытпен айқын етіп көрсету және қоғамның алға басуына бөгет атаулыны әшкерелеп отыру».
Бүл тұжырымдардың да түп төркіні әдебиеттің партиялылығы
Маган Ленин мен Магжаннын карым-катынасы туралы малиметтер
керек