Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз – экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге, автоматты түрде өздігінен шешілмейтін не болмаса алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты жұмыс жасауына, дамуына себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне жататындар:
1) экономикалық цикл; 2) секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымы; 3) капиталдың қорға айналу жағдайы; 4) жұмыспен қамту; 5) ақша айналымы;6)төлем балансы;7)баға; 8)ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс; 9) бәсекелестік жағдайы; 10) әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру; 11) мамандарды даярлау және қайта даярлау; 12) қоршаған орта; 13) сыртқы экономикалық байланыстар және т.б.
Экономикалық цикл – кез келген экономика циклды дамиды. Экономиканың дағдарысты, тоқырау, құлдырау және жоғарғы қарқынды даму кезеңдері болады. Мемлекеттік реттеудің мақсатына әр кезеңде мемлекет осы экономикалық құбылыстарға ықпал жасауы керек. Мысалы, дағдарысты, тоқырау кезеңін алайық. Бұл кезеңдердің сипаттамасы: 1) кәсіпорындар тұрақсыз жұмыс жасайды, әсіресе материалды өндіріс бағытындағы; 2) тұтынушылар сұранысы азаяды; 3) халықтың жұмыс жағдайы нашарлайды; 4) жұмыссыздық өседі және т.б. жағымсыз жағдайлар болады.
Бұндай кезеңдерде мемлекет экономиканы реттеу керек антициклдық саясат жүргізеді. Бұл іс – қызметтердің мемлекет тарапынан келесі болады:
1) мемлекет жеке секторға қосымша қаржылық жеңілдіктерді береді
2) мемлекет шығындарын және инвестицияларын өсіреді
Тауарлар мен қызметтерге, қаржыға, жұмыспен қамтуға дген сұранысты ұлғайтады, ынталандырады.
Жоғары қарқынды даму кезеңінде – экономиканың дамуы сипатталады:
1)импорттық өсуі; 2) төлем балансының нашарлауы; 3) жұмыс күшіне деген сұраныстың ұсыныстан артық болуы; 4) еңбекақы мен баға өсу ықтимал және т.б.
Мұндай кезеңдегі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті: тауарлардың артық өндірісін, капиталдардың қорға айналуын, құбылыстарды болдыртпау, болашақтағы өндірістің құлдырауына, жұмыспен қамтудың нашарлауына жол бермеу.
Секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымдарын мемлекеттік реттеу – халық шаруашылығын, салалық, аймақтық құрылымын құруға және дамуға бағытталған. Экономика көп салалы және салалардың әр түрлі дәрежесі болады. Сол себепті бір жағдайларда экономикалық дағдарысты, тоқырау шағындағы аймақтық бірліктерге (аудан, облыстарға, елді мекендерге), салаларға көмек беріледі. Екінші жағдайларда салаларына ғылыми – техникалық жетістіктерді (жаңа техника, технология, өндіріс түрлері) еңгізу ынтыландырылады, мемлекеттік қаржы көмегі негізінде және саясатты іске асыру бағыттарда болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *