Қазақ мәдениетінің қоры ұйымы
Қазақ мәдениетінің қоры — облыста қазақ халқының материалдық, рухани мұраларын сақтап, мәдени құндылықтарды дамыту мақсатында құрылған ұйым (1987).
Құрылтайшылары — өлкетанушылар, коллекционерлер, шығармашылық қызмет өкілдері. Қордың жетекшілігімен өлкетану конференциялары өткізілді. Өлкетанушылардың облыстық кеңесі құрылып, 2 халық музей ашылды. Жоғарғы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушылары үшін Сырым Датұлы атындағы, Халық жазушысы Жұбан Молдағалиев атындағы стипендиялар тағайындалып, пушкинтану кеңесі құрылды. Профессор М. Тілеужановтың қазақтың зергерлік бүйымдар коллекциясы шет елдерде көрсетілді. Қазақ мәдениетінің қоры суретші Сәкен Ғұмаровтың көрмесін, С. Датұлының туғанына 250 жыл толуына байланысты мерейтой үйымдастырды. Қор баспасы Батыс Қазақстан өлкесінің тарихын зерттей отырып, Н.Чесноковтың «Оралға 375 жыл», Н. Савичевтің «Исатай Тайманұлы», «Қазақтар», «Сырым батыр Датұлы», «Пушкин — Оралда» (екі тілде) кітаптарын, «Жайық шежіресі» газетінің нөмірлерін және т.б. жарыққа шығарды. Орал педагогикалық колледжінің ғимаратына ЖДосмүхамедовке арналған ескерткіш тақта орнатты