ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕП СӨЗДЕРДІ ӘДЕБИ
ТІЛГЕ ҚАТЫСТЫҒЫНА ҚАРАЙ ТОПТАСТЫРУ Қазіргі қазақ тілі ауызекі сөйлеу тілі және әдеби тіл болып екі салага бөлінуімен байланысты оның сөздік құрамдағы сөздері де негізінен осы скі салага іштей бейімделіп топтасады. Сонымен бірге осы екі салаға бірдей қызмет атқаратын ортақ сөздер де болады. Мәселен, тілдегі жалпылама лексика әдеби тілде кандай мәнді қызмет атқарса, ауызекі сөйлеу тілінде де сондай маңызды қызметке жегіледі. Мүндай ортақ сөздер болмаса, бір тілдің екі түрлі формасы екі басқа тіл болып көрінері еді. Жалпылама лексика ешбір мамандықты талғамайды, бір тілде сөйлеуші халықтың бәріне бірдей сөйлегенде де, жазғанда да бірдсн-бір үйытқы, негізгі тірек болады. Сөздік құрамдағы жалпылама лексикага қатысты сан жағынан мол, ең қажетті сөздер-білмеген, түсінбейтін адам сол тілді еркін біледі деуге келмейді..
Әдеби тілде сөйлеп, әрі жаза білу үшін, жалпылама лексикамен қатар сол тілдің арнаулы сөздерін (герминологияны), көнерген сөздері мен неологизмдерін, эмоционалды-экспрессивті-сөздерді, біршама кәсіби сөздерді, кітаби сөздерді білу қажет. Осы аталған сөздердің барлыгы да әдеби тілдің аясында қолданылатын, соған бірден-бір телінді сөздер деп есептеледі. Жан-жақты дамыған әдеби тілдің лексикасы тек осшідай сөздерден құралады. Қазіргі қазақ әдебн тілінін құрамында аталған сөздер түгелдсй кез-десегіндігі жогарыда бірқыдыру баяндалды.Әр халықтыц тұрмыс жағдаятына, сол елдің үлттық өзіндік ерекшелігін сипаттайтын экзотикалық (шегел) сөздері де әдеби тілдің лексикасына жат- жатқызылады. Қейбір тіл мамандары осындай экзотикалық сөздердіварваризм дса те атайды. Сөйлеу тілінің (биэдеби) лексикасыва жалпылама лексика- қатар тұрмыстық сөздер мен қарапайым сөздер, диалектизмдер мен бірқыдыру кәсіби сөздер, сонымен бірге дөрекі сөздер мен балағат сөздер, алғыс пен қарғыс мағынасындагы сөздер де осы топқа жатады. Бұлардың кейбір нүсқалары гана көркем шығармада болмаса, әдеби тілдің өзге салаларының бірде-біреу, інен де кездеспейді. Көбінесе ауызекі тілде сақталған. Олар мына на сияқты сөздер: шпана, есік көрген, құдуанда, тоқ етері, қатынжанды, тырқырату, тәйкіш, ұят-сяят, қаншыл, көди-сөди, арзан-парзан, көсеу қара, түбі түскен шелектей, қазақпайски, рақатизм, езбалдақ, селтеңбай, боқмұрын, қара жаяу, обалы нешік, жанбызбалау, шақша бас, шуйке бас, әкесін таныту, тыраш, жыртақай, жолың болғыр, тондр жарылқасын, жасың ұзақ болсын, бала-шағаңның игілігін көргір, көсегең көгергір, жағың түспей жамандық көрмегір, адыра қал, атың өшкір, жүгірмек келгір, қараң қалғыр, албасты басқыр, топалаң келгір, бықпырт тигір, жуадай солғыр, жетпегір, тіліңе шоқ түскір, үйіңнен: уркіп шыққыр, жиған-тергснің өзіңе бұйырмағыр, көзің көріп
қолың ұстамағыр, ит ішкір, қасқыр жегір, жау алғыр, обалын жібермегір, көріңдс өкіргір, жолың болмай, жолда қалгыр, т. б Қазақ тілінде әдепсіз балағат сөздердің де неше түрлісі кез деседі. Әсіресе кемітіп мүқату мағынасында көбірек қолданы-
лады. Семіз адамды — мес қарын, боқ қарып, иі жұмсақ адамды — көк есек, аузын буған өгіз, өте арық жіңішке адамды — инелік, оқтау жұтқан, сұр адамды — сұр жылан, ұйқышыл
адамды — маубас, бір аяғы кем адамды — ақсақ Темір, бір
көзі кем адамды — Құнанбай, жалғыз көзді дэу, сараң адам
ды — Қарабай, әзәзіл адамды — Жантыщ, қолынан түк келмей
тін адамды — царақшы, қур сүлде, тір аруак, деп кемітіп айта-
ды. Айуанаттарға немесе тарихи белгілі кейіпкерлерге балап
колдану арқылы белгілі бір адамга деген жагымсыз көзқарасы
білдіреді. Осындай сөздердіц бәрі де — ауызекі сөйлеу тіліне
тән, сол топқа енетін сөздер. Бұлар көбіне-көп экспрессивті-эмо-
ционалды болады. Айтушының немесе бетпе-бет сөйлесуші екі
адамның бір-біріне деген жағымды-жағымсыз көңіл-күй көзқа-
расын білдіреді. Мұндай сөздердің ешқайсысы да жазба әдеби
тілдің аясынан орын алуга тиісті емес. Сондықтан да бір тілдің
әдеби және би әдеби формасы сөз байлыгы жагынан гана емес.
грамматикалық құрылым-құрылысы меп сгильдің нормасы
ғынан да бір-бірінен айырылар жігі бар дегеп сөз.