Үйсін Антропологиялық Типі
Үйсін Антропологиялық Типі — б.з.б. 3 — б.з. 4 ғасырларда Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың негізгі тұрпаты. Үйсін антропологиялық типі Балқаш көлінен бастап Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген тайпалар арасында жиі кездеседі. Бұған тән ерекшеліктер: бас сүйектері домалақ, маңдайы сәл тікшелеу, көз ұялары биіктеу, қыр мұрынды, жақ сүйектері ірі әрі шығыңқы. Үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Сақ антропологиялық типінде, сондай-ақ Үйсін антропологиялық типінде көшпелі шығыс тайпаларының антропологиялық әсері де айқын сезіледі. Өйткені кейбір бас сүйектерінен, бет-пішін құрылыстарынан моңғол тектес тайпалардың нәсілдік белгілерінің әсерлері анық байқалады. Осы күнгі қазақ халқының антропологиялық құрамының негізін қалауға Үйсін антропологиялық типінің үлкен әсері болған. Жетісу қазақтарының көптеген рулары Үйсін антропологиялық типінен