Халықаралық несиенің шарттары

Халықаралық несиенің шарттары. Халықаралық несиенің шарттары әр түрлі көрсеткіштердің күрделі кешенін білдіреді.

Халықаралық несиенің шарттарына мыналар ықпал етеді: несиелік ресурстарды пайдалану бағыттары; несиелік қатынастар субьектілерінің сипаты, яғни несие берушілер мен қарыз алушылар; несиелік нарықтардың интернационалдану дәрежесі және олардың ұлттық несиелік бақылауға ұшырағыштығы. Дегенмен негізгі көрсеткішке: “баға”, есеп айырысу мерзімі және валютасы жатады.
Несиенің “бағасына” несиеге сатылатын тауарлар баға-сында жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комис-сиондық және басқа да бір мезгілдік ақылар, сыйақылар кі-реді. “Бағаның” негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерле-месі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі зандылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашы-лық коньюнктураларының өзгерісін піұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттарда дамуына қорытынды жасауға мүмкіндік жасайды.
Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік несие-лік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы үнемі өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс пен айырбастан артыл-ған және несиелік жүйелермен жинақталған халықаралық қарыздық капиталдардың өсуі, халықаралық сауда және батыс елдерінің арасындағы телем есеп айырысу қатынасы-ның ұлғаюынан асып отыр.
Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында да болған, бірақ ол уақытта тұрақты сипатқа ие болмады.
Халықаралық несие нарығының жекелеген сфераларын-дағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары пайызға ықпал етеді. Несиенің мерзімі мен сипатына қарай, пайызға “өзгермелі” бағам режимі жағдайындағы валюта-лық ресурстардың өзгерісі де әсер етеді. Осының барлығы халықаралық несиенің әр түрлі формалары мен түрлеріне байланысты пайыз мөлшерлемесіңің күрделі және ауқымды жүйесін жасайды. Пайыз мөлшерлемесінің бірнеше процестермен анықталатын икемділігі күшейеді. Қарыз-дық пайыздың өзінше қозғалысы халықаралық несие нарықтарында анық байқалады. Қысқа мерзімді займдар бойынша пайыз мөлшерлемесі өзінің икемділігіне қарай ажыратылады. Олардың икемділігі ұзақ мерзімді және орта мерзімді мөлшерлемелерге қарағанда біршама есепті бейнеленген. Өрлеу барысында пайыз мөлшерлемелерінің жалпы артуы байқалса, ал қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мөлшерлемелер арасындағы алшақтық азаяды. Дағдарыс жағдайында қысқа мерзімді мөлшер-лемелер ұзақ мерзімдіден асып түседі, ол әрине, өтімді ресурстарға деген сұраныстың бірден өсуімен байланысты больш келеді.
Қысқа мерзімді пайыз мөлшерлемелерінің біршама икем-ділігі, қысқа мерзімді капиталдар ағымының қозғалысының ерекше сипатымен, әсіресе халықаралық нарықтардың агенттердің мінез құлқында алыпсатарлық және сақтандыру қажеттіліктерінің болуымен байланысты түсіндіріледі. Мұнда қысқа мерзімді несие ақша айналысын, төлем балансын және валюталық бағамдарды реттеуде белсен-ді түрде пайдаланылады.
Халықаралық несие нарығындағы пайыз мөлшерлеме-лерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлеме-лерінің қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру қызығу-шылық тудырады.
Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қоз-ғалысына ортақ заңдылықтар белгілеу өте қиын. Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несиенің бағасының қалып-тасуына дүниежүзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан, сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын фактор-лар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесі-нің маңызды аспектілері, атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, тәуекелден сақтану тәртібі мен шарттары және т.б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құры-лымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандайда бір тенденцияны айқындау мүмкін емес.
Коммерциялық несиелерге байланысты фирмалық несие бойынша пайыз мөлшерлемесінің біршама ауытқуы тән. Фирмалық несие бойынша пайыз мөлшерлемесінің жоғары шегі қымбат тұратын машиналар мен құрал-жабдықтардың экспортына байланысты 10%-дан көп аспайды, ал төменгісі нольге тең болуы мүмкін. Бірақ бұл несиенің тегін берілуін білдірмейді, себебі фирмалық несие бойынша номиналдық пайыз шамасы тауар бағасымен тығыз байланысты келеді.
