Қаржы жүйесі

Қаржы жүйесі— орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастарының, бөліктерінің және аяларының жиынтығы.

Қаржы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігіне жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қалыптасатын материалдық өндіріс аясы жатады.

Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады. Мемлекеттік несие тарту жолдарына:

1. Ұлттық банк тарапынын Үкіметке берілетін тікелей банк несиелері;

2. Мемлекеттік бағалы қағаздар шығыру; жатады.

Мемлекеттік несие негізінде мемлекеттік қарыз қылыптасады. Мемлекеттік карыз – белгілі бір уақыт мерзіміне шығырылғын, бірақ өтелмеген міндеттемелердің үстеме ақысымен қосқандағы сомасы. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыз болып бөлінеді.

Өтелу мерзіміне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МЕИКАМ болып бөлінеді. Қазақстанның сыртқы қарызы Үкіметтің, Ұлттық банктің сыртқы қарыздары, мемлекеттік кепілдік берілген және мемлекеттік кепілдік берілмеген сыртқы қарыздарынан тұрады.

Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір мақсаттар үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа мақсаттар үшін құрылады. 1999жылғы Қазақстанның қаржы жүйесін реформалаған кезге дейін елімізде 5 бюжеттен тыс қор болды (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен қамтамысыз ету қоры, зейнетақы қоры). Кәзіргі кезде бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорын, ұлттық қорын жатқызуға болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне келесі субъектілер қатысады:

1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары;

2. Кастодиан-банктер;

3. Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар;

4. Қаржы нарығын және қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *