Теңіз тасбақалары
Теңіз тасбақалары
Теңіз тасбақаларының аяқтары ескекке айналған. Саусак, және башпай сүйектері бірігіп қосылып, ұзын ескекке айналып кеткен. Буын болмайды. Басқа тасбақаларға қарағанда нашар дамыған.
Кейбір түрлерінде ол жеке сүйек пластинкаларынан тұрады да омыртқамен, қабырғамен бірігіп кетпейді. Сауытының нашар дамуымен байланысты басы мен аяғын онын, астына толық жасыра алмайды. Нағыз өкілі—жасыл тасбақа (Сһеlопіа mуdаз), ірі, ұзынды-ғы бірнеше метр, салмағы 450 кг болатын жануар. Бұлар тропикалық теңіздерді мекендейді. Көбінесе жағалауларда, өзен сағасында тіршілік етеді. Балдырлармен және түрлі жануарлармен қоректенеді. Аралдардын, құмды жағалау-ларына жұмыртқа салады. Бір ұрғашысы 200-ге дейін жұмыртқа туады. Етінің қоректік сапасы жоғары болғандықтан жергілікті халық тамаққа пайдаланады.
Тропиктік теңіздердің жағалауларында бисса немесе каретта (Сһеlопіа іmЬгісаtа) деген түрі кездеседі. Оның сауытының ұзындығы 60—80 сантиметрге жетеді. Тек қана су жануарларымен қоректенеді. Каретталардың етін тамаққа сирек пайдаланады, бірақ сауытының әдемі мүйізді қабаты үшін аулайды. Мүйізді қабаттан әр түрлі бұйымдар (тарақ, пышақтың сабы) жасалады.