Басқаша айтқанда, пайыз жартылай немесе толығымен контрактілік бағаға қосылады. Несиенің “бағасының” мұндай қайта бөлінуінің мәні, бір жағынан, экспортердің импортер үшін несиенің жағдайын тиімді жасай отырып қанағаттандыру арқылы мәмілені тартымды етсе, екінші жағынан салық салынуға тиісті табыс мөлшерін жасанды түрде төмендету жолымен пайданы ұлғайтуға ұмтылысын сипаттайды.
Соған сәйкес фирмалық несие бойынша пайыз деңгейі сол несие түрінің “құнын” құруға негіз болатын көрсеткіш болып табылмайды.
Тікелей мемлекеттік несиелер бойынша халықаралық несие саласындағы пайыздар төмен болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер мемлекеттік бюджет немесе арнайы қор-лардағы қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай несиелер бойынша пайыз мөлшері экономикалық емес, саяси фактор-ларға байланысты анықталады. Батыс елдер бюджет есебінен “арзан” несиелер беруді жеке инвестициялар мен тауарлар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және соның нәтижесіне сыртқы экономикалық экспансияға тиімді жағдай жасайды.
Еуровалюта нарығындағы қаржы несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерін қалыптастырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты элементі — «либор» мөлшер-лемесі, ол нарық коньюнктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағымдағы өтімділік жағдайын көрсетеді.
Коммерциялық несие нарығына қарағанда, халықаралық қаржы нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің қозғалысына сұраныс пен ұсыныс деңгейі көбірек әсер етеді. Қазіргі кезде орта және үзақ мерзімді займдарға деген сұраныстың өсуі байқалуда, сондықтан олар бойынша пайыз мөлшері біршама жоғары қарай өсуде. Мұнда, мемлекеттік институттар басты қарыз алушылар ретінде болады. Бұл әрине, әлемнің артта қалған елдерінің дамуына қажетті шығындардың өсуімен, сыртқы қарыз мәселелерінің өріс алуымен байланысты. Енді осы несиелердің ұсынысына келетін болсақ, онда бұл жерде оған деген, яғни халық-аралық нарықтағы қарыздық капиталдардың қайта жинақ-талуымен анықталған ұсыныстың өсуі үнемі байқалуда.
Халықаралық несиенің “бағадан” басқа көрсеткішіне оның мерзімі жатады. Мерзімдеріне байланысты несиелер қысқа мерзімді, орта мерзімді және үзақ мерзімді болып бөлінеді.
Шаруашылық субьектілерді айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді несие беріледі, сон-дықтан да ол біршама өтімді болып табылады. Батыс ел-дерінің сыртқы саудасында болатын акцепт, вексель, ашық шот бойынша сату формасында қысқа мерзімді несиелер пайдаланылады. Коммерциялық мақсатқа пайдаланылумен қатар, қысқа мерзімді несие капитал қызметінің қозғалы-сына қатысы жоқ халықаралық төлем айналымының әр түрлі кажеттіліктеріне қызмет етеді. Несиенің бұл бөлігі қысқа мерзімді несиелеу жүйесінде біршама сезімтал элементті білдіреді.
Қысқа мерзімдіге қарағанда ұзақ мерзімді несие инвести-циялар мен негізгі қорларға жүмсалады. Қазіргі кезде кең ауқымды инвестициялар халықаралық ұзақ мерзімді несие есебінен жабылады. Бұл жерде машиналар мен құрал-жаб-дықтар экспортын (олардың 80%-ы несие есебінен жүзеге асырылады), дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың жаңа формаларын (обьектілерді бірлесіп құру және бірлесіп ірі ауқымды жобаларды игеру), ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жаңа техникаларды енгізу барысын және т.б. несиелеудің маңызы зор. Халықаралық ұзақ мерзімді несиелеудің ролін арттыру ұзақ мерзімді несиелер көлемін ұлғайтудан, сондай-ақ орта мерзімді несиелердің барлық түрлерінің мерзімдерін ұзартудан көрінеді.
