Шнек пен қалықтама транспорттерді реттеу
Шнекті реттеу. Жатка корпусының түбі мен спиральдар ара сындағы, сондай-ақ жинаушы механизмнің саусақтары мен түптің арасындағы ең тар саңылаулар мынадай шамада болуға тиіс; алым ені 3,2, 4,1 және 5 м жаткалар үшін — 6—12 мм; алты метрлік жаткалар үшін 6—12; жеті метрлік жаткалар үшін — 6-12 мм. 12-параграфта құрылғылардың көмегімен бұл саңылаулар ды сопақша тесіктер 11 (22-сурет) есебінен 24 миллиметрге дейін үлкейтуге болады. Мысалы, бес метрлік жатканың шнегі үшін ен тар саңылаудың өзі 6—12 мм шамасында; ал ен, үлкені — 30— 36 мм болуға тиіс. Шнекті керекті бағытта ауыстыру операциясы болттарды 2 (22-сурет) екі жағынан босатып, гайканы бұрау ар қылы жүзеге асырылады.
Орам мен түбінің арасындағы саңылау плитаны 1 ауыстыру арқылы реттелетіндігі 12-параграфта көрсетілген болатын. Бұлай ауыстырудың саусақтарға да 8 қатысы бар. Саусақтар үшін тағы да өз алдына — рычагтың 7 көмегі арқылы реттеу бар. Оны ауыстыра отырып, саусақтарды қосымша түпке жақындатуға немесе одан алыстатуға болады.
Жұмысты орташа жағдайда істету үшін мынадай саңылаулар ыңғайлы: орам мен түптің арасы — 10—15 мм, саусақ пен түптің арасы— 15—20 мм. Егер астық қысқа сабақты болса, онда саңы-лауды шегіне дейін азайтады.
Жинауыш механизмнің жұмысы үшін саусақтың ен көп шығып тұру шегінің зонасын дұрыс орналастырудың маңызы зор. Өнім-ділігі орташа және сабанды астықтарды жинағанда саусақтар мен түтіктің аралығындағы саңылауды 15—20 миллиметрге қояды, бұл жағдайда саусақтар шнек құндағынан оның төменгі жұмыс істеу зонасынан біраз жоғарырақ шығып түрады. Алайда жоғарғы өні ді дақылды тікелей комбайнмен орғанда және үлкен дестеле жинағанда, саусақтардын. барынша жоғары зонада шығып тұрғаны өте тиімді, өйткені бұл жағдайда шнектің жинауыш 1 құрғысының алдына өсімдік мол жиналады. Саусақтар неғұрлы ұзын шығып тұратын болса, ол солғұрлым сабақты белсенді түрде жылжытып отырады.
Қомақты астық массасын жылжыту үшін рычагты 7 сағат тілі не қарсы бағытқа жылжыту керек. Осының әсерінен саусақтар жоғары зонада барынша шығып тұратын болады. Сонымен қатар саусақтар мен түптін, арасындағы саңылаулар үлкейеді. Бұл жағдайда мұның да маңызы зор. Сондықтан рычаг 7 арқылы жинауыш құрылғысының бірден өзара байланысты екі реттеуін жүзеге асысырады.
Шнектің сақтандырғыш муфтасының айналыс моментіне бері- лісін мынадай шекте реттейді: алым ені 5 м жаткаларда 25 кгс. м (200—250 Н. м), алым ені бұдан да үлкен жаткаларда 35—40 кгс. м (350—400 Н. м). Муфтаны майлаған кезде фрикция-лық дискіге майлау материалдарының түспегендігін тексеру керек.
Шнекті жаткадан мынадай тәртіппен ажыратады: жұлдызшасы бар сақтандырғыш муфтасын босатып алады; подшишшк 15 (23-сурет) корпусының қақпағын ашады және подшипниктің бекіткіш втулкасын босатады; шнектің астына сүйемел қойылады және сол жақтағы плита алынады; хвостовикті 13 суырып шығарады; втул-каны 5 (22-сурет) шығарады жатка корпустың сол жақтағы бүйі-ріндегі қайтарғыш алынады; шнекті айналдыра отырып, оны жатка корпусынан сол жақ шетін алға қаратып суырып шығарады.
Саусақтарды алмастыру үшін қақпақты 7 (23-сурет) алып, бе-кіткішті 20 босатады. Көздік арқылы саусақты шығарады.
Қалықтама транспортерді реттеу. Қалықтама транспортерді оның шынжырын тарту арқылы реттейді. Шынжырды бірқалыпты тартқанда қысу серіппелерінің ұзындығы 87—92 мм шамасында болады, ал оның қосымша сығылу запасы 15 миллиметрден кем болмауға тиіс. Шынжырды төмендегідей жолмен тартады.
Көлбеу корпусынық екі жағынан центрлеуіш втулканы 13 (24-сурет) мезгіл-мезгіл бірдей шамада бүрайды; мезгіл-мезгіл екі жақтан бірдей мөлшерде гайканы 10 бұрап кіргізеді, осыдан кейін серіппе 14, рычагтар, 8 аспа мен барабан 2 шынжырды кере отырып төмен түседі.
Гайкаларды 10 бұрап кіргізгенде втулка 13 гайкасы мен крон-штейндердің арасындағы саңылаудьщ сақталуын міндетті түрде бақылау керек; егер олардық арасында саңылау жоқ болса (втулка гайкасы кронштейндерге тіреледі) онда шынжыр керілмейді де, ал серіппе 11 қысылады.
Шынжырды тартқаннан кейін центрлеуіш втулканың басы (гайкалар) кронштейнге тірелгенше оны бүрау керек (серіппенің ұзындығй бұл жолы қысқармауға тиіс). Транспортердің төменгі тарамы планкаларының аралық қашықтықтары жетектелуші білік зонасында 5—10 мм болуға тиіс. Бұл қашықтықты болт гайкасы-ньщ астьша шайба салып реттеуге болады.
Транспортердің тартылуын тексеру үшін, шеткі шынжырды ор-тасынан жоғары қарай тартады. Көлбеу корпустың ойығында ең кем дегенде 10 мм жылжуға тиіс.