Шетелдегі тәжербиедегі орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері

Шетелдегі тәжербиедегі орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері. АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.

ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзғешеленеді.
ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі — жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыган қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.
ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады — Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес.
Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі — ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі — 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.
Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:
1) олар орталық банктер болып саналады;
2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;
3) «банктердің банкісі»
АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады.
Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы — Нью-Йорк қаласының Федералдық Резервтік Банкісі.
Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.
Федералдық резервтік банктер — «банктердің банкі», өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды.
ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.
Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.
Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948 ж.) болған. Банк капиталы — 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.
Кеңес — ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-перзидент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.
Директорат — жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.
Жер орталық банктері — Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне қарағанмен, Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.
Ағылшын банкі — дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.
Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек.
1971 жьілдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.
Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.
Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген — эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады.
Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі.
Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.
ТҮЙІН
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк — бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» ролін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.
2. Ұлттық банк — оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек қана Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
3. ҚР Ұлтгық банкінің басты міндеті ұлттық валюта -теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
4. ҚР Ұлтгық банктің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру, және республикада қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.
5. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды
Ұлттық банк — Қазақстан … 273
сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.
6. Эмиссия — мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептік пайызды өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. ҚР Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені азайта отырып, ҚР Ұлттық банкіден банктердің қарыз алуын ынталандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүейсіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша акша айналысын реттейді.
8. Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны ҚР Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасын өзгерту үшін қолданылатынын түсіндіреді.
9. Айналыстағы ақша массасын реттеудің біршама ыңғайлы әдісі — ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы ҚР Ұлттық банкі ақша эмиссиясын тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады, яғни қағаздарды сатып алады.
10. ҚР Ұлттық банкі «банктердің банқі» қызметін атқарады, яғни коммерциялық банктер резервтерін сақтайды, оларға қарыздар береді, қолма-қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
11. ҚР Ұлттық банкі бас банкир, қаржылай кеңесші және Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың агенті болып қызмет етеді.
12.ҚР Ұлттық банкі Қазақстанда және шетелде шетел валютасындағы кез келген операциялар — валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады.
ІЗ.Ұлттық банктің қызметінің біріне — екінші деңгейдегі банктер қызметіне бақылау және қадағалау жүргізу, сондай-ақ оны реттеу жатады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *