Эндогендік геологиялық әрекеттерге ұқсас жағдайлар
Эндогендік геологиялық әрекеттерге ұқсас жағдайлар. Жер қыртысының белгілі бір аудандары техногендік әрекеттерге (мұнай өндіру, жер асты суларын пайдалану және т. б.) байланысты иіліп, майысады (локальдық майысу).
Оның амплитудасы бірнеше метрге (0,5—9,5 м) дейін жетеді. Жер бетінің төмен қарай майысу жылдамдығы жылына 3—8 см, ал кейде 20 см-ге дейін барады.
Тектоникалық жарықтар мен жарықшақтарға ұқсас өзгерістер ядролық қопарылыс кезінде байқалады. Мысалы, Амчитка аралында (АҚШ) болған ядролық қопарылыс (куаты 5 Мт) кезінде жарықтар мен жарықшақтар жүйесі пайда болады. Осындай жағдай Невада штатында болған ядролық қопарылыс кезінде де байқалады. Ядролық қопарылыс кезінде тектоникалық әрекеттерге ұқсас процестер қайталанады. Мысалы, Колорадо штатында болған ядролық қопарылыс кезінде, оның эпицентрінен 80 км-лік қашықтықта жер сілкінді (5,5 балл).
Сонымен техногендік жер сілкіну әрекеттері ірі су қоймаларын салу, мұнай мен газ кен орындарын игеру барысында және т. б. жағдайларда байқалады. Қазіргі кезде 40-тан астам ірі су қойма-ларының жер сілкіну әрекетін туғызғандығын айтуға болады. Қейбір жағдай-да катастрофалық жер сілкіну болып тұрады. Сол сияқты ядролық қопарылыс кезінде табиғи жағдайдағы магмалық және метаморфтық әрекеттерге ұқсас процестер байқалады.