Ядро

Ядро. Бактерия клеткаларында ядроның болуы жәнінде толып жатқан пікірлер бар. Бактериялардың кейбір түрлерінде ядро зат (хроматин) цитоплазмада үсақ дәндер күйінде шашырап диффузиялық ядро).

Басқа бір бактерия клеткаларында хроматин дәндері белгілі бір жерге шоғырланып, кәдімгі ядро түзеді (жекеленген ядро). Кейбір ірі бактерияларда (миксобакте-рияларда) осындай жекеленген ядроларды ‘кездестіруге болады.
Ядронын, химиялық құрамы өте күрделі. Оның басты бөлігі дезоксинуклеопротеидтер. Бактериялардың құрғақ затына шаққанда олардың мөлшері 20—40%. Нуклеопротеидтер екі бөліктен түрады. Олардың бірі — ерекше белок болса, екіншісі — тимону-клеин қышқылы. Соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда, ядро бір немесе бірнеше шар тәрізді, соішқша заттар — дезоксирибону-клеин қышқылынан (ДНҚ) тұрады. Әдетте ол клетканың ортасынан орын алады. Кейде бұл зат бактериялар клеткасында дән түрінде орналасса, басқа бір жағдайда клетканың белгілі бір бөлі-мінде шоғырланады. Бактериялардың құрғақ салмағына шаққанда ДНК-нын, мөлшері 20—40%-ке дейін барады. Ядролык аппарат, соның ішінде дезоксирибонуклеин қышқылы клетканың түқым қуалаушылық қасиетін анықтаушы аппарат.
Нуклеин қышқылдарының химиялық күрылысы да біршама жақсы зерттелді. Суда ыдырағанда ол фосфор қышқыльша, пентозаға және қүрамында азоты бар органикалық қалдыққа ажырайды. Қейін нуклеотидтерден тимонуклеин қышқылы түзіледі.
Бактерия ядросындағы тимонуклеин қышқылының құрамында төрт нулеотид бар (аденин, гуанин, цитозин және тимин). Бұлар өз ара фосфор қышқылының молекулалары арқылы байланыскан. (~ Спора және оның түзілу процесі. Бактериялардың кейбір түрлері сыртқы ортанын, қолайсыз жағдайына аса төзімді келетін спора түзеді. Спора — бактерия клеткаларында орналасқан дөңгелек, кейде сопақша келетін жарқырауық түйір. Спора көбінесе таяқша тәрізді бактерияларда — бацилдерде пайда болады (4-сурет). Шар тәрізділерден мүндай құбылыс тек мочевинаны ыдыратушы ірі сарциналарда кездеседі. Спора негізінен тыныштыктағы клетка.
Сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына, әсіресе түрлі температура мен қүрғақшылыққа төзімді. Егер әдеттегі бактерия клеткалары + 50—60°-та қырылып қалатын болса, олар спора күйінде+ЮО0 ыстықты да көтереді және өте құрғақшылыққа төзе береді. Бактериялар спора күйінде қолайлы жағдай туғанша, ұзақ уақыт, кейде бірнеше жылдарға дейін, тіршілік кабілетін жойылмайды. Споралардың сонша-қалықты төзімділігін мына табылады. |Щлицадан байқауға болады.4-сурет.(2-таблица).
Бактериялардың жіктелуіСпора түзуді көбею деп қарауға болмайды, өйткені бүнда бір вегетативтік клеткадан небары бір ғана спора түзіледі. Мүны вегетативтік клеткалардын, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына бейімделуі деп қарауымыз керек. Сыртқы ортада бактериялар үшін қолайсыз жағдай туғанда вегетативтік клеткаларда спора өте тез түзіледі.
Спора түзілу кезінде клетка ішіндегі заттар қатаяды да клетканың орта шеніне немесе бір шетіне жиналады. Мүнда клеткадағы су мөлшері күрт кемиді. Сырткы қабығы катайып, ешнәрсе өткізбейтіндей күйге көшеді. Сондықтан да бактериялық бояуларды қолданғанда ол спораларға өтпейді. Клетка спора түзгенде оны екі қабат қоршап түрады. Сейтіп сыртқы ортаның қолайсыз жағдайы спораға ешбір әсер ете алмайды. Пішініңе қарағанда, спора сопақша немесе дәңгелек болуы мүмкін. Спора әдетте вегетативтік клеткалардан әлдеқайда кіші болады, кейде оньщ вегетативтік клеткадан асып кетуі де мүмкін. Егер спора клетканын, орта шама-сында түзілсе, онда клетка — үршық тәріздес (клостридиум); ол клетканың бір үшында пайда болса, барабан таяқшасы (плектри-диум) сияқты болып өзгереді. Қолайлы жағдай туғанда спора өзіне ылғал тартып, ісінеді де сырткы қабығы жұмсарып жарылады. Сөйтіп, спорадан вегетативтік клетка пайда болады. Спорадан вегетативтік клетканьщ шығуы да 2 сағаттан артыққа созылмайды.
Спора түзу қасиеті кептеген бациллаларға тән. Олардың кейбіреулері, мәселен, топалаң және ботулизм бацилласы өз денелерінен түрлі уды бәлуі арқылы адам мен жануарларды аса қауіщгі ауруға ұшыратады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *