Азаматтық тәрбие
Азаматтық тәрбие дегеніміз балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру. Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, кұқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.
Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты — адам бойыңда отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, бейбітшілікке деген ұмтылысын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелейді.