ҚР Алтың қоры
ҚР Алтың қоры. Алтын мен қымбат бағалы металдарды сатып алу қуатын қамтамасыз ету барысында және халықаралық төлемдердің кепілі ретінде сақтандыру қоры пайдаланылады.
Бұдан да басқа Ұлттық банк валюталық нарықтағы интервенция көмегімен өз валютамыздың сыртқы бағамын қолдау үшін шетел валюталық қорларды сақтайды.
Ұлттық банк — Қазақстан … 263
Ұлттық банк міндетті түрде активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігін және сыртқы валюта резервтерінің төлем қабі-леттілігінің сақталуын ескереді. Ол сыртқы валюталық резервтерде қажетті деңгейде, Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жане айырбас бағамын қолдау үшін, сондай-ақ республиканың халықаралық келісім-шарттарды жасау тәртібін сақтауы қажет. 12 ай ішінде сыртқы валюталық резервтердің 15%-дан төмендемеуі үшін Ұлттық банк керекті шараларды үкіметпен келісіп жасайды.
Ұлттық банкінің халықаралық, телекоммуникациялық жүйелерге «REUTER» және «SWIFT» жүйесіне қосылуы, сондай-ақ Ұлттық банкінің мамандарының тәжірибесі мен біліктілігінің өсуіне байланысты халықаралық тәжірибеде қолданылған қаржылық құралдарды пайдалану, валюта активтерін диверсификациялауды жоспарлы түрде жүргізуге, алтын валюта резервтерін тиімді реттеуге және оларды орналастырудан түскен табыс деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік жасайды. Бұл шаралар негізінде валютаның, бағалы металдардың әлемдік нарықтағы коньюнктурасының және оған тікелей қатынасуының ағымдағы мониторинг қызметінің үнемі жүргізіліп отыруын талап етеді. Сондай-ақ жасалған келісімдерді жедел қамтамасыз ету барысында оларға қызмет көрсету шаралары да жүзеге асырылады.
Алтын валюталық резервтермен жүргізетін операциялардан түсетін табыстың негізгі көздерінің бірі — банкаралық депозиттер.
Егер 1994 жылы «REUTER» жүйесінде 37 депозиттік операциялар жүргізілген болса, ал 1995 жылы — 399-ға жетті.
«REUTER» жүйесінде жүргізілген депозиттік операциялар бойынша негізінен бірінші кластық шетел банктері болды. Ұлттық банкінің 1995 жылы бағалы қағаздармен жүргізген операциялары тек қана АҚШ-тың қазыналык вексельдеріне инвестиция жасаудан және «РЕПО» келісімдерінен құралды. Бұл операциялар АҚШ үкіметінің бағалы қағаздарын автоматты түрде инвестициялау бағдарламасын жасасқан Федералдық Резерв банкісі (Нью-Йорк) аркылы жүзеге асады.
1995 жылы наурыз айында қымбат металдар жөніндегі Лондондық Ассоциация өткізген аттестация нәтижесінде (LРМА). Өскемен мырыш-цинк комбинатында өндірілетін Қазақстан күмісі
264 Ақша, несие, банктер
Лондонның сапалы жабдықтау «GOOD DELIVERY» мәртебесіне ие болды. Бұл қазақстандық өндірушілердің дүниежүзілік қымбат металдар нарығында танылғандығын білдіреді және де күмістен жасалатын операциялардың тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Алтын бойынша нақ осындай жұмыс 1996 жылы жасалынды.
Халықаралық валюталық қордың стандарттарына сәйқес күмістің орталық банктердің алтын валюталық резервінің құрамына кірмейтінін ескере отырып, Ұлттық банк 1994-1995 жылдары өз металдық шоттарынан шетел банктеріне анағұрлым тиімді бағаммен шығарылған күмісті бірте-бірте сату тактикасын ұстанды.
Жалпы алғаңда, Ұлттық банк алтын қорларын басқару бойынша консервативті көзқарас ұстанады. Негізінен Қазақстанда алтын қорының заттай көлемін ұлғайту процесі жүргізіледі, ал дүниежүзілік нарықта алтынмен жургізілетін операциялар депозиттерге орналастырумен шектеледі.