Дегенмен де халықаралық несиелердің негізгі бөлігін әдеттегідей қысқа мерзімді мәмілелер құрайды. Мысалы, 1 жылға дейінгі несие шартында нақты ақшамен төлеу, жалпы дүниежүзілік экспорттың 9/10 бөлігінде жүзеге асы-рылады. Еуронарықтарында да сондай қысқа мерзімді несиелердің үлесі басым. Несиенің әр түріне жасалған талдаудан олардың мерзімдерінің өзара байланысты факторларменен анықталатыны белгілі. Бұл бәрінен бұрын несиенің мақсатты тағайындалуы болып табылады. Айталық, шикізат сатып алу барысында 1 жылға дейінгі мерзімде қысқа мерзімдік несиеге сұраныс болса, ал күрделі құрал-жабдықтарды, машиналар мен кемелерді жабдық-тауда мемлекеттің кепілдігімен 5-8 жылға орта мерзімді несиелер, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға жұмса-лымды қаржыландыруда 10 жылдан жоғары мерзімге ұзақ мерзімді несиелер пайдаланылады. Мемлекеттің және оның органдарының несие беруге қатысуы, ол несиені ұзақ мерзімге алуға мүмкіндік береді.
Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несиенің мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты, қан-шалықты контракт ірі сомаға жасалса, солғұрлым несие ұзақ мерзімге берілуі мүмкін. Коммерциялық несиелердің мерзіміне сатып алушылардың және сатушының еліндегі экспорттық несиелеуді реттейтін ұлттық заңдылықтар, несиелеу тәжірибелері, осы облыста әрекет ететін халықаралық келісімдер ықпал етеді.
Бірқатар факторлар жиынтығына тәуелді болатын несие-нің мерзімі, оның берілу шартына ең алдымен пайыз мөл-шерлемесіне әсер етеді. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері арасында өзара тығыз байланыс болады.
Несиенің мерзімі, сондай-ақ несие беруші жақтан, оның пайдалануына жасалатын бақылау дәрежесін анықтайды. Орта мерзімді несиелер шарты ретінде банктер консор-циумы оларды пайдалану туралы белгілі бір ақпараттарды талап етуі мүмкін. Ұзақ мерзімді несиеде несие беруші қаражаттың жұмсалуы мен қарыздын; қайтарылуына толық бақылау жасайды.
Несие мерзімі, пайыз мөлшерлемесі сияқгы экспорттық және қаржылық несиелерді беру құралы болып табылады. Мысалы, кейбір банктер өздерінің операциялар ауқымын кеңейту мақсатында үзақ мерзімді несиелерді береді. Әсіресе бұл мемлекет өзіне тәуекелді алатын экспорттық несиелерге, сондай-ақ орта мерзімді еуровалюталық несиелерге де қатысты.
Несиені берудің маңызды шарты несиенің валютасы болып табылады. Несиенің валютасын анықтау ұлттық валюталардың бағамдарының тұрақсыздығына байланысты оларды қамтамасыз етуде өте маңызды. Халықаралық несие карыз алушы елдің ұлттық валютасында, несие беруші елдің валютасында немесе үшінші бір елдің валютасында беріледі. Есеп айырысу бірліктерінде несие беруде маңызды орын алады.
Тұрақты валюталардағы несиелер “баға” төмен болған-мен де несие берушілер қарызды сондай валютада баргенді қалайды, себебі бұл жерде олар қарыздың қайтарылуында ұтысқа шығады. Несиенің валютасын анықтауда біршама қалыптасқан есеп айырысу тәжірибелерінің де маңызы зор. Мысалы, мұнайды саудалағанда есеп айырысу валютасы ре-тінде АҚШ долларын пайдаланады. Сондықтан оның бағамы уақыт өте келе жоғарылай түскеніне қарамай, мұнайды импортқа алатын елдер осы валютаны қарызға алуға тырысады.
Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында несиенің валютасының маңызы арта түседі. Сондықтан валюта баға-мының динамикасы, қарыз алушылардың орта мерзімді не-сиені не ұзақ мерзімді несиені алу үшін нарықты тандауда шешуші роль ойнайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *