Қазақстандағы 1991 жылғы банктік реформалар

Қазақстандағы 1991 жылғы банктік реформалар. Банктік жуйеде реформа жүргізудің қажеттілігі Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені баскарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.

Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегіиде макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатш несие мен банктік тәжірибені мемлекетгік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің «сапасыз» (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың I тоқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің — 11,3%-ын құраса, ал IV тоқсанда — 29,8% құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың I тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы — 6,7%-ды құраса, IV тоқсанда — 17,8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілдік үлестіру — өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің ңашар несиелерден кұрылуына әкеліп соқтырады.
1993 ж. Ұлттық банктен 7,5 млрд теңге сомасында орт-алықтандырылған несие берілді, 5,6 млрд теңгесі — үкіметке, яғни олардың үлесі 75%-ды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138,5 млн теңгеге немесе 3,9%-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылды.
Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депо-иттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор — бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіп-орындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланды. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500%-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоғарылағанда, ал инфляция 1000%-ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша .мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіруі — мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден
несие алуға қол жеткізе алмады.
Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматгар өз қаражаттарына жылжымайтын мүмлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақгы активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қорғайтын ең басты құрал болып табылды. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орнын жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліқсіздігіне байланысты, несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.
Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері ықпалын тигізді. Субсидиялық несиелер деп — кәсіпорындардың өздеріне тән шығындарының орнын толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен бірге, кәсіпорынның дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 ж. IV тоқсанында 65% төмен) мөлшерлеме бойынша берілді. Қаражаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемлекеттік дотация арасындағы айырмашылықты мүлде жойды. Бұл қарыздарды кәсіпорындар өтемеді.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға және есеп айырысуда өзара есептесуді жүргізу үшін жеңілдікті несиелерді беру тәжірибесі кеңінен қолданады. 1992 ж. Ұлттық банктің бұндағы несиелерінің үлесі барлық қайта қаражыландырған несиелердің 70%-ын немесе барлық несиелік салымның 42%-ын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.
1993 ж. мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетін ор-талықтандырылған несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен (3%, 25% және 65%) беріледі. Банктердің барлық берген несиелерінің 7,5 млрд теңге жалпы сомасынан, олардың үлесіне 76% тиді, себебі 1992 ж. коммерциялық банктердің пайыздық мөлшерлемеге қойылатын шектеулер алынып тастағаннан кейін, Ұлттық банктің орталықтандырылған несиелік ресурстарының есебінен банктерге беретін несиелері бойынша маржа 3% мөлшерінде сақталды. Нәтижесінде, орташа пайыздық мөлшерлеме орталықтандырылған несиелер жөнінен 1993 ж. жалпы республика бойынша 48,2% құрады. Сол жылы тұтыну бағаларының индексі 2269,8% деңгейде анықгалды.
Ұлттық банк кәсіпорындар қарыздарының жаппай есеп айырысуын (клиринг) жүргізу кезінде қарыз-кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 ж. осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелердің 30%-зы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.
Дегенмен жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық — қаржылық алып-сатарлыққа мүмкіндік туғызды.
Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз бюджетінің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 ж. 1 қаңтарында олар тиісінше 13,7 және 11% құраса, 1993 ж. 1 қаңтарда — 1,5 және 2%, ал 1993 ж. бюджеттік тапшылықты жабуға — 877 млн теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының — 11,8%-ын құрады.
Нәтижесінде несиелік жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі ұлғайды. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан Ұлттық банктің ұтылғаны мен капиталды жоғалту сомасы өте жоғары болды.
1992 ж. Республикада басталған төлемсіздік дағдарысы кәсіпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер етті және әлі де әсер етуде. Көптеген кәсіпорындар өнім өндіруді төмендетуге, ал кейбіреулері өндірісті тіпті тоқтатуға мәжбүр болды. Есеп айырысуда тауарлар мен көрсетілген
180 Ақша, несие, банктер
қызметтерге алдын ала төлем және бартер қолданады.
