Мәмен Ерғалиұлы
Мәмен Ерғалиұлы (1868, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы — 1931, сонда) — күйші-композитор. Құрманғазыдан тағылым алып, халық арасында оның күйлерін (“Адай”, “Байжұма”, “Төремұрат”, “Терісқақпай”, тағыда басқа) насихаттады. өстазының орындаушылық нақышын терең меңгерген Мәмен өз жанынан “Ақ Шолпан”, “Қайғылы қара”, “Қаражан ханым”, “Кербез ақжелең”, тағыда басқа күйлер шығарған. 20 ғ-дың басында қазақ даласында болған аласапыран кезеңді меңзейтін “1916 жыл”, “1917 жыл” атты күйлері бар. Мәмен күйлері терең толғаныспен, серпінді де ойнақы әуен ырғағымен жігерлендіретін оралымдарға бай шығармалар. Шәкірттері — домбырашылар Р.Омаров, Ә.Есқалиев, Б.Қарабалина, тағыда басқа.