Азу тісті балықтар
Азу тісті балықтар (Disosticus) — алабұға тұқымдастары. Орташа дене ұзындығы 135, (190-ға дейін жетеді) см, салмағы 35, (80 кг дейін жетеді) кг. Аузы үлкен, тістері ірі. Қабыршағы ұсақ. 2 түрі бар: патогондық азу тісті балық, Атлант және Үнді мұхиттарында таралған. Екіншісі антарктикалық. Пелагикалық және су түбі балықтары. Жағалауға жақын су мен ашық тенізде кездеседі. Антарктикалық азу тісті балықтың жыныстық жетіуі 8-11 жылға созылады. Уылдырық шашуы көктемде басталады. Өсімталдығы 900 мың уылдырық. Жыртқыш балық. Қорегі балықтар мен кальмарлар. Бұл балықтар кашалоттар жемтігі.