Абеокута
Абеокута (Abeokuta), Нигерияның оңтүстік-батысындағы қала, Лагостан солтүстікке қарай 96 км қашықтықта орналасқан.
Тұрғын халқы 424 000 адам. Абеокута құл аулаушылардан қашқан адамдардың паналайтын жері ретінде 1830 жылдары қала болып қалыптасқан. Бұл британдармен келісімшарт жасаған Эгба мемлекетінің басты қаласы болды. Тек 1914 жылы ғана Британдық Нигерияға қосылады. Қазіргі Абеокута қаласы – ауылшаруашылығы өркендеген және сауда ісінің орталығы.