Күрделі етістік
Күрделі етістік
Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосактағы қойлар да маңырап жатыр екен (М. Ә.).
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен (Ы. А.). Ерте барсам жерімді жеп қоям деп Ықтырмамен күзеуде отырар бай (А). Берілген сөйлемдердегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?), Жамап отыр екен (қыз не істеген?) , жеп қоямын деп (не себепті отыр?), дегендер — күрделі етістіктер. Олар бір ғана лексикалық мағынаны (манырау, жамау, жеу) білдіреді, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.
Әдетте күрделі етістіктің кұрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, одан кейінгісі көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емес, бірнеше болуы да мүмкін (жоғарғы сөйлемдердегі жатыр екен, отыр екен, қоямын деп). Негізгі етістік көбінесе көсемше тұлғасында (келе жатыр, барып қалды т. б.) және есімше тұлғасында (барған екен, жүретің болды, айтпақ болды т. б.) болып келеді де, көмекші етістік сөйлемдегі орны мен мағынасы, қызметіне қарай етістіктің барлық түрлерімен тұлғаланып қолданыла алады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрган — бағанағы бала шәкірт (М. Ә.). Еш нәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түтсі алыстан жалғыз карға(Ы. А.).