1991 ж. 1 қаңтарда уақытында төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн теңге құраса, 1992 ж. 1 қаңтарына — 1.1,2 млн теңгені, ал 1992 ж. маусымында — 384 млн теңге немесе жалпы ұлттық өнімнің — 12,3 % немесе алынған банктік несиелердің жалпы сомасының — 84,1% кұрады. 1993 ж. мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд. теңгеге дейін немесе 60 есе жоғары өсті. Сөйтіп, банктердің қарыздары бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар 12,6 млн теңгеден 1,7 млрд теңгеге дейін немесе 135 есеге ұлғайды.
Мұндағы құбылыс көптеген себептермен түсіндіріледі: бірінші төлемдер жүйесінің тиімсіздігі және несиелік нарықтың мәселелері. Әсіресе, олар 1992 ж. басында Ұлттық банк кәсіпорындарға несие беруді шектей бастаған кезде пайда болды. Кәсіпорындар жөнелтілген тауарлары үшін басқа кәсіпорындардан төлемдерін ала алмауынан төлемдер жарты жылға немесе одан да көп уақытқа кешіктірілді. Жағдайы жақсы, төлем қабілеттілігі бар, тіпті төлем қабілетінсіз кәсіпорындар да қауіпті жағдайларға ұшырады.
Несиелік нарықтың мәселелері қолма-қолсыз есеп айырысудың бұрынғы жүйесі және есеп айырысу құжаттары бойынша несиелеу жойылған кезде байқалды. Кәсіпорындар өздерінің өнімдерін алушыларға жабдықтаудың келісімі мен жоспарына сәйкес жөнелтіп, олардың төлем қабілеттілігін тексермеді. Егер сатып алушының шотында ақша қаражаты болмаса, онда банк оған бірден несие беретін, бұл кезде төлемсіздік тәуекелі деген болмайтын. Бұл жүйені алып тастаған соң (кәсіпорындар несие төлеуге қабілетсіз болса, оларға банктер несие бермейтін болды) төлемсіздік дағдарысы орын алады; төлемдерді кешіктіру немесе бірқатар кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер үшін төлем төлей алмауы — төлемсіздік тізбегін туғызды.
Сонымен бірге, төлемдердің кешіктірілуі ескірген құралдар мен банктердің техникалық жарақтарының артта қалуымен де (ескірген ЭЕМ және оларды ақпараттық қамтамасыз етулер торабы) байланысты болды.
Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысынан шығуда үлкен 3 шараны жүзеге асырады: Біріншіден, басқа
да өміршең кәсіпорындардың қарыз көлемін азайту мақсатында тиімді немесе өміршең кәсіпорындардың қарызын қайта қаржыландырды. Ұлттық банк бұрынғы мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245,6 млн теңге несие берді. Екіншіден, үкімет жаңа төлем құралдарын енгізді. Мемлекеттік кәсіпорындарға чектер немесе төлем, тапсырма бойынша алдын ала төлеуді талап ететін төлем құралдарын пайдалануға рұқсат етілді. Үшіншіден, бұрынғы одаққас республикалар республикааралық есеп айырысу банктерін қайта құру келісіміне келді. 1992 ж. соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорындарының қарыздарын өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол койды, ол қарыздар сомасы 1992 ж. аяғында 80 млн. теңгені құраған.
Бұл шаралар төлемсіздік дағдарысына төтеп бере алмады, себебі бірқатар маңызды мәселелер шешілмей қалды. Кәсіпорындардың өзара қарыздар болуынан туындаған несиелік нарық пен төлем жүйесінің тиімсіздігі жойылған жоқ; мәселен, төлемдерді кешіктіру және кәсіпорындарда қаржылык тәртіптің болмауына қатысты мәселелер шешусіз қалды. Төлемсіздік дағдарысы 1992 ж. соңында тағыда қайталанды, ол кезде үкімет қарызды жабуға тағы 600 млн теңге, ал 1993 жылы I тоқсанда мемлекеттік кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыруға 800 млн теңгеге жеңілдетілген пайыз мөлшерлемесінде (25% жылдық) несие бөлуге мәжбүр болды.
1993 ж. қараша айында Ұлтгық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлтгық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген, 1995 ж. Арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *